15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көгілдір от" жаңа жылдық ертеңгілік
Жаңа жылдық мерекелік көгілдір от
Мақсаты: Оқушыларды әдемілікке, ұжымдыққа, әртістік қабілеттерін дамытуға, танымдық көзқарасын, ой-өрісін кеңейту. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға үйрету
(көңілді музыка ойнап тұрады)
БИ: Барлығы
(оқушылар тұрып тұрады)
1 жүргізуші:
Көгілдір оттың күшімен
Ұлы Алланың ісімен
Жаңа жылды қарсы алайық
Отырған үлкен-кішімен.
2 жүргізуші:
Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.
1жүргізуші: Хош келдіңіздер! Құрметті Ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Бүгінгі жаңа жыл мерекесі құтты болсын, жаңа жыл жаңа бақыт, жанұяларыңызға бақ- береке әкелсін!
2 жүргізуші: Бүгінгі сіздерге арналған «Көгілдір от» атты ойын-сауық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Мұғалім: Жаңа жыл–ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Неге десеңіздер? Өйткені, бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды. Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды. Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз. Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.
Құрметті ата-аналар, қонақтар, біз де Жаңа жылдық сапарға аттанамыз.
Жаңа жыл – бөбектердің де, ересектердің де сүйікті мерекесі. Сағат он екіні соғысымен от шашуларға қарап тұрып, ескі жылдың келмеске кеткенін түсінеміз. Ертегіге сенбесек те, жүрегіміздің түкпірінде Жаңа жылдан бір сиқырды күтіп, бақыт тілейтініміз бар-ды. Сол себептен де, мерекеге тыңғылықты дайындаламыз. Үлкен құлшыныспен сыйлық таңдаймыз, ең сүйікті тағамдарды әзірлеп, жақындарымызды қуантуға асығамыз.
Ал сіз дәл осы уақытта әлемнің екінші бір бұрышындағы адамдардың мерекені қалай тойлап жатқандығын ойладыңыз ба? Олар әртүрлі өзінше тойлап, әртүрлі уақыттарда мерекелейді.
Мәселен, Парсы Жаңа Жылы 22 наурызға тура келеді. Наурыз аталатын мерекенің 2500 жылдық тарихы мен өзіндік қайталанбас дәстүрлері бар.
Жапонияда Жаңа жыл 1 қаңтарда атап өтіледі. Желтоқсан есік қағысымен қала көшелері жаңа жылдық ойыншықтарға, шыршаларға, Аяз Аталарға толады.
Дегенмен, бәріне ортақ бір нәрсе бар, ол – қуаныш, отбасымен бірге көңіл-көтеруі, түзу ниет, жақсылыққа деген сенім.
Мұғалім: Жалпы, Аяз атаны әр елдің әр түрлі айтатынын білеміз. Мәселен, Ресей мен Белоруссия халқы Дед Мороз деп атаса, енді біреулері ежелгi атауына орай Дед Трескун, Карачун деп атайды екен.
Ал Америка мен Австралия елдері мейірімді қарияны Санта Клаус десе, көрші өзбектер Корбобо деп атайды. Және оның қасында Коргыз деп аталатын кішкене көмекші қыз еріп жүреді. Сонымен, Аяз ата жұртшылықты қуанышқа бөлейді.
Орыстарда I Петрге дейін жаңа жыл мерекесі 1 қыркүйек күні тойланып келген. Тек І Петр келген соң, 1 қаңтарға ауыстыруға үкім шығарған. Яғни 1700 жылдан бастап орыстар жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін енгізіп, Ресейде жаңаша жыл санау басталған.
Ескі жыл:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане, барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)
Аяз ата амандасады:
1 бала:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.
2 бала:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Доңыз жылы:
Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі
Ал, ескі жыл саған көп рахмет! Сен бізге құтты жыл болдың...
Ақшақар:
Жаңа
жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса
достық бірлік туыстық.
Құттықтайық
жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр
минуты тым ыстық.
1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін айтайық. (Дәрібаевтар)
Отырады.
Аяз ата: Жаңа жыл жақсы тойланатын сияқты. Әр елдің қонақтары да осында екен. Ендеше, қонақтардың өнерін тамашалайық.
1-топ: Польша
Мұғалім: Польша елінің аяз атасы – Николай.
1-топ: Польша. (Бекжан, Мансұр, Нұрболат, Аруназ, Мөлдір)
Жаңа жыл қарсанында Варшава қаласы нағыз балаганға айналады. Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулар мен бояйды. Көшелерін түрлі шарлар мен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады. Польшадағы ең жаңа жылдық дәстүрдің бірі – нан тағамдарын әзірлеу, бұл жақсылықтың нышаны. Дәмді қалаштар бақыт пен сәттілік әкеледі екен. Жаңа жыл дастарханына арнап ішіне теңге, сақина, қызыл бұрыш салып самса пісіреді. Аузына қызыл бұрыш салған адам күлкіге айналады. Сақина мен теңге түскен адам жаңа жылдағы ең бақытты жан болып есептеледі.
Ойын-1. Ортаға әр топтан 1 бала шақырылады. Әр балаға қалаш беріледі. Тезірек жеп тауысу керек.
Егер кімнің қалашынан жүзік шықса, ол бақытты адам болып есептеледі.
Күй
2-топ: Испания
Мұғалім: Жаңа жыл бұл елде «Патшалар мерекесі» деп аталады.
2-топ: Испания. (Арай, Рахман, Еркеназ, Арсен, Жансерік)
Бұл мерекеде ұйымдастырылатын шаралардың барлығы балаларға арналады. Бұл күні балдырғандар сиқыршы патшалардан сыйлық күтеді. Олар алдын ала өздерінің армандары туралы хат жазады. Ал сиқыршы патшалар осы тілектерді орындайы деп сенеді.
Сондай-ақ, бұл күні испандықтар болашақ жарқын болсын деген ниетпен үйлеріндегі барлық ыдыстарды суға толтырады. Және сағат 12-ге санаулы уақыт қалғанда, әр секунд сайын бір жүзімнен тілек тілей отырып 12 жүзім жейді. Себебі, 1909 жылы патшалықта жүзім бағы ерекше мол өнім бергендіктен, патша жүзімдерді халқына тарту еткен. Сондан бұл дәстүрге айналған.
Ойын-2. Жүзім жеу. (бір-бірден, жылдам жеп тауысу)
Ән: «В лесу родилась елочка»
3-топ: Германия
Мұғалім: Германия – ұлы ғалымдардың, ақындардың музыканттардың отаны.
3-топ: Германия. (Ерболат, Таңнұр, Айдана, Ахмет)
Жаңа жылдық түнде түнгі 12 00-де, орындық пен үстелдін үстіне шығып, айқайлап Жаңа жылға қарсы секіру керек екен.
Ешкім үйде отырмайды. Үйдің үлкендері мейрамханаларға, кішілері алаңға шығады.
Екі аяз ата болады. 5-6 қаңтарда сыйлықты Николаус таратады. Балалар есік алдына аяқ киімдерін қояды. Тәртібі жақсы балаларға Николаус сыйлық салса, тәртіпсіз балаларға Николаустың көмекшісі Кнехт Рупрехт көмір салып кетеді екен.
Ал жаңа жылда сыйлықты Вайнахтсман әкеледі.
Ойын-3. 4 ұл ортаға шығып, бір қатарға тұрып, Жаңа жылға қарсы секіреді. (Сағат қою). Кім сағатқа бірінші жетсе, сол женімпаз атанады.
Музыкалық номер: Күй.
4-топ: Франция.
Мұғалім: Аяз аталардың ішіндегі өте сәнқойы, әдемі киінетіні – француз аяз атасы Пер Ноэль. Ол басына француздық әшекейленген әдемі ақ қалпақ киіп жүреді, әдемілікті сүйеді.
4-топ: Франция. (Аңсар, Нұрай, Қаламқас, Қамбар)
Француздар үйлеріне шырша құрмайды. Олар есіктерін, пештерін шырша бұтақтарымен, ойыншықтарымен безендіреді. Балалар пештің алдына аяқ киімдерін қойып қояды. Аяз ата мұржадан кіріп, балалардың аяқ киімдеріне сыйлықтар қалдырады.
Бірақ, сыйлық сыйлауға қатысты бірнеше деп ережелері бар. Мысалы, әтірді әйелге тек жұбайы ғана сыйлау керек екен.
Ойын-4. «Жыл басы» ойыны. Бой бойымен тұру. Тышқанның құйрығын ұстау. (әр топ кезек-кезек)
Ақшақар: Бүгінгі кеш қыза түскен сияқты. Менің тапсырмаларым да дайын. Ата сіз не дейсіз?
Ақшақар: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Сіздер өздеріңіз Доңыз жылынан не тосып тұрғанын білгілеріңіз келеді ме? Мен сіздерге айта аламын.
/Ата-аналар басқа шыршадан ерекше затты тауып алу/
Кітап – өз мамандығыңыз бойынша біліміңізді көтеріп, үлкен жетістікке жетесіз.
Ақша – 2019 жыл сіз үшін табысты болады.
Теңіз – шетелге демалуға барасыз.
Машина – жаңа автокөлік иесі атанасыз.
Кілт – жаңа пәтер сатып аласыз.
Ақшақар: «Шырша» ойыны. Шарты: Мен қойған сұрақтарға «шырша» деп жауап берулеріңіз керек.
1) Шырша ойыны. Біз әр топтың қасына жеке барып, қандай сұрақ қойсақ та, сіздер шырша деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар болса, ойын тәртібін бұзды деген сөз. Сонымен сұраққа көшеміз.
1? Қаңтар немен аяқталады?
2? Қыстың ортасында не бар?
3? Кіретін жыл қандай жыл?
4? Қыстың көркі не?
5? Алғаш жауған қар қалай аталады?
6? Қыста ойналатын ойындарды ата.
7? Жыл басына таласқан хайуанаттарды ата.
8? Аяз Ата туралы не білесің?
9? Қазақтың жаңа жылы қалай аталады?
10? Ақпан айы нешесіне аяқталады?
11? Атың кім?
12? Қыстық киімді ата.
Аяз ата: Осымен, жаңа жылды қарсы алдық. Енді біз бір-бірімізге тілек айтпаймыз ба? Олай болса, әр сынып оқушыларынан бір баладан шығарып, тілектерін естісек. (әр топ басқа топтарға тілектерін айтады)
Сыйлық тарату.
Ән: Қош келдің Жаңа жылым қазағыма.
Аяз Ата: Балалар, бізді басқа жерлер де тосып отыр. Осылай бірліктерің жарасып, биіктерден көріне беріңіздер. Келесі жылы кездескенше! Менің сыйлығымды қабыл алыңдар!
Ақшақар: Сыйлықтар. (Үздік кастюмге). Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін! Сау болыңыздар!
Қорытындылау: Тілек айту.
Мұғалім: Келген жаңа жылымыз бақ жылы, бақыт жылы болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген