400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көгалда серуендеген балапандар

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаның тәрбиешілеріне арналған технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Көксу ауданы

«Кәусар» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Юнусова Назгуль Смагуловна


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Оқу қызметі : Аппликация.

Тақырыбы :Көгалда серуендеген балапандар.

Мақсаты : Үй құстары туралы білім беру.Балапан туралы түсініктерін қалыптастыру.Ұқыптылыққа және бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік :Үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері.

Сөздік жұмыс:балапан,

Әдіс-тәсіл: түсіндіру,сұрақ жауап,әңгімелесу,мадақтау,ғажайып сәт.

Билингвальді компонент:балапан-цыпленок-chick,сары-желтый-yellow,көгал-лужайка-lawn.


Оқу қызмет

кезеңдері

Педагогтың қызметі.

Балалардың

қызметі

Мотиватциялық қызығушылық

Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Күніміз сәтті өтсін.

Шаттық шеңбері

Кел,балалар күлейік.

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады.

Күліп өмір сүрейік.

Ал,балалар бір-бірімізге қарайық,күлейік.

Амандасады.


Шаттық шеңберіне тұрып;өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде неше ай болады?

-Қазір қай ай?

-Ауа райы қандай екен?

Ғажайып сәт.

-Балалар,бүгін бізге қонақ келе жатыр екен.Қане дауысына қарап қандай қонақ екенін табайық./ тауықтың дауысы естіледі/

Тауық кіреді.

-Балалар қонаққа келген тауық өте мазасызданып тұған сияқты,не болғанын тауықтан сұрап көрейік.

Балалардың назарын тауыққа аудару.

Тауық тәрбиешіге қыт-қыт деп сыбырлайды.

-Балалар тауық менің құлағыма неге мазасызданып тұрғанын айтты. Бізге келе жатып балапандарынан адасып қалыпты,тауықтың балапандарын табуға көмектесейік.Ол үшін біз саяхатқа шығамыз. Саяхатқа ауылымыздың жанынан жүретін пойызға отырып барамыз.

-Балалар ,біздің ауылымыз қалай аталады?

Иә,біздің ауылымыз Айнабұлақ деп аталады. Бұл жер тарихи жер.Осы жердеТүркістан -Сібір темір жолы түйіскендіктен алтын қазық қағылған.

/пойыз дыбысын қосу/

-Ал, балалар пойызымыз да келіп қалған сияқты қане, саяхатқа шығайық,дайынбыз ба?.Біз саяхат барысында бірнеше аялдамаға тоқтаймыз және тапсырмаларын орындаймыз

1 аялдама.Үй құстары.

/бейнеролик көрсету/.

-Балалар сонымен үй құстарына нелер жатады екен?

Балаларға үй құстарын көрсете отырып,аялдамаға қыстыру.

Ал,енді балалар пойызымызға отырып,саяхатымызды жалғастырайық.

/пойыз дыбысын қосу/

2-аялдама /Көңілді әуен/

Сергіту жаттығуы.

Енді ары қарай балапанымызды іздестіруді жалғастырайық.

3-аялдама /Көгал/


-Келе жатып көгалда серуендеп жүрген балапандарды кездестіреді.

/тауық қуанып балапандарына барады/

-Балалар,қараңдаршы нелермен кездестік.

-Балапандар қайда жүр?

-Тауық тәрбиешілерге қыт-қыт деп дыбыстайды.

-Жарайсыңдар,балалар,сендер өте мейірімді екенсіңдер,анасына балапандарын табуға көмектестіңдер.Сендерге тауық рахмет айтып жатыр.

Билингвальды компонент

цыпленок-chick,сары-желтый-yellow,көгал-лужайка-lawn.

Енді пойызымызға отырып саяатымызды жалғастырайық.

/пойыз дыбысын қосу/

4-аялдама./шығармашылық жұмыс/

Жеке жұмыс.

Бүгін біз үй құстарымен таныстық енді осы көгалдағы балапандарды жапсырайық.

Балапанның түсі қандай,олар қалай дыбыстайды.Балапанды жапсыру үшін алдымен желімді жағып, қағазға жапсырамыз.Желім үстел үстіне және киімдерге тиіп кетпеу керек.Желімді ауызға салуға болмайды.Сосын жасыл түсті қағаздан қиылған көгалды жапсырамыз.Міне балалар қараңдаршы «көгалда серуендеген балапанды» жапсырдық.

5-аялдама /мадақтау/

Көрме ұйымдастыру.

Балалардың жұмысын қарап мадақтау.


Жыл мезгілін айтады.

Айдың атын,ауа-райын айтады.




Тауық екенін дауысынан таниды.


Балалар тауықпен амандасады.





Қызығушылық танытады.






-Айнабұлақ.

Зейін қойып тыңдайды.




Дайын екендерін айтады.









Тауық,қаз,үйрек,әтеш








Сергіту жаттығу орындау.







-Көгалда.








Қайталайды








Балапанды ақ қағазға жапсырады.











Балалар сыйлықтарын алады.

Рефлекциялық

күзетушілік

-Балалар, бүгін бізге қандай қонақ келді?

-Біз тауыққа не үшін көмектестік.

-Балапанның түсі қандай?



Тауық.

Балапанын табуға

Сары



Күтілетін нәтиже.

Нені біледі:үй құстары туралы,олардың немен қоректенетінін,адамдарға деген пайдасын,үй құстарының түрлерін,олардың дыбысталуын.

Игереді:балапанның жұмыртқадан шығатынын.

Меңгереді:балапанның дене мүшелері туралы түсініктерді және оны дұрыс жапсыруды


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
935
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі