жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көйлектің мойын ойындысын өңдеу
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж
|
«Келісемін» Колледжі әдіскері ______О.А.Жалғасова «___»__________ 2021 ж |
|
«Бекітемін» Директордын оқу ісі жөніндегі орынбасары ___________Б.Р.Таңқыбаева «___»__________ 2021 ж |
АШЫҚ САБАҚ
Пән аты: Тігін өндірісінің технологиясы
Сабақ тақырыбы: Көйлектің мойын ойындысын өңдеу
Оқу тобы: Т-20-9н
Өткізілген күні: 15.12.2021 ж.
«Техникалық пәндер» ЦӘК өндірістік оқыту шебері: __________ Бекетова М.М.
«Техникалық пәндер» ЦӘК қаралды. Хаттама «_____» ______2021 ж.
ЦӘК жетекшісі____________ А.Ө.Шалқарбаев
Қызылорда, 2021 жыл
«Тігін өндірісінің технологиясы» пәнінен
ашық сабақ жоспары
Сабақтың өткізілетін күні: 15.12.2021 ж.
Оқу тобы: Т-20-9н
Сабақтың тақырыбы: Көйлектің мойын ойындысын өңдеу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: оқушыларға мойын ойындысын өңдеу әдісінін технологиялық шарттарын сақтай отырып, мойын ойындысын өңдеуді үйрету, нұсқау картасымен өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
б) ой-өрісін дамыту мақсаты: оқушылардың сабаққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, қорытынды жасау арқылы ойын жаттықтыру, логикалық ой-өрістерін дамыту.
в) тәрбиелеу мақсаты: оқушыларға мойын ойындысын өңдеу жолдарын көрсету арқылы эстетикалық тәрбие беру, ұжымдылыққа, ұқыптылыққа баулу, білімін, ой-өрісін, пікірін сабақ барысында жан-жақты қалыптастыру.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндірмелі-иллюстративті, топтастыру, «Кубизм» ойыны, «Ателье» ойыны.
Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдықталуы: интерактивті тақта, нұсқау карталар, слайд, үлгілер, маталар, тігін машинасы, ине-жіп, қайшы, сантиметрлік таспа.
Пәнаралық байланыс: «Тігін өндірісінің технологиясы», «Киімді құрастыру», «Тігін бұйымдарына арналған материалдар».
Сабақтың жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі (3-5 минут)
-
Өткен тақырыпты тексеру, бекіту. «Кубизм» ойыны (15 минут)
-
Кіріспе нұсқау. Жаңа білімді игеру (10-15 минут)
-
Ағымдағы нұсқау. «Ателье» ойыны (35-40 минут)
-
Қорытынды нұсқау. (10 минут)
-
Үйге тапсырма беру (5 минут)
Сабақтың өткізілу барысы:
1 .Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ басталмай тұрып, алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына назар аударамыз. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру кезінде топ басшысы арқылы кімнің жоқ екендігін журналға белгілейміз. Топты шағын 2 топқа бөлеміз.
ІІ. Өткен тақырыпты тексеру, бекіту.
Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін тексеру мақсатында «Кубизм» ойыны жүргізіледі. Алдын ала дайындалған 2 кубикке барлығы 12 сұрақ жазылған. Әр топқа 6 сұрақтан беріледі. 2 топ кезегімен жауап береді. Бұл ойынды пайдалану арқылы оқушының өткен сабақты күнделікті қайталап тұруға, сонымен қатар жақсы сақтауға тигізетін пайдасы байқалады.
1-сұрақ: Әйелдер көйлегі қандай пішім бөліктерден тұрады?
Жауабы: Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен тұрады. Үстіңгі бөлік алдыңғы және артқы бөліктерден, жең, жаға, қалтадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін.
2-сұрақ: Өлшемді адам денесінің қай жағында тұрып өлшейді?
Жауабы: Өлшемдерді адамның денесінің оң жағында тұрып өлшейді.
3-сұрақ: Бүкпе қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Адамның тұлғасына сәйкес бұйымға белгілі бір пішінін беру, киімді адам дене мүшесіне сәйкес белгілі бір қалыпқа келтіру үшін, сондай-ақ бұйымның денеге қонымдылығы үшін негізгі бөлшектерге бүкпелерді өңдейді.
4-сұрақ: Бүйір қиықтары қалай өңделеді?
Жауабы: Бұйымның алдыңғы бойын артқы боймен бірге оң беттерін ішіне қарата салады, қиықтарын теңестіреді, кертпелерін теңестіріп белгіленген сызықтар бойынша көктейді, артқы бойды кертпелер арасындағы бөлігінде енгізеді, ал бел сызығы бойынша қырқылмаған, адам денесіне тығыз қыналып тұратын бұйымның алдыңғы бойын бүйір қалталар тұсында отырғызады. Жаппай өндірісте жан қиықтарын алдыңғы бой жағынан алдын ала көктеместен, бөлшекті кертпелер арасындағы белгіленген бөліктерде отырғыза отырып сырып тігеді. Тігіс ені – 1-1,5 см.
5-сұрақ: Иық қиықтары қалай өңделеді?
Жауабы: Алдыңғы бой мен артқы бойдың өң беттерін беттестіре отырып, иық қиықтарын біріктіре отырып, 1-1,5 см тігіледі. Тігісті торлап, өң бетінен жатқызып үтіктеледі. Артқы бойдың иық қиықтарында моделіне байланысты бүкпе өңделуі мүмкін. Алдыңғы бойды немесе бұйымның алдын және артқы бойдың қиықтарын теңестіреотырып, өң беттерін ішіне қарата салады. Артқы бойда иық қиығынан бүкпе болған жағдайда аз енгізеді.
6-сұрақ: Белдемшенің көкірекшеге қосылуы қалай жүргізіледі?
Жауабы: Егер көкірекше мен белдемшенің бел қиығында бүрмелері жоқ болса, онда көйлектің белдемшесін терісіне аударьш, көкірекшесін оң бетіне аударып, көкірекшені белдемшеге оң бетін ішке қаратып, бүйір тігістерін, бүкпелерінің кертпелерін сәйкестендіріп, көкірекше жақтан бағыттаушысы бар баспа табанның көмегімен қайып тігеді.
7-сұрақ: Белдемше мен көкірекшенің жиек арқылы қосылуы қалай жүргізіледі?
Жауабы: Жиектің бөліктерінің шеттерін қайып тігіп алады.Тігістің ені- 0,7см. Тігісті айырып үтіктейді. Жиекті ұзына бойына ортасынан теріс жағын ішіне қаратып, қиықтарын теңестіріп, 2-ге бөліп қайырады. Дайын жиекті белдемшенің не көкірекшенің оң бетіне, қиығын бұйымның қиығына қаратып, қосып тігеді. Көкірекшені белдемшеге салып, бүкпе, бүйір тігістерін теңестіріп, көктеп алады. Жиек қай бөлікке салынса, сол бөлік жақтан қайып тігеді. Жиек қосылған тігістің үстінен тігіс салады.
8-сұрақ: Алдыңғы бойда бүкпелер қалай өңделеді?
Жауабы: Бөлшекті ортаңғы сызығы арқылы өң бетін ішке қаратып бүгеді. Тігістің соңын жоққа шығара отырып, бүйір сызығы бойынша тігіледі.
9-сұрақ: Артқы бойда бүкпелер қалай өңделеді?
Жауабы: Бөлшектің өң беті ішке қаратып бүгіледі. Түйреуіштерді пайдалана отырып сызылған бүкпені машинамен тігістің соңын жоққа шығара отырып тігеді.
10-сұрақ: Қатпар дфегеніміз не?
Жауабы: Қатпар дегеніміз – бүкпелердің бір түрі. Оны бұйымның негізгі бөліктерінде еркін қозғалу үшін және бұйымның бір мезгілде бел сызығы бойынша қонымды болу үшін, сондай ақ өңдеу тігістері ретінде жобалайды.
11-сұрақ: Матаны пішуге қалай дайындайды?
Жауабы: Маталардың барлығы үтіктегенде, жуғаннан кейін азды-көпті өзінің пішінін өзгертеді. Ал мұның өзі дайын киімнің бүлінуіне алып келеді. Сондықтан матаны пішер алдынды оны өңдеу қажет. Әсіресе мақта, жүн маталары жуғанда көп отырады. Мұндай маталарды алдымен дымқылдап, іш жағынан үтіктеу қажет.
12-сұрақ: Бүкпенің қандай түрлері бар?
Жауабы: Бұйымда орналасуына байланысты бүкпелер көкірек және бел сызығынан басталатын болып бөлінеді. Көкірек бүкпелері иық тігісінен, мойын ойындысынан, қолтық ойындысынан немесе жан тігісінен басталады. Олар төс тұсында бұйымның дөңес болуын қамтамасыз етеді. Бел сызығынан басталатын бүкпелер адам денесінің бел тұсында бұйымның қонымдылығын қамтамасыз ету үшін керек.
Үй тапсырмасын қорытындылау, бекіту.
ІІІ. Кіріспе нұсқауы. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту .
Интерактивті тақта ішінен бip көйлек үлгісі шығарылады. Көйлек бөліктеріне жұмбақ жасырылады. Сонымен тақырыпты ашып аламыз.
-
Суык күні мен болмасам егерде, тоңып қалар екі қолын
тегінде «жең» -
Екі жартыны қосады, бір бүтінді шығарады. «түйме,тілме»
-
Қоймам көп, қулпым жоқ «қалта»
-
Сән беремін, нәр бepeмін көйлекке, әдемі болып тұрар мойның әлбетте
«мойын ойындысы»
Мойын ойындылары әр түрлі болады
-
Домалақ , лодка, төртбұрыш, үшбұрыш, фигурный, трапециялы болады.
-
Мойын ойындылары 2 түрлы әдіппен әдіптеледі; бейка және матадан пішілген әдіп.

Домалақ және төртбұрышты мойын ойындысы

Желбіршекті мойын ойындысы

Төртбұрышты мойын ойындысы

а-түймесіз бұйымға арналған әдіп; ә- түймелі бұйымға арналған әдіп
Технологиялық түйіндер сызбасы
|
Әдіппен өңдеу |
|||
|
450 бұрышпен қиғаш пішілген пішімдік әдіппен өңдеу |
|
шеттікпен |
|
|
Шеттіктеу тігісімен өңдеу |
|||
|
|
Ашық қиықты |
|
Жабық қиықты |
|
Желбір, шектіктеу тігісімен |
|||
|
Шілтер және әдіппен |
|
Әрлеу бөлшектерімен өңдеу |
|
-
Артқы және алдынғы бөлшектерді қағаз бетіне инешелермен қыстырып бекіт. Артқы және алдыңғы бөлшектердің мойын ойындыларын қағазға бастырып, сызып ал.
-
Бөлшектерді қағаздан бөлек ал. Қағаздағы үлгі мойын ойындысының әдебі. Әдіптің жалпақтығын 3,5-5см етіп сызып, қиып ал. Әдіпті бүйымға байланысты әр түрлі пішімде алады.
-
Матаны негізгі жібі бойынша екіге бүктеп, оның бетіне әдіптерді жайғастырып, инешелермен қыстырып қой. Иыққа берілетін тігісті алүды ұмытпа. Үлгіні бормен немесе қаламмен сызып,қиып ал.
-
Әдіптерді желімді астар мен оңде. Ол үшін матаның теріс бетіне қатырма қойып, үтікпен бастырып біріктіріп ал. Әдіпке астарды жапсырарда оны қолмен тартынқырап үтікте, өйткені әдіптің бастапқы пішіні өзгеріп кетеді.
-
Әдіптің ашық кесіндісін торлап, оң беттермен қосып, иық кесінділерін біріктір.
-
Дайын әдіпті бұйымның оң жақ беті арқылы жайғастыра орналастырып, қиықтарын түзетіп,иық тігістерін беттестір. Әдіп дәл келген соң, мойын кесіндісі бойынша бұйымға айналдыра тігіп шық.
-
Әдіптің оң жағына аударып, тігісті дұрыстап, әдіпке қалдыра отырып,
көктеп қой.үстін бастыра үтіктеп шық.
Бекітуге арналған сұрақтар:
Жаңа сабақ түсінікті болса, онда сұрақ қою арқылы жаңа сабақты бекітейік:
1-сұрақ. Мойын ойындыларының түрлері?
2-сұрақ. Мойын ойындылары неше түрлі әдіппен әдіптеленеді?
3-сұрақ. Әдіп қалай пішіледі?
4-сұрақ. Әдіпке не үшін желім қатырма жабыстырылады?
5-сұрақ. Мойын ойындысын жиектеп өңдеу әдістерін түсіндір?
ІV. Ағымдағы нұсқау. Оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын көрсету. Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Ағымдағы нұсқау барысында «Ателье» ойыны ойнатылады. 2 топтан ателье меңгерушілері тағайындалады. Мойын ойындысы бір формада пішілген екі бұйым әр ательеге беріледі. Сол бұйымды мойын ойындысын ұқыпты тігіп, түрлі сәндік маталарымен әсемдеу керек.
1- ші айналым: Мойын әдібін пішу.
2- ші айналым: Мойын әдібінің қиығын өңдеу, мойын әдібін қосып көктеу.
3- ші айналым: Мойын әдібін жөрмеп тігу,көктеу жібін сөгу.
4- ші айналым: Мойын әдібі бұрышын қырқу, мойын әдібін аудару, мойын әдібін үтіктеу.
5- ші айналым: Тігісті бастыра тігу,мойын әдібін бекіту.
6- ші айналым: Мойын әдібін баса үтектеу, тігіс сапасын тексеру.
V. Қорытынды нұсқау. Жұмыстарды қабылдау және бағалау:
1. Күн бойы оқушылардың орындаған жұмыстарын шебер бағалайды. Жасаған жұмыстың сапасын, тазалығын, оқушының тәртібін, білімін ескере әділ бағасын қояды. Бағаны өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық деп бағалайды.
2. Әр жұмысқа жасаған қателіктерін ескере бағасы қойылады:
-
«өте жақсы» деген бағаға ешбір қатесі жоқ, технологиялық шарттарға сай үлгі;
-
«жақсы» деген бағаға бір-екі қателіктері бар үлгі сай;
-
«қанағаттанарлық» деген бағаға бір емес бірнеше қателіктері бар жұмыс болып саналады.
3.Ортақ қателіктерді, ақауларды атап, шешу.
VІ. Үйге тапсырма
беру:







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген