жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Көбейту кестесін бекіту. Жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару".
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Математика Тарау: Ұжымдық шешім. Сынып: 3 |
Мектеп: «№23 ЖОББМ»КММ Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова М.Д Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Көбейту кестесін бекіту. Жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару. |
|||||||||||||
Оқу мақсаттары |
3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану; 3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділікті пайдалану;
|
|||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: 6-9 сандарына көбейту және бөлу кестесін құру, білу және қолдану. Көпшілік оқушылар:Көбейту және бөлу кестесін қолдана алады; Кейбір оқушылар: Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса», «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұғымдарын қолдана алады. |
|||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар көбейту мен бөлуге берілген тапсырмаларды орындайды, өрнектер құрады,логикалық тапсырмаларды орындайды. |
|||||||||||||
Тірек сөздер |
Математика-математика- maths Сан-цифр- number Көбейту кестесі-таблица умножения-multiplication table |
|||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік, жанашырлық, қамқорлық жасай білу құндылықтарды тәрбиелеу. |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. |
|||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|||||||||||||
Алдыңғы білімді игеру |
7;8;9 сандарының көбейті кестесін жатқа біледі, есепте қолдана алады. |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабақты мен, Айтжанова Махаббат өткізетін боламын. - Көңіл-күйлерің қалай? - Сабаққа дайынсыңдар ма? - Балалар, біз бүгін сайыс ұйымдастыратын боламыз. - Парта бойынша 3 топқа бөлінеміз. 1-топ: Болашақ 2-топ: Жалын 3-топ: Сұңқар |
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
7 минут
7 минут
6 минут
5 минут |
-Үй тапсырмасын тексеру. Психологиялық дайындық. -Балалар, бұлттардың артында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы, бұлттарды ысырып, күн шуағын шашайықшы.
1-топ. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен? -Данияр үлкен, 3 жасқа 2-топ. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді? -82 жас 3-топ. Арман мен Темірханда 15 марка бар. Арман Темірханға 3 марканы сыйға берді, сонда оларда неше марка қалды? -15 марка
-Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі күнді осы күн сияқты жарқырап, көңілді өткізіңдер. - Әр дұрыс жауапқа 1 смайлик беріліп отырады, қай топта смайликтің саны көп, сол топ жеңіске жетеді.
1-тапсырма Дәптермен жұмыс « Кім жылдам» ойыны. Шарты: Әр топқа карточкалар таратылып беріледі. Топтағы барлық оқушы бірлесе берілген есепті шығарып, дәптерлеріне жазулары қажет, мұғалім топтағы кез-келген оқушыны шақырып, есепті тексереді, егер барлығы дұрыс болса топқа смайлик беріледі.
Дескриптор: -Көбейту мен бөлу кестесін құрады; - 6-9сандарының көбейту кестесінен мысалдар шығарады; ҚБ «Дәптерлерін алмастырып бір-бірін өзара бағалайды» Дәптермен жұмыс 2-тапсырма Шарты: Әр топқа таратпа карточкалар беремін, сол карточкадағы мәтінді есепті шығарады. Біздің сынып оқушылары мектепте өтетін концертке қатысатын болды. Дайындық басталды. Олар мата сатып алды. Концертке дайындық үшін алынған бұйымдардан есеп құрастырып, оны шығар.
Сұрақ: 25 м матадан қанша бұйым жасалады? Шешуі: 1. 1 бұйымға кеткен мата шығыны: 45 м : 9=5 м 2. 25 м матадан жасалатын бұйым саны: 25 м : 5 м=5 м Жауабы: 25 м матадан 5 бұйым жасалады.
3-тапсырма Шарты: Әрбір топтан 1 оқушы шығып перфокартадағы берілген есепті тақтаға жазып шығарады. Қай топтың мүшесі бірінші әрі дұрыс орындайды, сол топқа смайлик беріледі. Перфокартамен жұмыс жасайды. Оқулықтағы № 2 тапсырма. 1-топ 1ц 40кг+6ц30кг = 140+630=770кг 3кг*3=9кг 8ц-6ц40кг=800-640=160кг 2-топ 9кг*2=18кг 7ц-600кг= 100 кг 6л:2 = 3л 3-топ 3ц+55кг= 355кг 4ц*3= 12ц 350кг+650кг= 1000 кг ҚБ «Жұлдызша» Дескриптор: -Берілген фигуралардың ауданын палетка арқылы анықтайды; -Берілген фигураның ауданын дұрыс есептеп, жауабын анықтайды. ҚБ «Көңілді пішіндер» әдісі
Ой сергек! Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.
4-тапсырма Математикалық диктант. Шарты: Әрбір топтан оқушылар бұл тапсырманы тақтада орындайды. Мұғалім берілуін оқиды, қай топтың мүшесі берілген өрнекті есеп түрінде тез жазады, сол топқа смайлик беріледі. Әрбір оқушы тек 1 тапсырмадан орындайды. 1) 72 және 8 сандарының бөліндісін 20 санына арттыр. 72:8+20 =29 2) 6 және 8 сандарының көбейтіндісін 20-ға кеміт.6*8=20 3) 25 пен 5 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр. 25:5*6 =30 4) 9 бен 8 сандарының көбейтіндісін 20-ға арттыр. 9*8+20 =92 5) 64 саны шығу үшін қай санды өзіне өзін көбейтеді? 8*8 =64 6) 45-пен 5-тің бөліндісін 6 есе арттыр. 45:5*6 =54 Дескриптор: -Берілген өрнекті түсініп тыңдайды; -Берілген өрнекті есеп түрінде жазады; -Жазған есептің мәнін дұрыс анықтайды; ҚБ «Жұлдызша» әдісі - Керемет, балалар, жарайсыңдар! - Қане, әр топқа берілген смайликтерді санап көрейікші? - Кімде көбірек, сол топ 1 орын алады. Қалған топтар-2 және 3 орын. Мадақтамалар беріледі.
|
Т
Математика оқулығы 96 бет
Таратпа карточкалар
https://www.youtube.com/watch?v=qM2j9lq_pEw
|
||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
“Пайымдау сұрақтары” әдісі Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды? Не қызық болды? Жаңадан не білдіңдер? Не үйрендіңдер? т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін. Кері байланыс. «Байланыс сэндвичі» 1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы Үй жұмыс: 96 бет 5 |
|
||||||||||||
Саралау Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. |
Бағалау «Жұлдызша» әдісі «Көңілді пішіндер» әдісі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау |
||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?
|
|
|||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||||||||
Машықкердің сабақ жоспарын талдауы
Математика пәні бойынша «Көбейту кестесін бекіту. Жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару. » тақырыбында 3 «б» сыныбына сабақ жоспарын жасадым. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:
3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану
3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділікті пайдалану.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі:
-Амандасу;
Сыныпты қатар бойынша 3 топқа бөлдім. Себебі бұл бекіту сабағы болғандықтан сайыс түрінде өткізуді жөн көрдім. Әрі қызықты, әрі оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында.
Сабақтың басында психолгиялық дайындық, яғни әр топтан 1 оқушыдан шығып тақтада ілініп тұрған бұлттардың біреуін таңдап, артындағы сұраққа жауап береді, дұрыс жауап берген топқа смайлик беріледі. Осы кезде егер әр топ тапсырмаларды дұрыс орындаса смайлик беріліп отыратынын және де сабақ соңында қай топта смайлик саны көп болса сол топтың жеңіске жететінін айтып өтемін. Жеңген топты тосын сый күтіп тұр.
1-тапсырма «Кім жылдам» ойыны
Әр топқа карточкалар таратылып беріледі. Топтағы барлық оқушы бірлесе берілген есепті шығарып, дәптерлеріне жазулары қажет, мұғалім топтағы кез-келген оқушыны шақырып, есепті тексереді, егер барлығы дұрыс болса топқа смайлик беріледі.
2- тапсырма
Әр топқа таратпа карточкалар беремін, сол карточкадағы мәтінді есепті шығарады.
Бұл тапсырманы беруімнің себебі, мен сабақ басында тақырыпқа оқу мақсатын
3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділікті пайдалану; қойдым, осы оқу мақсатына жету үшін мен осы тапсырманы оқушыларға бердім.
3-тапсырма
Әрбір топтан 1 оқушы шығып перфокартадағы берілген есепті тақтаға жазып шығарады. Қай топтың мүшесі бірінші әрі дұрыс орындайды, сол топқа смайлик беріледі.
4-тапсырма
Математикалық диктант.
Әрбір топтан оқушылар бұл тапсырманы тақтада орындайды. Мұғалім берілуін оқиды, қай топтың мүшесі берілген өрнекті есеп түрінде тез жазады, сол топқа смайлик беріледі. Әрбір оқушы тек 1 тапсырмадан орындайды. Бұл тапсырманы да сабақ тақырыбына қойған оқу мақсаты 3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану; негіздеп алдым. Егер мен оқу мақсаттарын сабақ тақырыбына қойып, бірақ оқушыларға мүлде бұған қатысты тапсырмалар бермесем демек, бүгін өзім өткізіп отырған пәннің қорытындысы болмайды, өйткені менің тапсырмаларым оқу мақсаттарына мүлде қатысы жоқ. Ал мен жасаған сабақ жоспарында оқу мақсаттары тақырыпқа сай әрі тапсырмалар оқу мақсаттарына және жас ерекшелігіне сай екенін аңғаруға болады. Жалпы өзімнің сабақ жоспарымды жүйелі жасалған деп ойлаймын.
Сабақ соңы:
-Смайликтерді санап, қорытынды шығарып, жеңген топты марапаттау;
“Пайымдау сұрақтары” әдісі
Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды? Не қызық болды? Жаңадан не білдіңдер? Не үйрендіңдер? т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.
Кері байланыс. «Байланыс сэндвичі»
Үй жұмысын беру.
аратпа
карточкалар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген