400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Көбейту кестесін бекіту. Жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару".

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдерге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Математика

Тарау: Ұжымдық шешім.

Сынып: 3

Мектеп: «№23 ЖОББМ»КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова М.Д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

 Көбейту кестесін бекіту. Жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару.

Оқу мақсаттары

3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану;

3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділікті пайдалану;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 6-9 сандарына көбейту және бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

Көпшілік оқушылар:Көбейту және бөлу кестесін қолдана алады;

Кейбір оқушылар: Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса», «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұғымдарын қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар көбейту мен бөлуге берілген тапсырмаларды орындайды, өрнектер құрады,логикалық тапсырмаларды орындайды.

Тірек сөздер

Математика-математика- maths

Сан-цифр- number

Көбейту кестесі-таблица умножения-multiplication table

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік, жанашырлық, қамқорлық жасай білу құндылықтарды тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

7;8;9 сандарының көбейті кестесін жатқа біледі, есепте қолдана алады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды түгелдеу.

  2. Жұмыс құралдарын дайындау.

  3. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі

сабақты мен, Айтжанова Махаббат өткізетін боламын.

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Сабаққа дайынсыңдар ма?

- Балалар, біз бүгін сайыс ұйымдастыратын боламыз.

- Парта бойынша 3 топқа бөлінеміз.

1-топ: Болашақ

2-топ: Жалын

3-топ: Сұңқар










Сабақтың ортасы


5 минут


























7 минут



























7 минут


























6 минут






























5 минут

-Үй тапсырмасын тексеру.

Психологиялық дайындық.

-Балалар, бұлттардың артында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы, бұлттарды ысырып, күн шуағын шашайықшы.


1-топ.

Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?

-Данияр үлкен, 3 жасқа

2-топ.

Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?

-82 жас

3-топ.

Арман мен Темірханда 15 марка бар. Арман Темірханға 3 марканы сыйға берді, сонда оларда неше марка қалды?

-15 марка


-Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі күнді осы күн сияқты жарқырап, көңілді өткізіңдер.

- Әр дұрыс жауапқа 1 смайлик беріліп отырады, қай топта смайликтің саны көп, сол топ жеңіске жетеді.


1-тапсырма Дәптермен жұмыс

« Кім жылдам» ойыны.

Шарты: Әр топқа карточкалар таратылып беріледі. Топтағы барлық оқушы бірлесе берілген есепті шығарып, дәптерлеріне жазулары қажет, мұғалім топтағы кез-келген оқушыны шақырып, есепті тексереді, егер барлығы дұрыс болса топқа смайлик беріледі.

  1. 72 және 8 сандарының бөліндісін 20-ға арттыр

  2. 6 және 8 сандарының көбейтіндісін 20-ға кеміт

  3. 25 және 5 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр

  4. 9 және 8 сандарының көбейтіндісін 20-ға арттыр

  5. 64 саны шығу үшін қай санды өзін-өзіне көбейтеді

  6. 45 және 5 сандарының бөлінідісін 6есе арттыр

Дескриптор:

-Көбейту мен бөлу кестесін құрады;

- 6-9сандарының көбейту кестесінен мысалдар шығарады;

ҚБ «Дәптерлерін алмастырып бір-бірін өзара бағалайды»

Дәптермен жұмыс

2-тапсырма

Шарты: Әр топқа таратпа карточкалар беремін, сол карточкадағы мәтінді есепті шығарады.

Біздің сынып оқушылары мектепте өтетін концертке қатысатын болды. Дайындық басталды. Олар мата сатып алды.

Концертке дайындық үшін алынған бұйымдардан есеп құрастырып, оны шығар.


Бір бұйымға кеткен мата шығыны:

Бұйымдар саны:

Жалпы шығын:

бірдей

9 дана

45 м

бірдей

? дана

25 м


Сұрақ: 25 м матадан қанша бұйым жасалады?

Шешуі:

1. 1 бұйымға кеткен мата шығыны:

45 м : 9=5 м

2. 25 м матадан жасалатын бұйым саны:

25 м : 5 м=5 м

Жауабы: 25 м матадан 5 бұйым жасалады.


3-тапсырма

Шарты: Әрбір топтан 1 оқушы шығып перфокартадағы берілген есепті тақтаға жазып шығарады. Қай топтың мүшесі бірінші әрі дұрыс орындайды, сол топқа смайлик беріледі.

Перфокартамен жұмыс жасайды. Оқулықтағы № 2 тапсырма.

1-топ

1ц 40кг+6ц30кг = 140+630=770кг

3кг*3=9кг

8ц-6ц40кг=800-640=160кг

2-топ

9кг*2=18кг

7ц-600кг= 100 кг

6л:2 = 3л

3-топ

3ц+55кг= 355кг

4ц*3= 12ц

350кг+650кг= 1000 кг

ҚБ «Жұлдызша»

Дескриптор:

-Берілген фигуралардың ауданын палетка арқылы анықтайды;

-Берілген фигураның ауданын дұрыс есептеп, жауабын анықтайды.

ҚБ «Көңілді пішіндер» әдісі


Ой сергек!

Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.



4-тапсырма

Математикалық диктант.

Шарты: Әрбір топтан оқушылар бұл тапсырманы тақтада орындайды. Мұғалім берілуін оқиды, қай топтың мүшесі берілген өрнекті есеп түрінде тез жазады, сол топқа смайлик беріледі. Әрбір оқушы тек 1 тапсырмадан орындайды.

1) 72 және 8 сандарының бөліндісін 20 санына арттыр. 72:8+20 =29

2) 6 және 8 сандарының көбейтіндісін 20-ға кеміт.6*8=20

3) 25 пен 5 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр. 25:5*6 =30

4) 9 бен 8 сандарының көбейтіндісін 20-ға арттыр. 9*8+20 =92

5) 64 саны шығу үшін қай санды өзіне өзін көбейтеді? 8*8 =64

6) 45-пен 5-тің бөліндісін 6 есе арттыр.

45:5*6 =54

Дескриптор:

-Берілген өрнекті түсініп тыңдайды;

-Берілген өрнекті есеп түрінде жазады;

-Жазған есептің мәнін дұрыс анықтайды;

ҚБ «Жұлдызша»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі