400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі нысаны, мақсат-міндеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттрег көбірек қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі нысаны, мақсат-міндеттері.

Когнитивтік лингвистика ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Ол – тіл мен танымның бірлестігін қарайтын ғылыми пән. «Когнитивтік лингвистика» пәнінің алға қоятын мақсаты – студенттердің теориялық тіл білімінің ең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, тіл мен танымның бірлестігінің негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты-басты проблемалардан оқу бағдарламасы талабына сай жүйелі білім беру. Когнитивтік лингвистика ғылымы тіл мен танымның бірлестігін қарастыратын тілдердің барлығына немесе басым көпшілгіне тән универсалды (жалпы) мәселелерді қарастырады.

Бұл проблемалар – тіл білімінің өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін танытатын және өзара байланысты мәселелер. Тіл білімінің теориясы мен тарихын жақсы түсіну үшін ХІХ ғасырдағы жаңа ғылыми бағыттардың, ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін ажырата білу керек. Жаңа ғылыми бағыттар мен ағымдардың туындауына негіз болған басты себептердің бірі – тілге деген жаңаша түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік мәнін, ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.

Лингвист ғалымдар тілді сан алуан аспектіде қарастырады. Міне, осыдан келіп лингвистердің пікірлері бірнеше жікке жарылады. Олардың біразы тілді қоғамдық құбылыстар қатарында деп қараса, енді біреулері тілді жаратылыстану құбылыстарына жатқызады. Ал, келесі біреулері тілді жеке адамдардың психикасына, яғни сөйлеу ерекшелігіне жатқызып, оны психология ғылымының қатарына қосады. Бұл тәрізді сан алуан пікірлер тілге анықтама беруде пікір қайшылықтарына әкеп тіреді. Көтерілген мәселелерді шешуде тіл білімінің тарихында бірнеше көзқарастар мен ағымдар, әр түрлі бағытты ұстанған лингвистикалық мектептер болды.

Тіл білімін зерттеудегі жоғарыда айтылған түрлі ғылыми бағыттар мен олардың ұстанған принциптері алуан түрлі болсада негізгі үш бағыт аясында жүргізіліп келе жатқанын тіл білімі тарихына көз жүгірту арқылы аңғаруға болады. Олар біріншіден, Структуралистік (құрылымдық) бағыт. Бұл бағыттың негізгі ұстанымы тілді өз ішінен зерттеу болды. Структуралистік бағыт ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басына дейін кең қанат жайып, тілді өз ішінен зерттеу мәселесінде көптеген жетістіктерге жетті. Соның негізінде бүгінгі күні жекелеген тіл білімінде болсын, жалпы тіл білімінде болсын тіл білімінің грамматика саласындағы түйіткілді мәселелерді біршама толық шешті, соның нәтижесінде әлемдік грамматикада қазіргі күні дау тудыратындай аса күрделі мәселелер жоқтың қасы деп, шартты түрде айтуға болады. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және көп тарғандарының бірі – структурализм. Ол струтуралды лингвистика деп те аталынады.

Әрине структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағын Ф.де. Соссюр салған болатын. Ол: «Тіл өзара шарттас, бір-біріне тәуелді элементтерден тұратын күрделі бір тұтас құрылым», - дейді. Структуралистер өз зерттеулерінде Ф.де. Соссюрдің осы пікірін әрі қарай дамытты. Структуралистік тіл білімінде ғалымның аталған концепциясы күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ.

Структурализмнің көпшілікке танымал үш мектебі бар. Олар: Прага (Чехословакия), Копенгаген (Дания) және дескриптивтік (Америка) мектептері. Әр мектептің өзіндік ерекшеліктері мен жекелеген принциптері бар. Алайда ол ерекшеліктері мен принциптері сол структуралистік ағымға қызмет етеді. Демек аталған мектептердің ғылыми бағыттары бір арнаға келіп тоғысады.

Ал екінші бағыт антропоцентристік парадигма деп аталады. Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигма негізінен «тіл-қоғам-адам», «тіл-мәдениет-өркениет», «тіл-ұлт-мәдениет» деген үштіктердің негізінде зерттеу бағыттары жүргізіліп жатыр. Жалпы «антропоцентристік» немесе «антропоцентризм» деген терминді осы бағытты зерттеуші ғалымдар екі түрлі қолданады. Олардың кейбіреуі «антропоцентризм» дегенді «этнолингвистика» деген термин мен ауыстырып та, қолданатын кездері бар. Ал, кейбіреуі сол қалпында «антропоцентризм» терминін қолданады. Алайда антропоцентристік парадигманың аясы өте үлкен ғылым саласы. Сол салаларының біреуі этнолингвистика деп аталады. Демек, бұл жерде терминнің тұрақтылығын сақтай отыра, этнолингвистиканың өзі антропоцентризмнің бір саласы болғандықтан, оның аясы антропоцентризмге қарағанда, тарлау болатындықтан, антропоцентризм деп қолдану орынды болмақ. Антропоцентристік парадигманың негізгі көзқарастары этнографиялық тіл білімі, психологиялық тіл білімі, ХХ ғасыр тіл білімін зерттеушілердің еңбектерінде баяндалады.

Этнографиялық тіл білімі. Тіл білімі тарихында тіл мәселелерін сол тілде сөйлеуші халықтың мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болады. Бұл жөніндегі алғашқы пікір В. фон. Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрпымен, салт-санасымен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, арнайы еңбектер жазу ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ерекше белең алды. Осы негізде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар. Оның бірі – Америкада, екіншісі – Германияда. Бұлардың екеуі де этнолингвистика (этнографиялық лингвистика) деген шартты атаумен аталады.

Америка этнолингвистикасын қалыптастырушылар – Эдуард Сепир (1884-1939) мен Б. Уорф (1897-1941). Э. Сепирдің «Тіл» (1921), «Лингвистиканың жайы» (1929) деген, ал Б. Уорфтың «Тіл, ойлау және дүние (әлем)» (1956) деген еңбектері бар. Б. Уорф тілді асыра бағалады да, ал ойлау мен дүниенің (шындықтың) рөлін шектен тыс кемітті.

Германия этнолингвтстикалық мектебін қалыптастыруда көрнекті рөл атқарған – Лео Вейсгербер. Оның «Неміс тілінің күші туралы» (1950) деген 4 томдық еңбегі бар.

Бұл екі мектептің бір-бірімен жақын, ортақ жағы – екеуінің де тіл мәселелерін мәдениетпен, халықтың рухани өмірімен байланыстыра қарайтыны. Екеуіде өз зерттеулерінде В. Гумбольдттың дүниені тану, білу процесінде тілдің атқаратын ролі жөніндегі ілімін басшылыққа алады.

Тіл білімі салаларының үшінші бір үлкен тобы салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі де іргелі ғылым салаларының қатарыны жатады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізінде генологиялық жағынан туыстас тілдерді, сонымен қатар генологиялық жағынан әртектес типологиялық құрылымы сан алуан тілдерді салыстыра зерттеуде біршама табыстарға қол жеткізген ғылым саласы болып табылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі