Материалдар / Когам алдында турган экономикалык маселелер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Когам алдында турган экономикалык маселелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Казакстаннын алемдик экономикага ыкпалдасуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2021
455
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы. Қоғамның алдында тұрған негізгі экономикалық мәселелер»


Жоспары:

  1. Экономикалық интеграцияның мәні.

  2. Қазақстан және аймақты интеграциялық топтар.

  3. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.

  4. Адамзаттың ғаламдық мәселелеріне сипаттама

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздері. – Астана.: «Фолиант», 2008 ж. 221 бет. 25-33б.

  2. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Жалпы экономикалық теория. – Ақтөбе.: «А-Полиграфия», 2004 ж.453 бет. 38-44б.

  3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П., Экономикалық теория. – Алматы.: 1999 ж. 280 бет. 17-28б.

  4. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ.Ш., Сұлтанов Ө.С., Экономикалық теория негіздері. – Алматы.: 1999 ж. 567 бет. 25-40б.

  5. Хамитова К. Экономика және кәсіпкерлік негіздері. – Астана.: Фолиант, 2016ж. 200 бет. 51-65б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. -Экономикалық теория: Оқулық. –Алматы, 2014 – 360 б. http://rmebrk.kz/bilim/Экономикалык теория.pdf

  2. Маженова Н.А. Экономикалық теория: Алматы: Оқу құралы, 2015. 184 б. https://edu.semgu.kz/ebook/umm/ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ.pdf

  3. Қазақстанның дүниежүзілік ұйымдармен, шетелдермен экономикалық қарым-қатынасы. https://www.youtube.com/watch?v=tyNSR0qJx1I

  4. Әлемдік аренадағы Қазақстанның орны.https://www.youtube.com/watch?v=rDsBJefbXMk

  5. Қазақстанның дүниежүзілік ұйымдармен, шетелдермен экономикалық қарым-қатынасы. https://www.youtube.com/watch?v=tyNSR0qJx1I

  6. Әлемдік аренадағы Қазақстанның орны.https://www.youtube.com/watch?v=rDsBJefbXMk


1.Экономикалық интеграцияың мәні.

Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық жүйе құрауын халықаралық экономикалық интеграция процесі дейміз. Экономикалық интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен капиталын интернационалдандыруды жеделдетуге жағдай жасайды.

Шартты түрде экономикалық интеграцияға жетелейтін процесті мынадай тізбек арқылы көрсетуге болады: өндіргіш күштердің дамуы – халықаралық еңбек бөлінісі, өндіріс пен капиталды интернационалдандыру – экономикалық интеграция.

Экономикалық интеграцияға елеулі түрде екі фактор әсер етеді: оларға ғылыми-техникалық революция және трансұлттық корпорациялардың қызметі жатады.

Дүниежүзілік шаруашылықтағы интеграциялық процестер дамуының жинақталған тәжірибесі экономикалық интеграцияның тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасу мерзімінің төрт кезеңнен өтетінін дәлелдейді:

  1. Тарифтерді, т.б. шектеулерді жоя отырып, еркін сауда аймақтарын құру.

  2. Саудада және еңбек пен капитал қозғалысында бірыңғай тарифтерді орнықтырып, кедендік одақ құру.

  3. Қатысушы елдердің экономикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті экономикалы одақ құру.

  4. Бірыңғай экономикалық саясат жүргізіп, ортақ валюта жасау және ұлттық экономикалардың үстінен қарап, реттейтін ұйым құру арқылы толық интеграцияға қол жеткізу.

Аймақтық интеграция екі деңгейде жүреді. Олар өздерінің шаруашылық қызметтерінің барысында интеграциялық процестерге қатысатын жекелеген компаниялар деңгейі және бір топ елдердің еңбек пен капиталды үйлестіруге мақсатты түрде бағытталған қызметі барысында пайда болатын интеграцияның мемлекеттік деңгейі.


2.Қазақстан және аймақты интеграциялық топтар.

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізі микроэкономикалық тұрақтылық – инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық – экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.

Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтармен қарым-қатынасын сөз етуде ең бірінші кезекте ТМД елдерімен күш-жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш-қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдерімен «интеграция» саясатынан «үйлестіру» саясатына көшуді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі әлеуметтік мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.

Біріншіден, бұл іс жүзінде кез келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанда, тіпті дүниежүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық жері мен егістіктің көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік әлеуеттің және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрыңғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.

Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады:

  1. ТМД. Ресеймен, Украинамен, Белоруссиямен, Орталық Азия мемлекеттерімен және ТМД-ның басқа мемлекеттерімен экономикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі:

А. кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;

В. дүниежүзілік нарықтағы бағаны түсірмеу үшін шикізат экспорты саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі;

С. Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету;

Д. ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу.

2.Азия – Тынық мұхит аймағы. Пекин – Сеул – Токио арқылы Оңтүстік шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмысшы күшін қатыстыру нарығы ретінде үлкен мәні бар.

3. Азия. Ықтимал өткізу нарығы және нарықтық экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Түркияға басты назар аудару. Экономикаға инвестиция тарту үшін Шығыс және алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.

4. Еуропа. ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл сақталады.

5. Америка. Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.

6. Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен ұлттар ұйымы, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.


3. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.

Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.

Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.

Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.

Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы.

Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай қағидалары қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – “микродеңгейдегі интеграция” деген айдар тағылды.

Шаруашылық субьектісінің әр түрлі осы аталған негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны” жүзеге асырады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы - өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды.

Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.

Қазақстанның жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:

1. Теңге тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмендеген болса, 1996 жылы 4,5% ғана төмендеді.

2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты ұлттық банктің қайта құру ставкасы егер 1995 жылдың ортасында жылдық 75% болса, сол жылдың аяғында 52,5% ал 1996 жылда 30% болды.

3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономика-лық ахуал барынша түрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 100,1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі 100,2% болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.

4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5% болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.

Солардың ішінде:

  • Облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;

  • Барлық лицензиялар мен үлестерді аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктік әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелестік түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттың салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі – күннің талабы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейілінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын, республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестіндіре білу қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған техникалық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі – ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Экономиканың шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері. Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі.

1997 жылдың басында Мәскеуде интеграциялық комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәслесі жөнінде жұмыс басындағы кеңес болып өтті. Егер экономикалық құбыластарды зерттейтін ғылымдардың жиынтығын алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері тәрізді болып көрінер еді.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан алады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні, осы қатынастарды жүзеге асыру тетіктерін талдап оқытады.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекеленген елдердің салалық аймақтық шаруашылығының субьектілері.

Халықаралық экономикалық қатынастың қалыптасып орнығуы, оны өз заңдары, қызмет нысандары, ішкі тетіктері бар дербес құбылысқа айналдырады.

Халықаралық экономикалық деңгейде оны жекелеген елдер мен аймақтардың халықаралық экономикалық белсенділігі мен шетелге шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Макроэкономикалық деңгейде мұны фирмалар мен кәсіпорындардың күші нарықтың шеңберінен шығып, әлемдік нарықтың кеңістіктеріне ұмтылыстары байқалады. Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады.

Қазақстанда кәсіпкерлік басым мөлшерде халықаралық экономикалық қатынас негізінде дамуда. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын, оның қатарында шет ел кәсіпорындарымен біріккен түрлері. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдылық құқықтары бар дара шаруашылық суьектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып, өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.

Дүниежүзілік тәжірибе негізінде кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға әрдайым заңды мәртебе беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады. Сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.

Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:

  • мемлекеттік кәсіпорын;

  • толық жауапкершілікті серіктестік (толық серіктестік), аралас жауапкершілікті (араласа серіктестік), шектеулі жауапкершілікті (шектеулі серіктестік);

  • акционерлік қоғам;

  • ашық және жабық типтері.

Орын алып келген мынадай түсініктер: шағын кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды мәртебесін бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде оның ішінде, біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны ерекше. Неге десеңіз, ұлтаралық өзара тығыз қарым – қатынастар, әсіресе экономика саласында кең қанат жаюда. Соңғы қырық жылда дүниежүзі мемлекеттерінің халықаралық саудасы олардың жиынтық өнімімен салыстырғанда 7,5 есе өскен, ал 2000 – жыл басында дүниежүзінде өндірілген өнімнің 30 пайызы халықаралық саудаға түсетін болады.


4.Адамзаттың ғаламдық мәселелеріне сипаттама

Ғаламдық мәселелер – әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Ғаламдық мәселелер - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Ғаламдық мәселелердің ерекшелігі сол - оның барлығы адам  тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.

Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық мәселелер бар:

  • Ресурстар мәселесі;

  • Азық-түлік немесе ашаршылық мәселесі;

  • Энеретикалық мәселе;

  • Дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау;

  • Демографиялық мәселе;

  • Климаттың өзгеруі;

  • Экологиялық мәселелер;

  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

  • Қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі, оларды жою;

  • Дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру;

  • Ұлттық мәдениеттің жойылуы;

  • Қылмыспен және терроризммен күрес;

  • Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық мәселелерді ерекше білім саласы – глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық мәселелер өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық мәселені міндетті түрде шешу қажет, әйтпесе оның дамуы апатқа – өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық мәселелерді шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді.

Адамзаттың дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады.

Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстремизм, т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.

Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақ та, қандай қуатты болмасын, жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси факторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат – жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.

Әлемдік саясат- көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілі мемлекеттер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде.

Әлемдік саясат мақсаты – мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Басым державалардың және трансұлттық компаниялардың ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерін ортақ арнаға бұру. Әлемдік саясаттың түпкілікті, көкейтесті міндеті – адамзаттың өмір сүруіне жағдай жасау арқылы оның тіршілігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде әлемдік басым державалардың саяси міндеттерін шешпейінше ешбір мемлекетте келешек болмайтындығын түсінуде.

Ғаламдық проблемалар жалпы адамзаттың сан қырлы мәселелерін қамтиды, атап айтқанда, әлемдік саясат пен экономика, мемлекетаралық және ұлтаралық қатынастар, адамдардың тұрмыс-тіршілігінің шарттары т.б.

XXI ғасырдың басындағы адамзат алдында тұрған ғаламдық проблемаларды 3 топқа бөлуге болады.Бірінші топқа интерәлеуметтік проблемалар жатады. Адамзат әлеуметтік тұрғыдан біріңғай емес, дегенмен, дүниежүзі халықтары өз мүдделерін қауіп-қатерге тікпей –ақ қарама-қайшылықтарды шешудің жаңа жолдарын таңдап отыр.

70-жылдардың соңына дейін әр қилы әлеуметтік –экономикалық жүйедегі елдер арасындағы қайшылықтарды реттеуде идеялогиялық күрес мотивінің басым болуы интерәлеуметтік проблемаларды шешудің баршаға ортақ жолдарына бөгет болды. Бұл топтағы өз шешімін күтіп отырған проблемалар: соғыс және бейбітшілік мәселелері, жаппай қарулануды біртіндеп шектеу, экономикалық бейбітшілік мәселелері, жаппай қарулануды біртіндеп шектеу, экономикалық және ғылыми –техникалық артта қалушылықты жою. Шын мәніндегі жасампаздық бағыттағы игі шаралар әлемдік шиеленісті бәсеңдетіп, халықаралық экономикалық байланыстарды өзара сенімділік, сыйластық принциптері негізінде ғана шешуді қолдайды.Сенімділікті нығайту, екі жақты және көп жақты қатынастарды дамыту- әлемдік проблемаларды шешудің бірде-бір жолы.

Екінші топқа жеке адамның өзі мен оның ішкі дүниесі, мәдени-этникалық жүйе, дүниетаным проблемалары жатады. Бұлар жеке адам және қоғамның өзара қатынасы саласында қалыптасатын проблемалар. Ғаламдық әлеуметтік мәселелер халықаралық қатынастар жүйесіне, экономикалық, экологиялық, энергетикалық, минерал-шикізат, дүниежүзіндегі азық-түлік проблемаларына едәуір т

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!