Ғылыми жоба "Кока колланың зияны"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Кока колланың зияны"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Кока колланың зияны" туралы ғылымми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы











Ақкөл 2020 жыл



МАЗМҰНЫ


Аннотация................................................................................1


Кіріспе......................................................................................4


1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ


1.1.Кока –кола сусыны. Шығу тарихы...................................5


1.2.Кока-кола Ресейде.............................................................6


1.3. Әлемдегі спорт қозғалысын қолдаушы................7


1.4. Сусынның құрамы............................................................8


2.ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ


2.1.Қызықты айғақтар.............................................................9


2.2.Денсаулыққа әсері.............................................................10


3.ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


3.1 Пайдалы жақтары...........................................................11


3.2.Менің тәжірибиелерім .....................................................12


3.3.Кока-коланы сусын ретінде тұтынбау............................13


Қорытынды...........................................................................14


Пайдаланылған әдебиеттер................................................15





Аннотация:


Бұл жоба бүгінгі күнде халық көп пайдаланатын және адам ағзасына зиянды – кока-кола сусынының зиянын зерттеуге арналған.

Бұл күндері кока-кола сусынын көптеп пайдалану адамзаттың түрлі дертке шалдығуына себеп болуда. Себебі, оның құрамында біз біле бермейтін түрлі қоспалар кездеседі. Ол адам ағзасын әлсіретіп, денедегі қан айналымын бұзып, ас қорыту жүйелеріне кері әсер етіп, түрлі ауруларға жол ашып береді.Қазақта «Дені саудың – жаны сау », «Бірінші байлық – денсаулық» деген жақсы мақалдар бар. Бұл ұлы сөздердің тереңіне үңілсек, бізге, яғни адам баласына денсаулықтың қымбат, денсаулықтан қадірлі еш нәрсе жоқ екенін түсінеміз. Олай болса, сау қылып жаратқан он екі мүшемізді өз қолымызбен ауруға апармайық.


Зерттеу жұмысының мақсаты:Кока -кола сусынының адам ағзасына зиян екенін дәлелдеп, сыныптастарын оны сусын ретінде ішпеу керектігін ғылыми ізденіс арқылы анықтау.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

-Кока- кола сусынының құрамын анықтау;

-Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсету;

-Сусынды шаруашылыққа қалай пайдалануға болатынын зерттеу.


Болжамы:

-Егер, біз кока- коланың адам ағзасына зиян екенін дәлелдер арқылы көрсете білсек, сөрелерден алып тасталама ...


Зерттеу жүйесі: Ақпарат көздерін жинақтау, шығу тарихын және сусынның құрамын білу, тәжірбие жасау, қорытынды шығару.


Зерттеу пәні:Кока- кола сусыны


Зерттеу әдістері: іздену, зерттеу, баяндау, талдау, бақылау, жүйелеу, салыстыру, тәжірбие жасау, ой қорыту.


Зерттеу жаңалығы: Кока -кола сусынына кесек ет салсақ, біраз уақыттан кейін бүрсіп, кішірейіп кетеді. Кез келген затты тазартып, айнадай жалтыратып қоятын қасиеті бар. Тырнаққа жаққан лакты кетіреді,құрбыларым бұл сусынды ішпейтін болды.




Аннотация:


Этот проект посвящён теме употребления напитка «Кока Колы и его использования человеком. В последнее время на российском рынке появляется все больше новых напитков, как зарубежного, так и отечественного производства. Однако есть и уже давно вошедший в наши дома напиток, о вредоносной силе которого ходят легенды. От взрослых мы часто слышим о том, что Кока-кола вредна для нашего организма. Хотя, всем известна информация о том, что вредными являются и такие напитки как чай и кофе. Так что же мы пьем и нужно ли отказаться от потребления того или иного напитка, чтобы сохранить свое здоровье?

Актуальность данного вопроса достаточно проста, ведь тема касается здорового образа жизни. И в первую очередь, здоровья детского организма, который только начал развиваться и формироваться. Вредна ли Кока-кола? Данный вопрос давно интересует родителей учащихся, ведь, как правило, детей интересуют вкусовые качества, яркая упаковка, рекламная акция, но никак не влияние напитка на организм.

Данная работа поможет изучить реальные опасности, идущие от Кока-колы, сравнить ее воздействие на организм с другими популярными напитками, привлечь внимание учащихся школы к здоровому образу жизни.


Задачи:

найти информацию о влиянии напитка Coca-Cola на здоровье человека;

выяснить количество учеников в классе, часто употребляющих этот напиток;

выяснить мнение медиков;

провести эксперимент по изучению свойств Coca-Cola.


Объект исследования: Напиток “Кока-кола”.


Методы исследования:

- эксперимент, фото-фиксация;

- работа с информационным источником;

- социальный опрос; беседа;

- анализ и обобщение информации.








Annotation


This project is about research of people which often use and damage of coca-cola drink. Nowadays people often use coca-cola and have many problems with health. Because it has different mixtures. It weaking of human organs, breaking of circulation blood, harming to digestion systems, it makes various illnesses.

Aim of research: Coca-cola is the drink that proved harmless to the human organs, getting to know that classmates not drinking as it determined by scientific research.


Tasks of research:

- Determine of drink coca-cola mixture;

- To show the news;

- To research how to use this drink in agriculture.


Prognosis:

- If we will prove that this drink is dangerous for human organs, will it remove from shelves..


Systems of research: to collect sources of information, getting to know about history and mixture of this drink, to do experience, to do conclusion.


Research of subject : drink coca-cola


Methods of research: looking for, investigating, telling, observing, comparing, doing an expedition, concluding.


News of research: If we put piece of meat in the coca-cola drink, later this meat turn into smaller. At any time it cleans other things. It cleans the nail varnish, then friends don’t drink this drink.













КІРІСПЕ



Кока –кола сергітетін алькогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған. The Coca-CoIa Company компаниясының өнімі

2006- 2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік сусын болып саналады.

Бірақ осы уақытта бұның бәрін теріске шығарып жатырмыз,өйткені

бұл зат организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі.

Өнім адамға қосымша қуат береді деу- қате пікір. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз.

Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың көп екені

анықталған. Қазір , яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімнің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға тыйым салынып жатыр екен. Мен де өз пікірімді, үлесімді қосып,ойыммен бөліскім

келеді.

Мен де өз зерттеуім және тәжірбием арқылы , осы сусынның пайдасы мен зиянын анықтаймын да , пікірімді жазып , нәтиже шығарамын деген ойдамын.




ПІКІР


Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.

Мирасқа бұл жұмысты таңдауға себеп болған «Кока-коланың шығу тарихы» деген мақала себеп.Ол осы мақаланы одан әрі тереңдете білгісі келіп,қандай да бір деректер тауып, тәжірбиелер жасау арқылы осындай нәтиже мен қорытындылар жасап отыр.

Зерттеу кезінде Мирастың жасы кіші болуы және ақпараттар іздеу

кезінде қиындықтар болды.Соған қарамастан , Мирас алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын.Ол өз пікірін ашық айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық ,нақты жауап беруге дағдыланды.

Болашақта Мирас өзін-өзі танытатындығына мен сеніммен қараймын, өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен , ынтасымен қарайды.






1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ


1.1.Кока-кола сусыны. Шығу тарихы.

«Кока-кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамырайында (Джоржия штаты, АҚШ) Атланта да ойлап тапқан.

Авторы –Америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон (Кока-коланыбір фермер ойлап тауып, рецепін Джон Ститке 250 долларға сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар)

Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «КОКА-КОЛА» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен тоғыз адам сатыпалатын болған. Алайда кока-коланың кірісі біртіндеп өсе бастады.

1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып,1903 жылы газеттерде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады.

Алғашқыда банка түрінде сатылған. Атақты Америкалық мұражай Coca-Cola 1894 жылдан бастап шөлмектерде,ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.






1.2.Кока-кола Ресейде


1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады.Кока-кола 1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. «Кока-кола» компаниясы өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы,кофеин, карамель, көмір қышқылы қосылады деп көрсетілген.

Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтірер залалы күннен-күнге дәлелденіп отыр.





1.3.Әлемдегі спорт қозғалысын қолдаушы


1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиада да «Кока-кола» Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.


1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылды.


1978 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан әлем чемпионатына Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап ,балаларға арналған лагерь ұйымдастырылды.


1.4.Сусынның құрамы

Сусынның әр нұсқасының құрамы әр түрлі болып келеді.Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы проста Кока-кола нұсқасы берілген.


Сусынның компонеттері:

-Қант

-Көміртек диоксиді ( Е 290)

-Бояғыштар : қантколлері ( 150) , кармазин ( азорубин) ( Е 122)

-Ортофосфор қышқылы ( Е 338)

-Кофеин

-Табиғи хош иістендіргіштер


Тағам құндылығы:

-Энергетикалық құндылығы—42 ккал

-Ақуыздар ---0

-Майлар ----0

-Көмірсулар---10 мг

-Натрий ----«11,0 мг

-Калий ----1,0 мг

-Кальций ---4,0 мг

-Магний ----1, 0 мг

-Фосфор --- шамамен 17мг



Кола – тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі; кейбір түрлерінің жемістер імедицинада , ликер және кока-кола сусынын жасауда қолданылады.



2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2. 1.Қызықты айғақтар

1. 2011 жылы «Национал географик» телеарнасы Кока-кола сусынының зауытын,оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті.


2 . 1989 жылы Кока-кола Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын енгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып табылады.


3.Джон Стит Пембортон деген фармацевт адамға қуат беретін шәрбат ойлап тауып,оған адамды сергітетін кока жапырағын қосқан. Бұл өсімдік көпшілікке «кокаин» деген атпен таныс. Сол уақытта кок жапырағына тыйым салынбаған екен.Уақыт өте келе шәрбат саудаға шығарылады. Есірткіден басқа оның құрамында спирт те болған, бірақ көпшіліктің өтініші бойынша спирт құрамынан алынып тасталып,оның орнына Оңтүстік африкалық «кола» жаңғағының дәмі қосылды. Бірақ сусын тым тәтті болып кетті, оған су қосуға тура келді. Ал оның сыртындағы жазуды есепші Фрэнк Робинсон ойлап тапты.1886 жылы Кока-Кола газдалып сатыла бастады. Пембортонның жаңа кәсібі бірден алға баспады. Ақша аз түсе бастаған соң ,ғалым шәрбат формуласын Аза Кендлердеген кісіге 2000 долларға сатып жіберді. Америка Құрама Штаттарына келген кезде қалтасында 1 доллар 75 центі ғана болған. Ол идеяны жандандырып «Coca- ColaCompany» компаниясының негізін қалайды.Соңғы статистикаға жүгінсек, Американың ұлттық сусынына айналған Кока-Коланы әлем бойынша бірминуттың ішінде 8000 адам тұтынады делінген. Оның әзірлеу құпиясы жазылған қағаз жеті қабат жердің астында сақтаулы.




2.2.Денсаулыққа әсері


Дәрігерлердің пайымдауы бойынша Кока-кола әсіресе балалардың баc сүйегіне, ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций, темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып есесіне құрамындағы есірткі зат өміріңізді екі есеге қысқартады. «Кока-кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады»-деп жазады газет. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, ішектің созылмалы ауруымен , асқазан ,өт жолдарының және несеп жолдары ауратындарға тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі. Жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар екен. Орал қаласының ғалымдары Кока-коланы сынақтан өткізген болатын.Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен , нәтижесінде тіс орнына ақ ұнтақтығын ғана көреді.

Сусынның құрамында қанайналымын баяулатып ,аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштары бар.






3.ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


3.1. Пайдалы жақтары:


Ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар.Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.


Көктем ,жаз айларында жәндік, шыбын шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жеріңізге кока-коланы құйсаңыз, жеңілденіп қаласыз.


Кока-кола тотты жақсы кетіреді, үйдегі қолданыстан шығып қалған металл

Заттарды бірнеше сағат сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат

тазарып шағады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезені немесе

автокөліктің саймандарын жуу кезінде жақсы нәтиже алуға болады.


Кока-кола сусынын тамақ дайындауға да қолдануға болады.


Ол тек қана дақты кетірмейді, иісті де жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдерді жусаңыз нәтижесі жақсы болады.


Осындай айғақтардан кейін мен де өз тәжірибиелерімді істеп, өз ойымды, пікірімді сыныптас достарыма айтып, іс жүзінде көрсетіп , олармен бөлісіп отырдым.











3.2.Менің тәжірибиелерім


Мен осы ғылыми жұмыспен айналысқаннан бері бірнеше тәжірбиелер жасап көрдім.Осы тәжірбиелер нәтижесін сыныптас достарыма көрсеткім келді, мына суретте мен достарыма «Кока-кола» сусыны қаншалықты денсаулыққа зиян екенін баяндап, түсіндіріп тұрмын.


1 тәжірибе :Ыдысқа кока коланы құйып, бауырды саламын.Біраз уақыттан кейін,нәтижесін байқаймын.Бауыр жұмырланып қалды.

















2 тәжірибе:

Келесі тәжірибием де сыныптастарымды таң қалдырды. Бір ыдысқа сүт құйдым да, оған кока кола қостым , көп күттірмей сүтім іріп кетті. Бұл да менің ойлап жасаған тәжірбиемнің бірі.












3тәжірибе: Қорытынды: Кока кола ет бұзатын қасиетімен ерекшеленеді.





Осындай нәтижені көрген құрбыларым таң қалды , сусын денсаулыққа зиян екен десіп , өз ойларымен бөлісіп жатты.























3.2.Кока –коланы сусын ретінде тұтынбау


Осындай дәлелді айғақтардан кейін бұл сусынның денсаулыққа кері әсері бар деп ойладым, оған менің тәжірибиелерім дәлел бола алады. Кока –Коланың былығын еліміздің тұрғындарының 80 % көруде. Себебі,сусынның құрамында қан айналымын баяулататын және аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштар жетерлік.

Сусынды ішсек – денсаулыққа өте зиянды екенін білдік. Елімізде денсаулық сақтау Министірлігі жалпы газдалған сусынды мөлшерден көп ішсе, кері әсері де артығымен болады делінген.Оның көзге көрінетін дәлелі,балаларды толықтырады.Өйткені газдалған сусындарға балалардың бәрі де құмар, күнде

мектептен шыққан соң жолшыбай дүкенге кіріп,бір-бір газдалған сусын

алады. Бірде бір бала айран немесе сүт алып ішпейді,менің ойым егер кем дегенде он баладай сүт өнімін күнделікті алса, басқалары да 2-3 күннен кейін ала бастар еді деп.

Кока-Кола, Пепси сусындарын мектеп асханаларында сатуға тыйым салынуда, өйткені менің мектебімде мұндай өнім сатылмайды.

Күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені әбден анықталған. Адамның сүйектері әлсіреп , сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі болған. Осындай айғақтардан кейін бұл сусынды мүлдем тұтынбау керек дер едім.





















ҚОРЫТЫНДЫ


Түркияда оның жасалу жолын білгеннен - ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ - тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат - қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?!

«Кока-кола» (ағылш. Coca-Cola) ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады.


Қорыта келе, біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Тұқымымыздың азып, тоз- тоз болып кетпеуі үшін де, Абылай ханныңтүсіне кірген бақа- шаяндарға айналмауымыз үшін де деніміз сау, мықты болуы шарт. Рухани тәрбиенің орны бөлек. Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жай дұрыс тамақтануы, жеміс жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.

Бірінші байлық -денсаулық деген. Бір ғасырлық тарихы бар сусынды жиі тұтынбағанымыз жөн сияқты.




Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақ тілінің сөздігі. А. Дайк Пресс 1999.


2.ТОО «СП» «Кока-Кола Алматы Боттлерс» 2009.


3.Қызықты айғақтар 2011ж.


4.Ғаламтордағыақпараттар


5.Коланың жаңғағы 11.08.2012





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2025
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі