400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көгедайда ескерткіш тақта ашылды» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі, Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі (Жұбан.М)
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Көгедайда ескерткіш тақта ашылды» мақала







Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі,

Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі

(Жұбан.М)



8 мамыр күні Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай Көгедай ауылында ауыл ақсақалдар алқасының мүшесі Қойшыбаев Марат ақсақал мен Көгедай мектебінің директоры Базаров Еркін ағаның бастамасымен бастау алған мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары қостап, Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің құрметіне ескерткіш тақта ашылды. Аталған ескерткіш тақта мектеп ғимаратының жанында орнатылды. Бұл ескерткіш тақтаға 120 соғыс ардагерінің, 272 тыл ардагерлерінің есімі мен тегі мрамор тасқа қашалып жазылды. Шараға аудан әкімі Алмас Оңдақанов, ауыл әкімі Ә. Орынбаев, сонымен қатар өмірден өткен соғыс, тыл ардагерлерінің жұбайлары, олардың ұрпақтары, ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Ескерткіш тақтаның салтанатты түрде ашылу құрметі Қойшыбаев Марат ақсақал мен майдангердің қызы Таирбергенова Венераға берілді. Мектеп оқушылары майдангерлердің ұрпақтарымен бірге және ауылдың ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етіп, қаза болған соғыс ардагерлерін еске алып, бір сәт үнсіздік жариялады.

Салтанатты шарада аудан әкімі Алмас Оңдақанов, Сарытерек округ әкімі Ә.Орынбаев, ауылдық ақсақалдар мүшесі М.Қойшыбаев сөз алып, құттықтауларын айтты. Ұлы Отан соғысының майдангері Қасейінов Рақымжанның қызы Рақымжанова Бақти осы тақтаның ұйымдастырушыларының бірі Марат ақсақалдың иығына шапан жапса, соғыс ардагерлері Таирбергенов Ибрагим, Бошақов Тахир, Камалов Баяхмет, Жырымбаевтар әулетінің, тыл ардагерлері Жикенов Бағдолданың, Сиябаевтар ұрпақтары әке-шешелерінің өмір жолдарынан сыр шертіп келешек ұрпаққа өнегелі іс атқарып отырған мектеп ұжымына, ауылдастарына алғыстарын білдіріп, шашу жоралғыларын табыстады. Сонымен қатар салтанатты рәсімде аудандық мәслихат депутаты, Көгедай мектебінің директоры Базаров Еркін жиналғандарды Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, әкесі соғыс, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Сләмғали атаның осыдан 40 жыл бұрын мектеп оқушыларымен, ұстаздар қауымымен ауыл ортасына Жеңістің 30 жылдығына «Жеңіс паркін» жасатып әр түрлі сәндік ағаштар еккізіп, парктің ортасына үлкен алаңқай қалдырып, оған келекшекте соғыс, тыл ардагерлеріне арнап ескерткіш орнатуды жоспарлағанын, әкесінің архивінен 70 жылдары аудан мұрағатынан, «Достық» газетінің қиындыларынан, ауыл тұрғындарының айтқан естеліктерінен жазған соғысқа аттанып оралмаған 90 Когедайлық ардагерлер тізімін сарғайған дәптер бетінен алынғанын, әке арманы ұрпақтарының, шәкірттерінің, ауылдастарының арқасында бүгінгі күні орындалып отырғанын тілге тиек ете отырып халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының қан майдан мен тылдағы өшпес ерлігі, ерен еңбегі ешқашан да ұмытылмайтынын, уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті, бағасы артып, тағылым-тәрбиесі мейілінше тереңдеп, даралана түсетінін жеткізді және осы тақтаның ашылуына ат салысқан мектеп ұжымына, ауыл жастарына, «Мәңгілік алау» жұлдызын жасаған М.Мұздыбаевқа, «Жеңіс» орденін жасаған Сержан Забиқолдаға, тасқа жазу жазған Ж.Сүлейменовке рахметін айтып, алғысын білдірді.

Салтанатты шараның ажарын ән-күймен, мың бұралған бимен өрнектеп, жиналған көпшілікке көтерінкі көңіл-күй сыйлаған мектеп оқушыларының өнері де көпшілік көңілінен шыға білді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мектеп ауласына «Ардагерлер» аллеясына майдангерлер ұрпақтары қарағай өскіндерін отырғызды. Одан әрі Көгедай ауылындағы қатымханада ардагерлерді еске алып, аруақтар рухына құран бағыштап, ас берілді.


«Көгедай» орта мектебінің тәлімгері

Табысбаева Гаухар Ермеккызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі