400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

көк аспан

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүйелі ҚМЖ 5-сынып Арман пв қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім атауы: Аспан әлемінің құпиялары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көк аспан

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.6.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

5. 2. 6. 1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;

5. 4. 5. 5 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру

Сабақтың мақсаттары


Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысып, өз пікірін білдіреді.

оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;

төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік: орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың еңбекке баулу және педагогтің кәсіби біліктілігі арқылы оқушыларды академиялық білімге құштар ету.

Сабақ барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сабаққа дайындық. Психологиялық тренинг

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

7-тапсырма.

Қызығушылықты ояту. .

Берілген тірек сөздер арқылы бүгінгі тақырыпты болжап, сұхбат құрыңдар.

Тірек сөздер: көк аспан, ауа қабаты, атмосфера, бұлтты аспан , ашық аспан.

Журналист:

Көк аспан туралы жиі естиміз, бірақ кейде аспанымыз бұлтты болады. Бұл туралы не айта аласыз?

Сарапшы:

Иә, дұрыс айтасыз. Көк аспан ашық күнде көрінеді, өйткені атмосферадағы ауа таза, сондықтан көк түсі айқын көрінеді. Ал бұлтты аспан болса, атмосферада ылғал көбейіп, су тамшылары жиналады. Сонда біз бұлттарды көреміз. Бұлтты аспан жаңбыр немесе қар әкелуі мүмкін.

Журналист:

Яғни, аспанның көк немесе бұлтты болуы атмосфераның қандай жағдайында екеніне байланысты ғой?

Сарапшы:

Дұрыс айтасыз! Ашық аспан кезде ауа қабаты таза болады, ал бұлтты аспан болған кезде ауадағы ылғал көбейеді. Бұл өзгерістер ауа райының өзгеруіне әкеледі.

Сабақтың мақсатымен танысу

Назарларын сабаққа аударады.Үй тапсырмасын пысықтайды

Сұхбат құру арқылы сабақтың тақырыбымен танысады.










Қолдау сөздері







Дескриптор:

-Тірек сөздерді қатыстырып, сұхбат құрады;

- Төл сөз бен автор сөзінің айырмашылығын түсініп, дұрыс қолдана біледі.

- грамматикалық тұрғыда дұрыс сөйлемдер құрастырады.

Оқулық

Слайд

Таратпа материал


Сабақтың ортасы



35 минут
































ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Тапсырма. Оқылым мәтіні. Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Жерді ауа қабаты –атмосфера қоршап тұр. Ауа –Жерді қоршап тұрған көзге көрінбейтін газдардың қоспасы.

Күн сәулесі ауа қабаты арқылы өткенде, өзінің жарықтығын жоғалтып, аспан көгілдір болады.

3-тапсырма. Р.Рымбаеваның орындауындағы «Құсжолы» ән мәтініндегі көтерілген мәселені анықтаңдар.

Құсжолы

Көтерілген мәселе

Аспан, аспан шайдай ашық,

Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.

Құс жолы, ғарыш көкке туған жерден

Телмірем жандай ғашық.

Қолға келіп қонса жұлдыз,

Жанға серік болса жұлдыз.

Ғарышқа қанат қақты самғап

Туған жерден қаншама ұл-қыз.


Құсжолы арқылы адамның өмірлік жолы мен армандарға жету жолындағы күресін бейнелейді. Ән мәтінінде өмір жолындағы шынайылық, арман мен мақсаттың маңыздылығы көрсетілген.



ӘТН.



4-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойға қатысты тірек сөздерді анықтап, олармен төл сөз бен автор сөзі түрінде сөйлемдер құрастыр.



1. Құсжолы

- Төл сөз: "Айлы түнде Құсжолы айқын көрінеді," – деді астроном.

- Автор сөзі: Астрономның айтуынша, Құсжолы айлы түндерде айқын көрінеді.

2. Жұлдыздар

- Төл сөз: "Жұлдыздар аспанда әртүрлі бағытта орналасқан," – деп түсіндірді ғалым.

- Автор сөзі: Ғалымның айтуынша, жұлдыздар аспанда әртүрлі бағытта орналасқан.

3. Галактика

- Төл сөз: "Біздің ғаламшарымыз Галактикаға жатады," – деп мәлімдеді физик.

- Автор сөзі: Физиктің айтуынша, біздің ғаламшарымыз Галактикаға жатады.

4. Сүтқұйрық

- Төл сөз: "Бұл галактика Сүтқұйрық деп аталады," – деді астроном.

- Автор сөзі: Астрономның сөзінше, бұл галактика

Сүтқұйрық деп аталады.

Негізгі, қосымша ақпараттарды анықтайды



































Грамматикалық тақырыпты меңгереді.







Оқушылар мәтіндегі тірек сөздерді қатыстырып, төл сөз бен автор сөзі түрінде сөйлемдер құрастырады.









Мәтіндегі мәліметтерді төл сөзге айналдырып жазады.





Дескриптор:

* негізгі ақпаратты анықтайды;

* қосымша ақпаратты анықтайды;

* қорытынды жазады.





















































Дескриптор:

  • Тірек сөздерді анықтайды.

  • Төл сөз бен автор сөзін қатыстырады;

  • грамматикалық тұрғыда дұрыс сөйлемдер құрастырады











5-сыныптың

«Қазақ тілі» оқулығы



слайд



оқушы дәптері



интербелсенді тақта



үлестірмелер



























5-сыныптың

«Қазақ тілі» оқулығы



слайд



оқушы дәптері



интербелсенді тақта



үлестірмелер







Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі



Үй тапсырмасы: 6-тапсырма.





Кері байланыс береді





Мадақтау, бағалау





интерактивті тақта





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
6 сәуір
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі