Ересек
топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім
беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:
Драма
Тақырыбы:
«Көкек»
ертегісі.
Мақсаты:
«Көкек»
ертегісі туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Білімділік:
Ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегі
кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз
қасиеттерін ажыратуға үйрету. Ертегі
мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беруді
жетілдіру.
2.Дамытушылық:
Сөздік қорды, логикалық ойлауды,
байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп айтуды,
ұсақ қол моторикасын, ертегі кейіпкерлерінің
бейнесін мәнеріне келтіріп ойнау
қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік:
мейірімділікке, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:
түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тілдік
жаттығулар, рөлдік және дидактикалық
ойындар.
Қажетті
құрал-жабдықтар: тақырыптық
суреттер, сандықша.
Билингвалдық
компонент: көкек
- кукушка, балалар - дети
Сөздік
жұмыс: дана
адам – бәрін білетін, өте ақылды, көпті
көрген адам
Қызмет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
қызметі
|
Балалардың
қызметі
|
Мотивациялық
– қозғаушылық
|
Балалармен
амандасады. Көктем
мезгілі
келгенде қалай қуанатындарын,
көңіл-күйлері қалай болатындарын өлең
арқылы көрсетуді сұрайды.
Кенеттен
слайд арқылы көктем
мезгіліндегі құбылыс көрсетіліп,
құстардың сайрағаны, судың сылдыры,
тамшылар тырсылындай
дыбыс естіледі. Слайдтан «Көкек»
ертегісі
туралы кітаптың бірінші беті, яғни
мұқабасы көрінеді. Тәрбиеші балаларға
бүгін жаңа ертегіні оқып беретіндігін
айтады.
|
Сәлемдеседі.
Орындарынан тұрып, көңілді, мәнерлі
дауыспен былай әндетеді:
Алақай!Алақай!
Қуанады
балақай!
Көкке
бояп өңірді,
Көктем
келді көңілді...
Бау-бақшада,
орманда
Құстар
әні төгілді
Балалар
қай мезгілде осындай құбылыс болатындығын
айтады.
|
Ұйымдастырушылық
– іздеушілік
|
Тағы
да
слайд
арқылы көктем мезгіліндегі құбылыс
көрсетіліп, көкек құсының дауысы
естіліп, ағаш макетіндегі көкек құсын
және ағаштың бұтағына ілініп тұрған
ертегі кітабын көрсетеді.
«Көкек»
ертегісін
мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстырады.
Сөздік
жұмысын жүргізеді, олардың мағынасын
меңгертеді: көкек - кукушка, балалар
- дети
дана
адам – бәрін білетін, өте ақылды, көпті
көрген адам
Сұрақтар:
1.Ертегі
не туралы екен?
2.Көкек
қайда ұшып келеді?
3.Балалар
көкекті ұстау үшін не істеді?
4.Көкекке
кім кездесті?
5.Көкек
не деп күлді?
6.Дана
адам көкекке не деп жауап берді?
7.Көкек
не істеді?
8.Дана
адам балаларға не дейді?
Сергіту
сәті. «Көкек» туралы әнді
әндетіп, қимыл-қозғалыс арқылы
айтуларын өтінеді.
Магнитті
тақтаға ертегі бойынша суреттер
арқылы
«Көкек» ертегісін бірізділікпен
әңгімелеуді
үйретеді.
|
Балалар
көңілденіп, ағаштағы ертегі кітабының
«Көкек» ертегісі екендігін түсінеді.
Балалар
мұқият тыңдайды.
Сөздердің
аудармасын жаттап алуға және «дана
адам» тіркесінің мағынасын білуге
тырысады.
Ертегі
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді.
Балалар
орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуын
ән сөзіне сәйкес көрсетіп айтады:
Жаз
күні біздер
Далаға
келдік.
Ағаштан
биік
Бір
құсты көрдік.
Сайрады
сол құс:
«Көкек!
Көкек!»
Аты
оның содан
Аталған
көкек.
Балалар
ертегі мазмұнына байланысты суреттер
арқылы ертегіні жүйелі түрде әңгімелеуге
тырысады.
|
Рефлексивтік
– түзеушілік
|
ҰОҚ-нде
не үйренгендерін кері байланыс әдісі
арқылы сұрайды.
Балаларға
алғыс ретінде көкек суретінің боямағын
таратады. Қоштасады.
|
Балалар
өздігінен жауап беруге тырысады.
Белсенділік
көрсеткен балаларға алғыс айтады.
Тәрбиешімен қоштасады.
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі :
1.
ертегіні
суреттер арқылы мазмұндауды;
2.
сұрақтарға толық, нақты жауап беруді;
4.
диалог түрінде сөйлеуді.
Қандай
түсініктерді игерді?:
1.
ертегі туралы жалпы түсінікті;
2.
«Дана адам» туралы үғымды.
Меңгерген
дағдылары мен іскерліктері:
1.Ертегіні
тыңдауды, оны жалғастырып айтуды;
2.
тақпақты, әнді хормен айтуды,
қимыл-қозғалыспен дұрыс көрсетуді;
3.Алғыс
айтуды.