400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көбею. Өсу мен даму.7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлардағы онтогенез кезеңдерін ажыратады, тура және түрленіп дамуын сипаттап, салыстыруға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән : Биология Мектеп: «Елтай орта мектебі»КММ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею. Өсу мен даму.


Күні: Мұғалімнің аты - жөні : Досмаганбетова Дархан Бакытовна.

Сынып: 7 – сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны :

Сабақ тақырыбы :

Жануарлардағы онтогенез.

Осы сабақта қол жеткізетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.4 – Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтерін салыстыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: жануарлардағы онтогенез кезеңдерін ажыратады, тура және түрленіп дамуын сипаттап, салыстырады.

Көптеген оқушылар: тура және түрленіп даму кезеңіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сипаттап ажыратады.

Кейбір оқушылар: түрленіп дамудың биологиялық маңызын түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері:



  • Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтерін сипаттайды.

  • Тура және түрленіп дамуды салыстырады.

Тілдік мақсаттар:




Ағзаларды топтарға бөлу кезінде өз болжамын түсіндіреді.

Ағзалардың даму ерекшеліктерін анықтай алады және ауызша сипаттайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Онтогенез, метаморфоз , тура, түрленіп даму, шала түрленіп даму, толық түрленіп даму, имаго, қуыршақ, дернәсіл

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Жануарларда онтогенез дам........................................жолымен өтеді.

Толық түрленіп дамудың айырмашылығы.......................

Шала түрленіп дамудың айырмашылығы.......................

Шала түрленіп даму .........................сатыларынан тұрады

Құндылықтарды дарыту





Оқушылардың бойында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылығын сіңіру. Зайырлық қоғам және руханият. Оқушылар топпен жұмыс кезінде бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жеке жұмыс кезінде академиялық шыншылдықты сақтайды.

Пәнаралық байланыстар

Генетика-тұқымқуалау белгілері, математика - ұрпақтар саны.

Бастапқы білім



Оқушылар: 7.2.3.1- ағзалардың өсу және даму үдерістерін сипаттау;

7.2.3.2- өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерістерін зерттеу;

7.2.3.3 – өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдерін ажыратуды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс – әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

(Уәждеу)

Мақсаты: оқушылардың бастапқы білімдерін еске түсіру,ішкі уәждерін қалыптастыру.

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, сыныпта психологиялық ахуал туғызу(көршісіне мақтау айтады).

Сыныптың сабаққа деген зейінін шоғырландыру үшін өткен сабақпен байланыстыра отырып «Қатені тап» әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

А) Онтогенез – ағзаның туған сәтінен бастап, тіршілігін жойғанға дейінгі жеке дамуы.

Ә) Онтогенез үш кезеңге бөлінеді.

Б) Эмбриогенез үш сатыдан тұрады.

В) Бластула- бір қабатты ұрық.

Г) Постэмбриогенез – бұл туғаннан кейінгі даму.

Дескриптор.

  • Онтогенездің анықтамасын біледі.

  • Онтогенез кезеңдерін біледі.

  • Эмбриогенез сатыларын айта алады.

  • Постэмбриогенезге анықтама бере алады.

Бағалау: «Шәкіл» әдісі арқылы оқушылар өзін – өзі бағалайды.

Интерактивті тақтадан жауаптары шығады.








Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

20 минут

Мақсаты: оқушылар жануарладың даму типтерін және ерекшеліктерін сипаттай алады.

Мұғалім оқушыларды топқа бөлу мақсатында мозайка әдісін пайдаланады. Көбелек, шегіртке, тауық шығады. Күтілетін нәтижеге жету мақсатында топтарға әртүрлі тақырыпшалар беріліп, бағалау өлшемдері ұсынылады, түсінік деңгейі бағаланады.

Тапсырма -1.

1-топ- Жануарлардағы онтогенездің даму типтері

2-топ- Жәндіктердің даму ерекшеліктері

3-топ- Толық түрленіп дамудың биологиялық мәні тақырыптарына әр топ постер құрастырады.

Осы тапсырманы орындау үшін бағалау өлшемдері беріледі.

- Бағалау өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, тапсырманы талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі)

- 5 минут уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір – біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Дескриптор:

  • Жануарлардағы онтогенездің даму типтерін біледі.

  • Жәндіктердің даму ерекшеліктерін ажырата алады.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бір – бірін бағалайды.

Тапсырма – 2. Әр топ өз жұмыстарын қорғап болған соң түсінік дәрежесін бағалау үшін үш түрлі ағзаның дамуына орындарында кесте толтырады.


Кесте


Көбелек

Шегіртке

Тауық

Даму циклі




Даму цикліне

тән белгілер




Ұқсастықтары



Айырмашылықтары





Дескриптор.

  • Берілген жануарлардың даму циклін біледі

  • Оларға тән белгілерін атай алады.

  • Даму циклдарын салыстыра алады.

Бағалау: оқушылар бірін – бірі бағалайды .


Тапсырма-3


Төмендегі суретті қолданып, бунақденелі қай тәсілмен дамитынын сипаттаныз.




СТО стратегияларын қолдану. Биологиялық диктант алу

Тапсырма-4

Тақырып мәтінінен керек сөздерді тауып сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Дене пішінін айтпағанда, ересек көбелекте ________жүретін аяқтары, ал дернәсілдерінде______аяқтары болады.

2. Қолайлы орын тапқан _____ _________ айна-лады.

3. Кейбірлерінің дернәсілі ____ ересек ________ ұқсас келеді.

4. Көбелектің дернәсілін___________деп атайды____________кезінде қозғалыссыз қалады___________өсімдіктердің жапырақтарымен қоректенеді.

5. Шегірткенің дамуы _________ сатыдан тұрады.

6. Дамуы 4 сатыдан тұратын бунақденелілер _____________ деп аталады.

7. Қуыршақтың сырты ___________________________қапталған.

Дескриптор


  • бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуы туралы білімдерін қолданып, сөйлемдерді дұрыс аяқтай алады.

  • жануарлардағы тура және тура емес онтогенез типтерін сипаттай алады.


Бағалау: бағалау кілті бойынша оқушылар бірін - бірі бағалайды.

Ағзалардың даму циклі көрсетілген модельдері немесе жиынтығы, суреттері






Оқулықпен жұмыс













Кесте
















Презентация PowerPoint

көбелектің,

инеліктің дамуы көрсетілген суреті





















Суреттер




Қалыптастырушы

бағалау

Сабақтың соңы

Мақсаты:

Оқушылар түрленіп дамудың биологиялық маңыздылығын түсіндіреді.

Тапсырма-5:

«Толық түрленіп дамудың биологиялық маңызы» тақырыбында шағын эссе жазу.

Критерийлер:

  • 10 сөйлем көлемінде

  • Тақырып мазмұнын толық ашу.





Сабақ бойынша рефлексия

Рефлексия «Бес саусақ»

Бас бармақ – басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?Кімді риза еттім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы.

Оқушылар жануарлардың даму типтерін атайды.

Оқушылардың көбі тура және түрленіп даму типтерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар толық түрленіп дамудың маңызын айтады.

Ынталандыру, марапаттау. Топтық және жұптық жұмыс барысында бағалау. Бірін – бірі бағалау. Өзін – өзі бағалау.


Биология кабинетінде жұмыс ережелерін сақтау.

Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі