400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көбелек мүсіндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көбелек туралы түсінік бере отырып, жаңғақты мүсіндеуге үйрету. Көбелек мүсіндеу арқылы қолдың , саусақтың бұлшықеттерін жетілдіру, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру сала: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Көбелек

Мақсатты:

Білімділік: Балаларға көбелек туралы түсінік бере отырып, жаңғақты мүсіндеуге үйрету.

Дамытушылық: Көбелек мүсіндеу арқылы қолдың , саусақтың бұлшықеттерін жетілдіру, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды әсемдікке,ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: көбелек

Көрнекіліктер: Көбелектің суреті, мүсіндеуге қажетті ермексаз,тақтайша,сүлгі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,түрткі болу.

Балаларға қонаққа Маржан қуыршақ келетінін хабарлайды.


Балалар қарсы алуға дайындалады.

Ұйымдастыру жұмыстары, жүргізу

Маржан қуыршақ сендерді жәндіктің бір түрі-көбелекпен таныстыруға келіпті және сендерден көбелекті мүсіндеп беруді сұрайды.

Жылулық шеңбер:

Бір-біріне тілек тілеуді ұсынады.

Көбелек –әсем түсті екі қанаты бар ұшатын жәндік.

Көбелектің түрлері өте көп.

Көбелектің әр күндері ашық,жылы шуақты.Өйткені олар гүлдердің жанында жасыл алқаптарда ұшып жүреді.

Енді ермексаздан көбелекті мүсіндеп көрейік

Әдіс-тәсілі:

Түрлі –түсті ермексазды жұмсатып,домалақтау,жасалу тәсілін көрсету.

Сергіту сәті:

Көбелек –ау көбелек

Әдемісің керемет

Гүлге барып қона ғой

Өзің де гүл бола ғой.


Балалар Маржан қуыршақты қарсы алып , оның әкелген суретіне назар аударады.

Балалар жылулық шеңберге тұрып , бір-біріне тілек тілейді.

Балалар Маржан қуыршақтың әңгімесін тыңдайды.







Балалар мүсіндеу әрекеттімен танысып, ермексазбен жұмыс жасайды.




Қимыл –қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.




Рефлексия түзету жұмыстары ( коррекция)


Тәрбиешінің көбелектің түр-түсі, қанаты болмаса ұша алмайтыны жөнінде сұрақтар қояды.

Д/О: «Көбелекті тап»

Мақсаты:Ойлау қабілеттерін дамыту,қызығушылығын арттырып,ажырата білуге үйрету.

Маржан қуыршақпен қоштасады

Балалардың жасаған жұмыстарына риза болып, мақтау-мадақтау жұмыстарын жүргізеді.


Балалар сұрақтарға жауап береді.



Балалар ойынды қызыға ойнайды,ойын ережесін естеріне сақтайды. Балалар жұмыстарына тәрбиешіге ұсынады.


Маржан қуыршақпен қоштасады, жұмыстарын көрмеге қояды. Балалар мақтауға риза болды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көбелектің жәндіктің екенін,оны ермексазбен мүсіндей біледі.

Түсінігі бар: Балалар көбелектің әсем түсті екі қанаты бар ұшатын жәндік екніні туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Балалар бірнеше суреттердің ішінен көбелекті таба алады.

Ермексазды жұмсартып,илеу жұмыстарын орындай алады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 маусым
1436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі