Материалдар / Көк тудың желбірегені
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көк тудың желбірегені

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай 3 сыныппен өткізілген тәрбие сағаты. ҚР рәміздері, желтоқсан құрбандары жайлы балаларға толық мағлұмат беру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көк тудың желбірегені»

Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру.

2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету.

3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету.

Көрнекілігі: Плакат, рәміздер суреті, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта.

Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар! 3 «а» сынып оқушылары ұйымдастырып отырған ««Көк тудың желбірегені»» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:

Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам.
1 - жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті..
Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2-жүргізуші: 1992 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - Ту, Елтаңба, Гимн.
1 - жүргізуші: 1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды

2-жүргізуші: 1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

1-жүргізуші:Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алғанына 32 жыл толады.

2-жүргізуші:

Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.


1 – жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
2 - жүргізуші: Иә, бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Қазақстан елінің осындай дәрежеге жету үшін шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Балалардың тақпақтары:

Шырайлым:

Ей Аллах

Шашу етіп шаттығымды,

Бұйырттың пешенеме сәтті күнді

Өзіңнің есіміңмен қатар қоям

Тәуелсіздік деген бұл тәтті ұғымды

Айару:

Таптамай туған жердің гүлін ешкім

Келеді қадірімді біліп өскім

Көтеріп Қазақстан көк байрағын

Жүрейін дүрмегінде ұлы көштің

Дильназ:

Ұшырып азаттықтың құсын қолдан

Бабамның тұншыққанда ішінде арман

Қазақтың тарихында соғыс болса

Барлығы тәуелсіздік үшін болған

Санжар:

Көңілде халқым үшін қалмаса алаң

Болсын деп елім аман,

Елбасы аман,

Тілеуіңді тілеймін Тәуелсіздік

Тәуменмін,

Тәуелдімін онда саған!

Диляра:

Желтоқсаным- тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Расул:

Бабамның арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына ,

Менің Қазақстаным.

Бекзат:

Егемендік-бұл елімнің елдігі,

Егемендік барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік- елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.



Хор: «Татулықта күшіміз»

Ойын: «Сәйкестендір»

Би: «Көкке өрле»

1 - жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Оған үлкен айып тағылды.
2 - жүргізуші:

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
1 - жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21 - ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21 - ші камерасында, 21 - ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
2 - жүргізуші: Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.
Көрініс: «Қайрат Рысқұлбековтың соңғы сөзі»
Альтаир:

Желтоқсан

Мереке емес жастар қыршын кеткен күн

Суық желі желтоқсанның жеткен күн

Естен кетпес қайсар қазақ жастардың

Ұлты үшін жерге қанын төккен күн

Орыс келіп үстімізден күлген күн

Ызғыры желтоқсанның үрген күн

Ұлт намысы артық болып жанынан

Қан майданда қазақ жастар өлген күн

Айдын көлге шүрегей кеп қонған күн

Қан төгіліп қара жерде тоңған күн

Елім деген қазақтарға оқ атып

Қазақ үшін қасіретті болған күн

Кремльдің құйтұртқысы асқан күн

Ақ аюлар ойсыз қадам басқан күн

Өзге елге би болам деп бетсіздер

Қазақ қанын қара судай шашқан күн

Мереке емес өткендерді естеу күн

Несі айып? Ерекшелеп естеудің

Қалайша біз мереке деп атаймыз

Харам күнін қан төктірген Мәскеудің



«Көк тудың желбірегені» әуенімен балалар ортаға шығады.
2-жүргізуші: Сіздерді Отанымыздың атаулы мерекесімен құттықтай келе, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!