400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көбелектер

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Жапсыру,Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Көбелектер»

Мақсаты: Көбелектің басты белгілері, өмір сүру ортасы, сыртқы құрылыс ерекшеліктері туралы түсінік беру. Көбелекті қиып жапсыруға қалыптастыру. Балаларды көбелектермен, олардың қасиеттерімен таныстыру, білімдерін кеңейту; талқыланып жатқан тақырып бойынша өз ойларын дұрыс қалыптастырып, білдіру дағдысын бекіту. Жәндіктерге сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту және жауапкершілікке, тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, жапсыру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: Көбелек, мұрт, қөбелектің қанаты.

Құрал - жабдықтар: Үлестірмелі материалдар, слайд, желім, қайшы, көбелектің суреттері.



Іс – әрекет

кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті


Мотивациялық - қызығушылық


«Шаттық шеңбер» балаларды шеңбер жасауға шақырады:

- Амандасу

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.

- Жақсы, енді балалар менің қолымда «Сиқырлы гүл» бар, осы гүлді бір-бірімізге ұсына отырып,осы гүл сияқты әдемі тілектерімізді айтайықшы.

-«Егер менде сиқырлы гүл болса...» балалар жалғастырады.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып қонақтармен амандасады.





Балалар өз арман-тілектерін айтады.

Ұйымдастырушы

-ізденістік

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін тауып көріңдерші.

-Гүл үстінде әдемі,

Төрт жапырақ биледі,

Жұлып алайын деп едім,

Ұстатпай ұшып кетті.


Слайдтан түрлі көбелектердің суретін көрсетеді.

Педагог:

-Көбелектің қысқа ғұмыры жұмыртқадан басталып жұлдызқұртқа одан қуыршаққа соңында көбелек атты төрт кезеңнен тұратын жәндік.

-Көбелектер жазық далада гүлден-гүлге қонып өсімдіктердің жапырақтарына жұмыртқалайды. Жұмыртқалары әртүрлі формада болады.

-Жұмыртқалары жұлдызқұртқа айналады, олар жұп аяқтарымен жүреді.

-Жіпке оранып, қуыршақ пайда болады. Ол көбелектің үйі.

-Біраз уақыттан соң көбелек шығып, қанаттарын кептіріп ұшады.

-Көбелектер гүлдің шырынымен қоректенеді. Сан алуан бояулармен боялған көбелектердің бірнеше түрі бар.Көбелек жазда, көктемде гүлден гүлге қонып ұшып жүреді. Көбелектерге зиян шектірмеу керек. Көбелектің құрылысымен таныстыру.

-Көбелек сөзін буынға бөлейікші:

-Неше буын бар?

-Неше дауысты дыбыс бар?



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып- жұмамыз,

Одан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз

Жаттығу жасап осылай,

Үлкен боп ертең шығамыз.


Ғажайып сәт:

(Осы кезде музыка ырғағымен әдемі көбелек ұшып келеді, қолында гүлі бар)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен көбелекпін мен жаз айында ұшып жүремін. Мен әдемілікті, әдемі гүлдерді жақсы көремін.

Педагог:

-Көбелек, көбелек біздің балалар сіз туралы көп біледі.

-Қане, балалар еске түсіріп жіберейікші. (балалар тақпақтарын айтады)

Көбелек:

-Жарайсыңдар балалар, енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр, маған көмектесіп жіберіңдерші. (Балаларға есеп беріледі)

-Балалар енді көбелектің бейнесін жапсыруға кірісейік. Көбелекті қию, оны жапсыру жолдарын көрсетеді.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

-Балалар сендерге көп рахмет! Сендер өте ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер, мен енді өз әлеміме қайтайын. Сау болыңдар балалар!








-Көбелек


Балалар көбелектің сан алуан түріне қызығушылық танытып қызыға тыңдайды.























-КӨ-БЕ-ЛЕК

-Үш

- Ө және Е дыбыстары.



Балалар өлең жолдарына сай қимыл-қозғалыстар жасайды.











-Сәлеметсіз бе, көбелек!






Балалар көбелек туралы білетін тақпақтарын айтады.


Балалар көбелектің берген тапсырмасын орындап береді.

Көбелектің бейнесін педагогтың айтуы бойынша жапсыруға кіріседі.






-Cау болыңыз!

Рефлексиялық-

түзетушілік

Қорытынды: Сұрақ-жауап

-Көбелектің құрылысы?

-Көбелек қай мезгілде тіршілік етеді?

-Көбелек неден пайда болады?

-Көбелек немен қоректенеді?

-Балалар көбелектер қандай болады?

-Көбелектерге зиян келтіруге бола ма?


Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді. Жасаған жұмыстарына қызығушылықпен қарайды Балалар қонақтармен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:

• Көбелектер немен қоректенетінін;

• Көбелектер қалай түрленеді.

Игеруі қажет:

• Көбелектер туралы қажетті білім алуды.

Істей алады:

• ереже бойынша тапсырма орындауды;

• дұрыс қойылған сұрақтар арқылы көбелектердің түрленуін анықтауды;









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1017
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі