Материалдар / Кока- Коланың зияны мен пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кока- Коланың зияны мен пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжирибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1036
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ақтөбе қаласы

8 орта мектеп









Авторлары: Асылбеков Ерхан - 2 "А" класс

Әлмұхан Азамат - 2 "А" класс



Тақырыбы: Кока- Коланың зияны мен пайдасы





Секциясы: валеология





Жетекшісі: Арысова Маншук Сайлауовна





Ғылыми жетекшісі: Имангалиева Базархан Сағынғалиқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.







Ақтөбе қаласы, 2017 жыл




МАЗМҰНЫ 

І Кіріспе.................................................................................................... 4

II Негізгі бөлім 
2.Кока-коланың пайда болу тарихы ................................................. 5 
2.1. Кока-коланың Ресейде 
2.2. Сусындардың құрамы...............6 
2.3. Әлемдегі   спорт    қозғалысын  қолдаушы...6


ІІІ.Зерттеу бөлімі

3.1Кока-коланың пайдалы жақтары.....................................................7

3.2 Кока-коланың зиянды жақтары....................................................8

3.3 Біздің тәжірбиелеріміз.................................................................... 9

IV.Қорытынды. ............................................. 10


V Пайдаланған әдебиеттер............................................. 11




























Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:

Өсіп келе жатқан ұрпақтың қандай сусындарды пайдаланып жүргенін анықтау; олардың адам ағзасына келтіретін зиянын зерттеу; келтірілген зияндармен күресу жолдарын іздеу. 



Ғылыми жобаның міндеттері: 1.Кока-кола сусынының құрамындағы заттар мен олардың адам денсаулығына келтіретін зиянын көрсету. 2. Оларды күнделікті өмірде қолданудың аса қауіптілігін дәлелдеу. 



Ғылыми жобаның әдістері: Жинақтау, жүйелеу, талдау тәжірибе жүзінде көрсету, сипаттау.



Ғылыми жобаның нәтижелері: Тақырыпқа сай теориялық негіздемелерге сүйене отырып: 
Кока-кола сусынының шығу тарихы толықтай айтылып өтілді; 
Кока –кола сусынының ағзаға қандай зиян келтіретіні қарастырылды; 
Кока-коланың сусын ретінде ғана емес, күнделікті тұрмыста көрсететін қасиеттері туралы анықталды. 


Ғылыми жобаның құрылымы: Жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 























І КІРІСПЕ

Біз Елбасы тапсырмасына сәйкес, Ақтөбені білім мен ғылым, инвестициялық тартылыс орталығы, тұрғындарға арналған сапалы білім, медициналық және әлеуметтік- мәдени қызметтер орталықтары шоғырланған алып шаһарға айналдыруымыз керек. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар.Бұл туралы Жолдауда Елбасы нақты тапсырмалар берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауларында айтылып жүргендей отандық өндірушілерді қолдап, олардың өнімдерін еш қауіпсіз тұтыну бүгінгі таңда мүмкін бе? Шетел өндірушілернінің дәстүрлі сусыны кока-коланың адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны туралы тереңірек білу. Біздің ойымыз осы сұрақтарға жауап іздеу.Қазақстандықтардың шетелдік кока-коланың керемет те, дәмділігінің құпиясын ашу қызық болды. Сондықтан осы тақырыпты таңдадық.
Қазірде кез-келген дүкенге бас сұқсаңыз сусынның неше түрін көресіз. «Кока-кола», «Спрайт», «Фанта», «Пепси» секілді газдалған және энергетикалық сусындардан көз сүрінеді. Ғалымдардың айтуынша газдалған сусындарды шамадан тыс көп тұтыну бауыр ауруларына әкеліп соқтырады. Жоғарыда айтылып өткен тәтті сусындардың құрамында көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар бар. Сонымен қоса, барлық газдалған сусындарда көмірқышқыл газы бар. Бұл қышқылдың әсерінен асқазанның үрленуі мен кекірік пайда болады. Энергетикалық сусындардың барлығында дерлік химиялық қоспалар бар. Бүгінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған « Қуаттандырғыш » сусындар үлкен сұранысқа ие. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін осы сусынға аңсары ауып, иісі мұсылманның қасиетті зәмзәм суын жолда қалдырып, көпшіліктің шөл басарына айналған. Түрлі той-жиындар мен басқосуларда дастарханның  көркін келтіретін бұл сусын жайлы не білеміз? Әрине, бұл сусынды бір ішсек, оны кейін іздеп тұрамыз. Оның зиянын қанша рет айтып, қанша рет оқталсақ та одан бас тарта алмай да жатамыз. Әлем бойынша танымалдыққа ие болған сусынның ағзаңызға тигізер кері әсерін тағы бір мәрте толығырақ біле отырыңыз. Әсіресе, жастар жарнамадағы әдемі көріністерге арбалып, күнделікті өмірде денсаулықтарына аса зиян сумен тамағын жібітіп жүр. Еліміздің нарығында «Диззи», «Редбулл», «Монстер» секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда, бауыр, аққан ауруы, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн. 
Сол себепті де мен « Кока-кола мен энергетикалық сусындардың » құрамы, жасалу жолдары мен адам ағзасына әсері, тұрмыста қолданылуы туралы көптеген мәліметтер жинап, осы тақырып төңірегінде ой қозғамақпын.


2.Кока-коланың пайда болу тарихы  
Кока-кола сусыны 1886 жылдың 8 мамырында Америкада, Атланта қаласында пайда болған. Бұл сусынды ойлап тапқан Джон Пембертон. Ал сусынның атауын Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі ( осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман ерекше компонентін бөліп алып, оны кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «Кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастаған. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған зат болып табылмаған. Сондықтан кокаин ретінде сатылымда болып, оны лаззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отырған. Осылайша кока-коланың танымалдығы мен кірісі біртіндеп өсе бастаған. Алғашында қарапайым сироп ретінде сатылған. Ал «The Coca-Cola Company» болып, арада жеті жыл өткеннен кейін ғана 1893 жылдың 31 ақпанында құрылды. Джон Пембертон коланың атасы болса, «The Coca-Cola Company» компаниясының атасы ИрландықАсаКэндлерболатын. 
Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты-қалбырлардағы сусындады алып жатады. Осындай ыстықтың кезінде 1894 жылдан бастап кока-кола Американың бірқатар қалаларында пайда бола бастаған. Осы жылдардың ішінде Техас штаты, Даллас қаласында, Иллионс штаты, Чикаго қаласында, Калифорния штаты, Лос-Анжелес қалаларында «Кока-Кола» өнімін дайындайтын зауыттар жұмыс істей бастаған. Небәрі бір жылдың ішінде бұл сусын Америкалықтардың сүйікті сусынына айналған.
Осыдан кейін 1919 жылы Аса Григс Кэндлер компанияны Эрнест Вудраффқа 25 миллион АҚШ долларына сатып жіберген. 1923 жылы компания билігін Ернесттің ұлы Роберт өз қолына алды. Сол жылдан бастап Роберт «Кока-Коланы» әлемге тарату мақсатында «Кока-Кола Экспорт Корпарейшон»  
корпорациясын құрып, оның бөтелкесін бір қаптамаға біріктірген. 1927 жылы өз өнімдерін алғаш рет радиода жарнамалай бастады. 1928 жылдың жазында Амстердамда өткен Олимпиадалық ойындарға Америка өз командаларымен бірге кока-коланың 1000 қаптамасын алып барғаннан кейін кола спортпен тығыз байланыста бола бастаған. Кола сусыны хоккей, футбол, теннис спорт ойындарының демеушісі болып отырды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін кока-кола әлемнің 44 елінің дүкен сөрелерінен табылатын. Коланы ғарышкерлер де ғарышқа алып ұшқан деседі. 1991 жылы бұл сусын Мәскеуге де келіп жеткен. Қазірдің өзінде бес жасар бала да танитын кола компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады. 
1888 жылы Джон Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді. 1892 жылы кока-коланың құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григс Кэндлер кока-коланы өндірумен айналысатын «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. 1902 жылы кола 120 АҚШ доллары ақша айналымымен АҚШ-тағы ең
танымал сусындардың біріне айналады. 
жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатынболды. 




2.1.Кока-кола    Ресейде


1979    жылы   «Кока-кола»   компаниясының   сусындары    алғаш Мәскеудегі    Олимпиада     ойындарына    дайындығы    барысында пайда   болады.   Кока-кола   1999    және   2010   жылдары   «Жыл Өнімі»    ұлттық 

 сыйлығының    лауреаты   болады.   »Кока-кола» компаниясы     өкілдерінің айтуынша,    сусынның    негізгі  құпиясы      кошениль    құртынан    алынатын     азық-түлік    қоспада    екен.    Әдетте    оның    құрамына     қант,   кока  ағашының    жаңғағы,     фосфор      қышқылы,

Кофеин,    карамель,     көмірқышқылы     қосылады    деп көрсетілген.

Енді    өндірушілер    сусынның    түсін   өзгертетін   бояу     ретінде

қолданылатын   кошениль     құртының      еш   зияны  жоқ  деп  елді

сендіруге    тырысуда.  Дегенмен  «кока-коланың»  адам   ағзасына

келтірер    залалы   күннен-күнге    дәлелденіп   отыр. 



2.2.Сусынның     құрамы


Сусынның    әр    нұсқасының      құрамы    әртүрлі        болып   келеді.    Ол     әсіресе   диеталық    нұсқасында      аз    мөлшерде кездесетін     

көміртекке    байланысты.  Мұнда «классикалық» нұсқадағы     проста   Кока-кола   нұсқасы     берілген.





2.3.Әлемдегі      спорт    қозғалысын   қолдаушы


1960   жылы   Токио   қаласында  өткен    олимпиадада

«Кока-кола» Токио   және  Жапониядағы  тегін қала карталары,     қаланың   көрнекті    жерлері    мен     көше     көрсеткіштерін     басып      шығаруды   мойнына   алады.1992   жылдан   бастап   «Кока-кола»     компаниясы     олимпиада      алауының    эстафетасын   ұйымдастырушы    жәнедемеушілерінің     бірі  болып  табылды.

1978  жылдан     бастап     футболдан   әлем   чемпионатының ресми      демеушісі.  2010   жылы   футболдан    әлем  чемпионатына

Претория   қаласында    әлем    бойынша 250   жасөспірімдерді   жинап ,   балаларға  арналған   лагерь ұйымдастырылды








ІІІ.Зерттеу бөлімі

3.1. Кока-коланың пайдалы    жақтары:

1. Егер кәстрөлді күйдіріп алған болсаңыз, ішіне Кока-кола құйып қайнатыңыз. Кәстрөліңіз көз алдыңызда жаңарады. 2. Кез келген суретті ескі етіп көрсетуге болады. Ол үшін суретті Кока-Колаға аз ғана батырып, кептіру қажет. Бірақ суретті толықтай суландырмаған жөн, әйтпесе құртылады. 3. Шаш бояуын кетіреді. Бұл байқаусызда өзіміз қаламаған түске боялып қалған шаш туралы айтылып жатыр. 4. Ескі тиындарды Кока-Колаға салатын болсаңыз, олар жарқырап шыға келеді. 5. Шәйнектің ішіне Кока-Кола құйып, оны бір күнге қалдырыңыз. Қақ толығымен кетеді. 6. Унитазды да Кока-Коланың көмегімен тазалауға болады. 7. Тұздыққа 1:1 есебінде Кока-Кола араластырып, артынша оны етке қосып дайындауыңызға болады. Өте дәмді! 8. Кока-Кола – шашқа арналған ең үздік кондиционерлердің бірі. Алдымен шашыңызды Кока-Колаға жуып, артынша кептіріңіз. 9. Шырышты ұлулар Кока-Коланың иісін жақсы көреді. Оны осы жәндіктерден құтылу мақсатында қолдануыңызға болады. 10. Сіз бұрап шығарайын деген бұрандаманың қатып қалғанын байқасаңыз, оның үстіне Кока-Кола құйыңыз. Сол кезде тоты бірден кетеді. 11. Асыл бұйымдарды тазартуға болады. Бірақ тастары жоқ бұйымдарды ғана тазалаған жөн 12. Бір қызығы, Кока-Кола асқазан ауруларында көмектеседі екен. Тек газы жоғын пайдаланған дұрыс. Мысалы, ұзақ жолда жүрек айныған кезде Кока-Коланың газын шығарып ішетін болсақ, жүрегіміздің айнығаны бірден басылады.
13.Ауруды    уақытша   тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар.Осы сусынның химиялық  құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. 14.Көктем , жаз  айларында жәндік,  шыбын  шағып алғанда ашып немесе ауырып  тұрған жеріңізге кока-коланы құйсаңыз, жеңілденіп қаласыз. 15Кока-кола тотты жақсы кетіреді,үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды  бірнеше  сағат сусынға салып  қойып, ысқылап  жусаңыз сол зат тазарып  шағады.
16. Кока кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусынның құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді. 17.Кока-кола  сусынын тамақ  дайындауға да қолдануға болады. 18.Ол  тек қана дақты кетірмейді,иісті де жақсы кетіреді.Кір  жуғыш  ұнтақпен бірге  араластырып  киімдерді  жусаңыз   нәтижесі  жақсы  болады. 19. Үйден біртүрлі иіс шықса, шелектегі суыңызға кока-кола қосып, еденді жуыңыз. Иіс жоғалады. 
20. Үстіңізден де қолаңса иіс шығатын болса, коланы үстіңізге құйып, ысқылап, артынан таза сумен шайыныңыз. Иіс жоғалады.  21. Малдың ішек-қарынын кока-коламен тазалап жуып, иісін кетіруге болады. 


3.2. Кока-коланың зиянды жақтары

Дәрігерлердің   пайымдауы  бойынша   Кока-кола  әсіресе    балалардың        бас   сүйегіне , ойлау    қабілеттеріне  орасан  зор  зиян   келтіреді.Жалпы     газдалған   сусынды   мөлшерден тыс  пайдалану   адам   ағзасына   кальций ,  темір  секілді  ең маңызды   элеменнттерді   жойып    есесіне   құрамындағы    есірткі   зат   өміріңізді  екі  есеге  қысқартады. «Кока-кола»  және «Пепси»   сусындарын   дайындау  кезінде  пайдаланылатын   карамельдердің     құрамындағы  бояулар  қатерлі   ісіктің  дамуына    әкеліп  соғады»

Кока-коланы  сатуға  тыйым  салу  керек   деп   сенімді    түрде  айта   аламыз.Өйткені   күшті   газдалған    бұл  сусынның    құрамында   қанттың    мөлшерден    көп   екені   анықталған. Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, ішектің созылмалы ауруымен , асқазан ,өт жолдарының және несеп жолдарыауратындарға тұтынбауға кеңес береді.Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі.Жас адамдардың ағзасына әсері күшті.Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар екен.Орал қаласының ғалымдары Кока-коланы сынақтан өткізген болатын.Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен , нәтижесінде тіс орнына ақ ұнтақты ғана көреді.Сусынның құрамында қан айналымын баяулатып , аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштары бар. Ғалымдардың айтуы бойынша газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну бауыр ауруларына әкеліп соқтырады. Біздің елімізде осындай шырындар нарығы қарқындап дамып келеді. Адам ағзасының 60 пайызын су құрайды. Бойдағы су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе, көк шәй, газдалған салқын сусындар, минералды сулардың негізін су құрайды. Алайда, судан бөлек сусындардың құрамында басқа да заттар да кездеседі. Соның бірі – газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әртүрлі әсер етеді.  Кока-кола ішкеннен кейін... Кока-коланың зиянын осымен бірнеше рет айтсақ та, оны әлі тастар емессіз. Әлем бойынша танымалдыққа ие болған сусынның ағзаңызға тигізер кері әсерін тағы бір мәрте біле отырыңыз. . Бұлар ешқандай да шырындар емес. Бұл – су, синтетикалық ароматизатор, тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт құрамнан жасалынатын жасанда дүние. Неше түрлі жарнамаларда бұл сусындардың еш зияны жоқ деп жақауратқанымен, бәрібір де бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз. Алайда, сусынның зат таңбасында денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орныны қолданылушы зат – аспартаманың бар екендігі де жазылмаған. Коланы бір апта үзбей ішсең, қалған күндеріңде де соны іздеп, аңсарың ауып тұрады. Осылайша созылып күндердің бір күнінде осы харам суға тәуелді болып қаласың. Сонымен қоса сусынның құрамында қан айналымын баяулатып, аққан ауруына ұшырататын жасанды бояғыштар жетерлік екен. Егер осының барлығын біле отыра сусынды іздеп іше берсеңіз – сіз осы сусынға әбден тәуелді болып қалғансыз. Ал, бұл зияндарды білгеннен кейін ішуді доғарсаңыз – денсаулығыңыз да қалпына келеді. Сондықтан кешікпей тұрғанда тездетіп әрекет жасауыңыз қажет. Әйтпесе өз денсаулығыңызды өзіңіз құрдымға жібересіз. «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек.



3.3. Біздің тәжірбиелеріміз

Біз бұл жобаны өзімнің үлкен қызығушылығымызбен жазып шықтық . Осы уақытқа дейін зерттеген жобамыздың тақырыбын ашу бағытында көп ізденгенімізді, жасаған тәжірибелерімізді толықтай аша білу үшін қаншалықты тырысқанымызды көрсеткіміз келеді.

Біз осы ғылыми жұмыспен айналысқаннан  бері бірнеше тәжірбиелер жасап  көрдік. Осы тәжірбиелер нәтижесін сыныптас достарыма көрсеткім келді,  мына суретте біздер достарымызбен «Кока-кола» сусыны қаншалықты денсаулыққа зиян екенін баяндап, түсіндіріп тұрмыз.

Бірінші тәжірибеміз Сыныптағы шелектің  сыртында краскамен жазылған жазу болды, мен шүберекті кока- колаға батырып ,біраз уақытқа қалдырдым, шүберектің  үстіне бірнеше рет кола құйып отырдым. Сәлден соң , сол шүберекпен ысқылап сүрттім, краска кете бастады.

Екінші тәжірибеміз Мына тәжірбиені  жасар алдында ұстазымның  тырнағына лак  жақтым да,бір стақанға кока-кола сусынын құйып саусағын  5-7 минуттай батырып тұрдым. Содан соң тырнағын қол орамалыммен сүрттім,міне қызық лак кетті.

 Үшінші тәжірибеміз Келесі тәжірбием де сыныптастарымды таң қалдырды. Бір ыдысқа кока-кола құйдым да, оған сүт қостым , көп күттірмей сүтім іріп кетті.Бұл да менің ойлап жасаған тәжірбиемнің бірі.

Төртінші тәжірибеміз

Міне, алдарыңызда тұрған жұмыртқа. Бұл тәжірибені жасау үшін 3(үш) ай уақыт кетеді. Алдымен, шикі жұмыртқаны алып, кока кола құйылған ыдысқа салып қойдым. Бір тәулік тұрды, бір апта, бір ай, тіпті 3(үш) айға жуық тұрды. Нәтижесінде бір тәулікте жұмыртқаның түсі өзгерді. Бір аптада түсі қоңырланып, қара бүртіктер пайда болды. Бір айда жұмыртқаның сыртындағы катты қабығы яғни, кальций үгітіле бастады. Міне, қазір сыртқы қабығы әбден үгітіліп, жұп- жұмсақ допқ а айналды.

Осындай нәтижені көрген достарым таң қалды , сусын денсаулыққа зиян екен десіп , өз ойларымен бөлісіп жатты.Тұрмыстық заттарға пайдасы бар екенін де айтты.












Қорытынды

Газдалған сусындардың адам денсаулығына қаншама зиян келтирип жатқанын байқағанда біз , Қазақстанның кішкентай азаматы бола тұра бейжай қарап отыра алмадық. Біздер кішкентай да, азғана зерттеу жұмыстарымның нәтижесі басқа балаларға ой салар деген үміттемін Осындай газдалған сусындардың адам денсаулығына қаншама зиян келтіріп жатқанын байқағанда мен Қазақстанның кішкентай азаматы бола тұра бейжай қарап отыра алмадым. Сол себепті біздер осы тақырыпты сынып жетекшіммен талқылай отырып, газдалған сусындардың адам денсаулығына зияны туралы осы жобаны жазуға бел будық. Бұл біздің кішкентай да, аз ғана зерттеу жұмыстарымның нәтижесі басқа балаларға ой салар деген үміттемін.

Біздер бұл жобаны өзімнің үлкен қызығушылығыммен жазып шықтық. Осы уақытқа дейін зерттеген жобамның тақырыбын ашу бағытында көп ізденгенімді, жасаған тәжірибелерімді толықтай шынайы, нақты аша білу үшін қаншалықты тырысқандығымызды көрсеткіміз келді. Біз үшін тағамның, басқа да заттардың құрамын зерттеу – басқа істерден гөрі қызықтырақ. Бұл жобада біздің көрген білгенім аз болса да талпынысымды көрсеткіміз келді. Кола сусынын зерттегеннен кейін біз бұл сусынды татып алмаймыз ,өзгелер ішіп жатса барынша тоқтатуға тырысамыз. Әлі де тырысамыз. Біз өзгелер бұл сусынды ішіп жатқанын көрсем – ол адам өз қолымен өзін өлімге сүйрегендей көрінеді. Сол себепті де бұл сусының елімізден мүлдем шығарылғанын қалаймыз. Десе де халық қарсы болғанмен де нарықта оны тоқтатуға ешкімнің билігі жүрмейтін секілді. Коланың зиянын білген әр адам өзіне және жақындарына шектеу қойғаннан басқа амал жоқ. Сол себептен де өзімізді өзіміз тоқтатып, денсаулығымызды құрдымға кетірмейік дегіміз келеді.Шыны керек, табиғи сусындарымыз қазірде бағасы шарықтап тұр. Егер тауардың бағасы төмен болса, тұтынушысы да көбейеді.
Газдалған сусындар қазірде өте көп және кез келген дүкеннен қолжетімді бағаға ала аласың. Шөлді басады дегенмен де, сәлден соң қайта шөлдеп, осы 
сусынды ішкің кеп тұрады. Мұның себебі – шамадан тыс көп мөлшерде қосылған  қантта. Сол қанттың да денсаулыққа зияны мол, әртүрлі ауруларға душар етеді. Ол газбен бірігіп асқазанға түссе не боларын ойлай беріңіз. 
Жасаған тәжірибелерімнің ешқайсысында да кола оң нәтиже бермеді.. Бұл тәжірибені жасағандағы себебім – біз коланы көбінесе осылармен ішеміз. Пайда болған иіс асқазанды осылай бүлдірсе – менің денсаулығым жартылай құрдымға кетті деген сөз.. Сусынды ішсек – денсаулыққа оңбай зардабы тиетінін білдік. Сондықтан кешікпей тұрғанда тездетіп әрекет жасауыңыз қажет. Әйтпесе өз денсаулығыңызды өзіңіз құрдымға жібересіз. «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Ертерек қимылдамасақ, ертең кеш болып қалуы әбден мүмкін.
Кока-кола сусынының зияны, толықтай құрамы жөнінде қорапшада жазылса, ыңғайлы қорапта, қолжетімді бағамен табиғи ұлттық сусындар сатылар болса- энергетикалық сусындар нарықтан ығыстырылар еді. Сонымен қатар кока- коланы басқа шетелдегідей күнделікті тұрмыста тазартқыш ретінде пайдалану жолға қойылса екен.






V . Пайдаланылған әдебиеттер

1.Бастауыш мектеп №6, 2013жыл

2. Республикалық «Ойла» балалар журналы №1, 2015ж

3. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы. 4. Ғаламтор беті

5. « Кока-кола Экспорт Корпорэйшен» сайты 
6. « Кока-кола ЭйчБиСи Евразия» ресми сайты 

















































Ақтөбе қаласы №8 орта мектебінң 2 "А" класс оқушылары

Асылбеов Ерхан мен Әлмұхан Азаматтың

"Кока- Коланың зияны мен пайдасы" атты жұмысына



Пікір

Аталған сусынның құрамында қант,кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофейн, кармель, көмірқышқылы қосылатыны белгілі. Егер жүргізілген тәжірибелерге сүйенсек, бір стакан Ұсынылып отырған бұл ғылыми жобада кең көлемді тақырып қамтылды. Жас ұрпақ білімді де саналы болса, мемлекетіміздің ірге тасыда мықты болары анық. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы, ой-өрісінің дамуының алғашқы баспалдағы бастауыш сыныпта қаланатыны белгілі. Асылбеков Ерхан мен Әлмұхан Азаматтың бұл ғылыми жобасында кока-коланың көптеген сырларын зерттеген. Ғылымның негізгі қағидаларымен терең таныса отырып, адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасын реттей алуы, түрлі мәселелерді өзі есепке ала алады. Ғылымның негізгі әдістерін, түрлі әдіс-тәсілдерді өз ісінде еркін тиімді қолдана біледі. Шығармашылықпен жұмыс жасай алады. Ерхан мен Азаматтың зерттеу жұмыстарында, проблемалық видео әдіс, сауалнама тәжірибе жұмыстарын жасай отырып, кока-коланың зияны туралы ой тастап оны тек тұрмыстық жағдайларда қолдануды ұсынады. Ерхан мен Азаматтың алар асуы әлі алда. Шығармашылық ізденушілік жолындағы жұмысы жемісті боларына сенемін.





















Аннотация 


Бұл тақырыпты таңдап алуға біздің ата-анаммыздың ықпалы болды. Себебі, бізге , ата-аналарымыз, үлкен адамдар кока-коланы ішпеңдер, ол зиян деген сөздерін жиі еститінбіз. Осы сөздер біздерге кока-коланы зерттеуге қызығушылық тудырды. Сосын ғаламтор желісінен кока-коланың қасиеті, зияны, одан қандай заттар жасауға болатындығы туралы іздей бастадық. Және біздер де солар сияқты зерттеу жұмыстарын жасадым. Осы тақырып төңірегінде ой қозғамақпыз.






Аннотация 

Эту тему выбрать нам помогли наш классный руководитель и родители . Потому что мы от них часто слышим ,что кока-кола вредный напиток ,и нам стало провести исследования как он происходит и из каких веществ состоит. Таким образом , мы стали искать в интернете полезен или вреден ли этот напиток для здоровья человека и из чего он состоит.Мы сделали много работы для исследования этой темы.







Annotation


The reasons for writing a paper on this topic are numerous. Firstofall , coca cola is widely used in every day life.Another reason for writing a paper is that our parents and teacher s opinions about coca cola .Recent health studies about the dangers of consuming soft drinks have concerned many people.Coca is the major drinks company.How coca cola affects on your body when you drink it?

Sugary drinks are considered major contributor health conditions such as a obesity .Coca cola has shit tons of sugar .As you know , that soda contains of sugars and other artificial.If you always drink coca cola then you are near to death because it can cause diadetes .So control yourself, if you still want to live londer.



12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!