400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көбейтудің терімділік қасиеті 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикадан "Көбейтудің терімділік қасиеті" тақырыбы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік қасиеті

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларды көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру.Осы қасиеттерді есеп шығаруда қолдануды үйрету. Білімге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, ин-теллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту. Логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауы, бағалауды үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануды жүзеге асыру.

Күтілетін нәтиже: Көбейтудің терімділік қасиетін меңгереді.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, өзіндік жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, оқулық бойынша суреттер мен сызбалар, слайд, А4 парағында дайындалған тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Сәрсенбінің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең "бестік" болсын!

Топқа бөлу. Оқушылар көңіл күй бейнеленген смайликтер алып бөлінеді. Артында 1,2,3,4,5,6,7 цифрлары жазылған.

-Балалар, 1,3,5,7 цифрлары бар смайлик алғандарыңыз бірінші топ, 2,4,6 цифрлары бар смайлик алған оқушылар екінші топ болып отырасыздар.

-Бірінші топ сіздерді қалай атауға болады? Екінші топ сіздерді ше?

Осы жерде оқушылар өздері "жұп","тақ" сандар екенін айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

54-беттегі №5. Фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрі мен ауданын табу.

АD, ВС = 6см

AB,CD = 3см

Р - ? см

S - ? см

Р = (6+3)·2=18(см)

S= 6·3=18(см²)

KL,LM = 3см

MN,NK=3см

Р - ? см

S - ? см

Р= (3+3)·2=12

S=3·3=9(см²)

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту

Математикалық диктант

- Өткен сабақтарды қайталау үшін мен сізерге сұрақтар қоямын. Дұрыс жауап болса "иә", қате жауап болса "жоқ" деп айтасыздар.

(әр дұрыс жауапқа тақтада жасырылған сабақтың тақырыбының бір бөлігі ашылады)

1.70 пен 1 сандарының көбейтіндісі 70-ке тең +

2. 30 бен 10 сандарының бөліндісі 1-ге тең -

3. 50 мен 0- дің көбейтіндісі 0-ге тең болады.+

4. 100 бен 100-дің бөліндісі 0 болады. -

5. 21 мен 1-дің бөліндісі 22 болады. -

6. 320 мен 8 сандарының бөліндісі 40 болады. +

7.6 санын 100 есе арттырса 500 болады. -

8.Азайғыш 470 - ке, ал азайтқыш 70-ке тең болғанда, Айырманың мәні 400 болады. +

9.Тіктөртбұрыштың ені 4см, ұзындығы 6см. Ауданы 24см² +

10. 490- да 4 жүздік 9 ондық 1 бірлік бар. -

Т Е Р І М Д І Л І К

- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Көбейтудің терімділік қасиеті

ІV. Жаңа білімді игерту

Электронды оқулық арқылы түсіндіру

Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастырғанда, көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл - көбейтудің терімділік қасиеті.

Оқулықпен жұмыс

№ 2 тапсырма. Суреттер қарастырылып, есептеу тәсілі түсіндіріледі және қорытынды жасалады.

Әрқайсысы 6 кг-нан - 4 жәшік қызыл қызанақ

Әрқайсысы 6 кг-нан - 4 жәшік қызғылт сары қызанақ

Барлығы - ? кг қызанақ

(6 • 4) • 2 = 24 • 2 = 48 6 • (4 • 2) = 6 • 8 = 48

(a•b) •c=a•(b•c)


№ 3 тапсырма. Орындап жаттығу, жоғарыдағы үлгі бойынша есептеледі.

(5 • 3) • 2 = 15 • 2 = 30 5 • (3 • 2) = 5 • 6 =30

4 • (3 • 20) = 4 • 60 = 240 (4 • 3) • 20 = 12 • 20 =240

(7 • 2) • 5 = 14 • 5 =70 7 •( 2 • 5) = 7 • 10 = 70

6 • (3 • 5) = 6 • 15=90 (6 • 3) • 5 = 18 • 5= 90

20 • (5 • 8) = 20 • 40 = 800 (20 • 5) • 8 = 100 • 8 = 800

(50 • 4) • 2 = 200 • 2 =400 50 •( 4 • 2) = 50 • 8 =400


V.Жаңа білімді бекіту

№ 4 тапсырма. Жаңа сабақта алған білім қолданылып, әртүрлі тәсілмен шешу арқылы есептелінеді.

а)

3 сөренің әрқайсысында - 8 қораптан

Әр қорапта - 6 құтыдан

Барлығы - ? құты

Шешуі: 1) (3 • 8) • 6 = 24 • 6 = 144;

2) 3 • (8 • 6) = 3 • 48 = 144.

Жауабы: Барлығы 144 құты бар.

ә)

Барлығы - 3 подъезд

Әр подъезде - 10 пәтерден

Әр пәтерде - 4 терезеден

Барлығы - ? терезе

Шешуі: 1) (3 • 10) • 4 = 30 • 4 = 120;

2) 3 • (10 • 4) = 3 • 40 = 120.

Жауабы: Үйде барлығы 120 терезе бар.

№ 1 тапсырма. Берілген сандардан тура теңдіктер құрастыр.

(Екі топқа А4 парағында дайындап таратамын. Бірінші топ көбейтуге, екіншісі бөлуге орындайды)

DrawObject1 DrawObject2 DrawObject3







1DrawObject4 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 ) • = 3) : =

2DrawObject11 DrawObject12 DrawObject10 DrawObject15 DrawObject14 DrawObject13 ) • = 4) : =


1) 7 • 20 = 140 3)140 : 7 = 20

80 • 2 = 160 160 : 80 = 2

2)2 • 60 = 120 4)120 : 2 = 60

3 • 32 = 96 96 : 3 = 32

Сергіту сәті

"Төрт суретке бір сөз айт" ойыны.

(Екі топқа А4 парағында дайындалған екі - екіден сурет таратамын. Оқушылар ойланып бір сөзбен жауабын айтады.)

Жауабы: Амалдар, цифр, фигуралар, формула.

Логикалық ойлауға арналған тапсырма

№ 6 тапсырма.

Жаңғақ бес жерге үйілді. Бірінші үймеде - 12, екіншіде - 21, үшіншіде - 9, төртіншіде - 30, бесіншіде - 18. Ағайынды үш адамға үймедегі жаңғақты бір - біріне алып - салмай қалай тең бөліп беруге болады?

Жауабы:

І-адамға - 12 мен 18 жаңғақты;

ІІ-адамға - 21 мен 9 жаңғақты;

ІІІ-адамға - 30 жаңғақты тең бөліп беруге болады.

VІ. Сабақты қорытындылау

Ереже еске түсіріледі

Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.

a • (b • c) = (a • b) • c

"АВСD" әдісі

Электронды оқулықтан тест тапсырмалары орындалады.

VІІ. Үйге тапсырма

59 - беттегі № 5 тапсырманы өз беттерінше орындап келу.

VІІІ. Бағалап, мадақтау.

Оқушылар білімдері мен ойларының ұшқырлықтарын көрсетулеріне сәйкес бағаланып, смайликтермен мадақталады.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
8797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі