15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көбею. Өсу мен даму.7 сынып
|
Пән : Биология Мектеп: «Елтай орта мектебі»КММ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею. Өсу мен даму. Күні: Мұғалімнің аты - жөні : Досмаганбетова Дархан Бакытовна. Сынып: 7 – сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны : |
|
|
Сабақ тақырыбы : |
Жануарлардағы онтогенез. |
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.3.4 – Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтерін салыстыру. |
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: жануарлардағы онтогенез кезеңдерін ажыратады, тура және түрленіп дамуын сипаттап, салыстырады. Көптеген оқушылар: тура және түрленіп даму кезеңіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сипаттап ажыратады. Кейбір оқушылар: түрленіп дамудың биологиялық маңызын түсіндіре алады. |
|
Бағалау критерийлері: |
|
|
Тілдік мақсаттар: |
Ағзаларды топтарға бөлу кезінде өз болжамын түсіндіреді. Ағзалардың даму ерекшеліктерін анықтай алады және ауызша сипаттайды Пәнге тән лексика мен терминология: Онтогенез, метаморфоз , тура, түрленіп даму, шала түрленіп даму, толық түрленіп даму, имаго, қуыршақ, дернәсіл Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Жануарларда онтогенез дам........................................жолымен өтеді. Толық түрленіп дамудың айырмашылығы....................... Шала түрленіп дамудың айырмашылығы....................... Шала түрленіп даму .........................сатыларынан тұрады |
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың бойында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылығын сіңіру. Зайырлық қоғам және руханият. Оқушылар топпен жұмыс кезінде бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жеке жұмыс кезінде академиялық шыншылдықты сақтайды. |
|
Пәнаралық байланыстар |
Генетика-тұқымқуалау белгілері, математика - ұрпақтар саны. |
|
Бастапқы білім |
Оқушылар: 7.2.3.1- ағзалардың өсу және даму үдерістерін сипаттау; 7.2.3.2- өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерістерін зерттеу; 7.2.3.3 – өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдерін ажыратуды біледі |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут (Уәждеу) Мақсаты: оқушылардың бастапқы білімдерін еске түсіру,ішкі уәждерін қалыптастыру. |
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, сыныпта психологиялық ахуал туғызу(көршісіне мақтау айтады). Сыныптың сабаққа деген зейінін шоғырландыру үшін өткен сабақпен байланыстыра отырып «Қатені тап» әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру. А) Онтогенез – ағзаның туған сәтінен бастап, тіршілігін жойғанға дейінгі жеке дамуы. Ә) Онтогенез үш кезеңге бөлінеді. Б) Эмбриогенез үш сатыдан тұрады. В) Бластула- бір қабатты ұрық. Г) Постэмбриогенез – бұл туғаннан кейінгі даму. Дескриптор.
Бағалау: «Шәкіл» әдісі арқылы оқушылар өзін – өзі бағалайды. Интерактивті тақтадан жауаптары шығады. |
Интерактивті тақта |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20 минут Мақсаты: оқушылар жануарладың даму типтерін және ерекшеліктерін сипаттай алады. |
Мұғалім оқушыларды топқа бөлу мақсатында мозайка әдісін пайдаланады. Көбелек, шегіртке, тауық шығады. Күтілетін нәтижеге жету мақсатында топтарға әртүрлі тақырыпшалар беріліп, бағалау өлшемдері ұсынылады, түсінік деңгейі бағаланады. Тапсырма -1. 1-топ- Жануарлардағы онтогенездің даму типтері 2-топ- Жәндіктердің даму ерекшеліктері 3-топ- Толық түрленіп дамудың биологиялық мәні тақырыптарына әр топ постер құрастырады. Осы тапсырманы орындау үшін бағалау өлшемдері беріледі. - Бағалау өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, тапсырманы талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі) - 5 минут уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір – біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі, әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Дескриптор:
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бір – бірін бағалайды. Тапсырма – 2. Әр топ өз жұмыстарын қорғап болған соң түсінік дәрежесін бағалау үшін үш түрлі ағзаның дамуына орындарында кесте толтырады. Кесте
Дескриптор.
Бағалау: оқушылар бірін – бірі бағалайды .
Төмендегі суретті қолданып, бунақденелі қай тәсілмен дамитынын сипаттаныз.
СТО стратегияларын қолдану. Биологиялық диктант алу
Дескриптор
Бағалау: бағалау кілті бойынша оқушылар бірін - бірі бағалайды. |
Ағзалардың даму циклі көрсетілген модельдері немесе жиынтығы, суреттері
Оқулықпен жұмыс
Кесте
Презентация PowerPoint көбелектің, инеліктің дамуы көрсетілген суреті
Суреттер
Қалыптастырушы бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Мақсаты: Оқушылар түрленіп дамудың биологиялық маңыздылығын түсіндіреді. |
Тапсырма-5: «Толық түрленіп дамудың биологиялық маңызы» тақырыбында шағын эссе жазу. Критерийлер:
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Бас бармақ – басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?Кімді риза еттім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? |
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылар жануарлардың даму типтерін атайды. Оқушылардың көбі тура және түрленіп даму типтерін сипаттайды. Кейбір оқушылар толық түрленіп дамудың маңызын айтады. |
Ынталандыру, марапаттау. Топтық және жұптық жұмыс барысында бағалау. Бірін – бірі бағалау. Өзін – өзі бағалау.
|
Биология кабинетінде жұмыс ережелерін сақтау. Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау. |
|||||||||||||||||||||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген