400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көйлекке алғашқы өлшем жасап, қол жұмыстарын орындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту. Көйлекті пішіп тігу барысында алған білімдерін жетілдіру. Қазіргі заман киім тігу технологиясы туралы білімін кеңейту, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Еңбек адамдарына сый құрмет көрсете білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Көйлекке алғашқы өлшем жасап, қол жұмыстарын орындау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде

шығармашылықпен дамыту

а) білімділік: Көйлекті пішіп тігу барысында алған білімдерін жетілдіру.

ә) дамытушылық: Қазіргі заман киім тігу технологиясы туралы білімін кеңейту,

шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: Еңбек адамдарына сый құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дайын көйлек, слайдтар, нұсқау карталар.

Сабақ түрі: Сот сабақ.

Сабақ әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындық.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

1. Бұйымды бірінші шақтап көруге қалай дайындайды?

2. Шақтап көру ережесін айтып беріңдер.

3. Ақаудың қандай түрлерін білесіңдер?

4. Жиі кездесетін ақаулар мен оларды жою тәсілдерін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушылар, өткен сабақта ақауларын жөндеп, шақтап қиған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда жөнделген ақауды қол тігістерімен тігуіміз керек. Ол үшін біріншіден қол жұмыстарының технологиясы мен танысуымыз қажет.

Қол жұмыстарының технологиясы


№

Қол жұмыстары

Жұмыс түрлері

Қолдану тұстары

1.

Көктеу (сметать)

Матаның екі қиығын жалғап, инешаншымдармен бекіту

Бүйір мен иық тігістерін көктеу

2.

Көктеп қаусыру (стачать)

Матаның екі қиығын бір-біріне жалғау

Иық тігістерін көктеп қаусыру

3.

Қосып көктеу (приметать)

Бірінің үстіне бірі қойылған екі бөлшекті уақытша инешаншымдармен жалғау

Жаға астарын, жағаны, астарды қосып көктеу

4.

Айналдыра көктеу (выметать)

Әдіптелген бөлшектерді тігісін ішке қаратып айналдыра көктеп, қисық инешаншымдармен уақытша бекіту

Қақпақтарды, өңір-

лерді, жағаларды айналдыра көктеу

5.

Бүгіп көктеу (заметать)

Бөлшектің жиегін қайырып, инешаншымдармен уақытша бекіту

Белдемше етегін, көйлек,жең, қаттамаларды бүгіп,көктеу

6.

Шет жинау, торлау (обметать)

Сөгілгіш мата қиықтарының жиектерін тұрақты белгіленген инешаншымдармен торлау

Ашық қиықтарды торлайды

7.

Қондырып тігу (втачать)

Шығыңқы-ойыс сызықтар бойымен жалғау

Жағаны, жеңдерді қондырыптігу

8.

Айыра тігу (расстрочить)

Тігіс шетін ажыратып, екі жақтан тігіммен бекіту

Қатпарларды және кейбір тігістерді айыра тігу

9.

Жымыру (подшить)

Бөлшектің бүгілген шеттерін жасырын инешаншымдармен бекіту

Белдемше етегін, жеңдерді, астарды жымыру

10.

Жасырып тігу (пришить)

Бір бөлікті екінші бөлікке немесе уақ-түйекке бекіту

Түймелерді, ілгектерді, батырмаларды жапсырып тігу


Оқушылар қол жұмыстарының технологиясымен танысып болған соң, көктеу тігісмен көйлектің ақауларын тігеді. Жеңді бүгіп көктеуге дайындауда, бөлшектің жиегін қайырып, инешаншымдармен уақытша бекіту. Осы кезде оқушылар жұмыс жасайды. Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалап жүреді. Сол кезде мұғалім бір оқушыны байқап қалады. Мына көйлектің жеңі не себепті алдыңғы бой қолтық ойындысы мен артқы қолтық ойындысының бірдей болған? Негізінде алдыңғы бой қолтық ойындысы артқы бой қолтық ойындысына қарағанда, ойыңқы болады. Өткен сабақта біз ақауларды жөндеген болатынбыз, бірақ Ботаның алдыңғы бойдың жең ойындысы ойылмай қалыпты. Бұл көйлекті жөндеу үшін кішігірім жауапқа тартайық. Бүгінгі сабақ дәстүрлі емес сот сабағы болғандықтан, кейіпкерлерге бөлінеміз.

1. Сот төрайымын сайлап алайық.

2. Хатшы

3. Күдікті-Бота

4. Куәгер-мұғалім

5. Айыптаушы

6. Қорғаушы

Хатшы: «Сот келе жатыр,орындарыңыздан тұрыңыздар».

Сот төрайымы: «Технология кабинетінде сот отырысын бастаймыз. Бізге осы 10 «а» сынып оқушыларынан арыз келіп түсті. Күдікті Бота технология кабинетінде берілген ақаумен дұрыс жұмыс жасамады.Күдікті өз айыбыңызды мойындайсыз ба?»

Күдікті: «Жоқ, мойындамаймын».

Сот төрайымы: «Онда куәгерлер шақырылсын».

Куәгер: «Мен қауіпсіздік ережесіне бағына отырып, шындықты, тек шындықты айтуға ант етемін. Мен оқушылардың жұмысын қадағалап жүріп, ақаулармен жұмысты аяғына дейін жасамағанын көрдім. Маған берілген тапсырманы орындап жатқанымда, Бота байқаусызда ақауларды дұрыс жөндемегенін көрдім.

Сот төрайымы: «Сөз айыптаушыға беріледі».

Айыптаушы: «Рахмет, сот төрайымы!» Сот сараптаушысының куәгерлердің сөзін негізге ала отырып, мынадай қорытындыға келдім. Берілген тапсырманы ұқыпты және техника қауіпсіздік ережені дұрыс сақтамағандықтан ақауларды аяғына дейін жөндей алмаған».

Сот төрайымы: «Күдікті жауап беріңіз».

Күдікті: «Мен ақау жөндеу керектігін білемін, бірақ жең ойындысын оюға рұқсат етіңіз».

Сот төрайымы: «Ал енді, қорғаушыны тыңдайық».

Қорғаушы: Күдіктінің сөзін тыңдай отырып, мен мынадай қорытындыға келдім: ақауларды жөндеу нұсқау картасына сүйене отырып, орындауға болады. Сол себептен жеңнің ақауымен жұмыс жасасын. Ендігі жұмысында ұқыпты жұмыс істеуге, қатесіз орындауына сенеміз».

Хатшы: «Сот шешімін тыңдау үшін орындарыңыздан тұрыңыздар».

Сот төрайымы: «Техникалық қауіпсіздік ереже «Заңы» кодексінің 102 бабы 6 тармағы бойынша 10 «а» сынып оқушысын Бота кінәсіз деп тауып, ұқыпты жұмыс істеуіне рұқсат берілсін».

ІY. Қорытынды

Мұғалім сөзі: Оқушылар сіздерге рахмет! Бүгінгі сабақта өте жақсы қатысып, жауап беріп отырдыңдар. Енді не істеуіміз керек?

Бота: ақаумен жұмыс жасауым қажет.

Бота алдыңғы бойдың жең ойындысындағы ақауды жөндеуге болады.

Сот сабағының жетістігі: Сот сабағында басты мақсат оқушыларды кінәлау, жазалау емес. Сот сабағында дұрыс шешімге келіп, жауапкершілікке, әділеттілік, ұстамдылық, шеберлік, жақсылық жағын көрсету.

Y. Тест

1. Қол жұмысын орындағанда ескеретін қауіпсіздік ережесі

а) үтікті тоққа қосарда қол су болмауы керек.

ә) инені ауызға салмай, қанша ине екенін санау

б) тігін машинасына жақын отырмау

2. Көктеу деген не?

а) сәндік, әшекейлі тігістер

ә) машинамен тігер алдындағы әзірлік процесс

б) бөлшек екі матаның шетін өңдеу

3. Қол тігістерін ата.

а) жөрмеу, бастыра ,әдіптеу

ә) жөрмеу, тепшіл, шынжыр

б) бүгіп көктеу, қондырып тігу, көктеу

4. Кеңдік өлшемдерге қандай өлшемдер жатады?

а) бойдың ұзындығы, жамбас шеңбері

ә) кеуде шеңбері, бел шеңбері

б) белден етекке дейінгі ұзындық

5. Ерте кезде ине орнына не пайдаланған?

а) темір, біз

ә) балық қылтанағы, мал сүйегі

б) альюминий, сүйек

6. Көктеп қаусыру тігіс қандай тігіске жатады?

а) әсемдеуге, тепшіп тігуге

ә) сәндеуге, екі матаны біріктіруге

б) матаның екі қиығын бір-біріне жалғауға

7. Көктеу түрлерін тап.

а) қайып, жөрмеу

ә) тепшіп, қадау

б) бүгу, қосу

8. Қол жұмыстарында қолданылатын қандай технологияны білесіңдер?

а) қондыру, бүгу

ә) декатирлеу, қондыру

б) әдіптеу, айыру

9. Тігістің сапасы кімге байланысты?

а) сызба мен біріктіргеніне

ә) тігінші мен матаға

б) өлшем алу мен гигиенасына

10. Қол тігісінің түрлері?

а) сырып тігу

ә) қайып тігу

б) қондырып тігу

11. Пішу деген не?

а) графикалық бейнелеу

ә) қию аса маңызды процесс

б) дене өлшемін табу

12. Тігілген бұйымның уақытша иесі

а) тапсырма иесі

ә) манекен

б) тапсырма алушы

13. Киім тігу үшін ең алдымен не қажет?

а) лекало

ә) өлшем

б) сән үлгісі

14. «Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ» кімнің сөзі?

а) Абай Құнанбаев

ә) Мұхтар Әуезов

б) Ахмет Байтұрсынов

15. Адамның қиялдаған, армандаған мақсатын іске асыруға көмектесетін жолдың бірі

а) еңбек

ә) шығармашылық жұмыс

б) жасап үйрену

16. Матаның екі бөлігін бір-бірімен беттестіріп инемен сирек тігу

а) көктеу

ә) жапсыру

б) жөрмеу

17. Түймелерді, ілгектерді, батырмаларды жапсырып тігу.

а) қадау

ә) жапсыру

б) жөрмелеу

18. Жағаны, жеңді қондырып тігу

а) жөрмеу

ә) жапсыру

б) қондыру

19. Бойға өлшем не үшін қажет?

а) кемшіліктерді жою үшін

ә) қысқарту

б) бұйымды жою үшін

20. Үлгісіз киім тігуге бола ма?

а) болады

ә) үлгісіз қиын болады

б) тәжірибелі болса болады

21. Өлшем алғанда адам қалай тұру керек?

а) тік, қозғалмай

ә) қырын

б) еңкейіп

22. Пішілген бөлшектегі сызықтарды екінші жағына аудару үшін қандай қол тігісі қолданылады?

а) көктеу

ә) жөрмеу

б) торлау

23. І өлшемге дайындағанда жасалмайтын өңдеу?

а) тігістерді торлау

ә) бөлшектерді көктеу

б) бүкпелерді үтіктеу.

YI. Бағалау Оқушыларды бағалау.

YI. Үйге тапсырма беру Көйлек тігіп, аяқтау.








Тест

1. Қол жұмысын орындағанда ескеретін қауіпсіздік ережесі

а) үтікті тоққа қосарда қол су болмауы керек.

ә) инені ауызға салмай, қанша ине екенін санау

б) тігін машинасына жақын отырмау

2. Көктеу деген не?

а) сәндік, әшекейлі тігістер

ә) машинамен тігер алдындағы әзірлік процесс

б) бөлшек екі матаның шетін өңдеу

3. Қол тігістерін ата.

а) жөрмеу, бастыра ,әдіптеу

ә) жөрмеу, тепшіл, шынжыр

б) бүгіп көктеу, қондырып тігу, көктеу

4. Кеңдік өлшемдерге қандай өлшемдер жатады?

а) бойдың ұзындығы, жамбас шеңбері

ә) кеуде шеңбері, бел шеңбері

б) белден етекке дейінгі ұзындық

5. Ерте кезде ине орнына не пайдаланған?

а) темір, біз

ә) балық қылтанағы, мал сүйегі

б) альюминий, сүйек

6. Көктеп қаусыру тігіс қандай тігіске жатады?

а) әсемдеуге, тепшіп тігуге

ә) сәндеуге, екі матаны біріктіруге

б) матаның екі қиығын бір-біріне жалғауға

7. Көктеу түрлерін тап.

а) қайып, жөрмеу

ә) тепшіп, қадау

б) бүгу, қосу

8. Қол жұмыстарында қолданылатын қандай технологияны білесіңдер?

а) қондыру, бүгу

ә) декатирлеу, қондыру

б) әдіптеу, айыру

9. Тігістің сапасы кімге байланысты?

а) сызба мен біріктіргеніне

ә) тігінші мен матаға

б) өлшем алу мен гигиенасына

10. Қол тігісінің түрлері?

а) сырып тігу

ә) қайып тігу

б) қондырып тігу

11. Пішу деген не?

а) графикалық бейнелеу

ә) қию аса маңызды процесс

б) дене өлшемін табу

12. Тігілген бұйымның уақытша иесі

а) тапсырма иесі

ә) манекен

б) тапсырма алушы



13. Киім тігу үшін ең алдымен не қажет?

а) лекало

ә) өлшем

б) сән үлгісі

14. «Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ» кімнің сөзі?

а) Абай Құнанбаев

ә) Мұхтар Әуезов

б) Ахмет Байтұрсынов

15. Адамның қиялдаған, армандаған мақсатын іске асыруға көмектесетін жолдың бірі

а) еңбек

ә) шығармашылық жұмыс

б) жасап үйрену

16. Матаның екі бөлігін бір-бірімен беттестіріп инемен сирек тігу

а) көктеу

ә) жапсыру

б) жөрмеу

17. Түймелерді, ілгектерді, батырмаларды жапсырып тігу.

а) қадау

ә) жапсыру

б) жөрмелеу

18. Жағаны, жеңді қондырып тігу

а) жөрмеу

ә) жапсыру

б) қондыру

19. Бойға өлшем не үшін қажет?

а) кемшіліктерді жою үшін

ә) қысқарту

б) бұйымды жою үшін

20. Үлгісіз киім тігуге бола ма?

а) болады

ә) үлгісіз қиын болады

б) тәжірибелі болса болады

21. Өлшем алғанда адам қалай тұру керек?

а) тік, қозғалмай

ә) қырын

б) еңкейіп

22. Пішілген бөлшектегі сызықтарды екінші жағына аудару үшін қандай қол тігісі қолданылады?

а) көктеу

ә) жөрмеу

б) торлау

23. І өлшемге дайындағанда жасалмайтын өңдеу?

а) тігістерді торлау

ә) бөлшектерді көктеу

б) бүкпелерді үтіктеу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1161
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі