400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көкек. Заттың санын білдіретін сөздер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкек. Заттың санын білдіретін сөздер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді_____________________


Бөлім: Сөз және оның мағынасы Ана тілі

Педагогтың аты-жөні: Азиева А.Т.

Күні: 20.05.2025ж

Сынып 1 «Ә»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы: Көкек. Заттың санын білдіретін сөздер.

Оқыту мақсаты

1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ,мақал-мәтел,өлең,әңгіме,ертегі) ажырату;

1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және сету, есте сақтау арқылы жазу;

Сабақтың мақсаттары:

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажыратады;

Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және сету, есте сақтау арқылы жазады.

Құндылықтар:

Мамыр айы: Бірлік және ынтымақ

Құндылық мақсаты: Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Психологиялық ахуалды жақсарту

«Ыстық алақан» әдісі арқылы (оқушылар қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы лебіз білдіреді)

Өткенді пысықтау

«Сәттілік дөңгелегі» әдісі

Дөңгелекке жазылған сан есімдерді оқып, сұрақ қояды, сөйлем құрайды

Бес, жүз, қырық, отызыншы, сексен бесінші, тоқсан бірде, он тоғызда.

Осы сөздермен сөйлем құра

Алақандарын қосып, жақсы тілектер айтады






Сан есімдерді оқиды

Мақтап, мадақтап отыру



Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді

Сан есімдерді біледі, қолданады


Суреттер








Медаль суреттері

Сабақтың ортасы

30 минут

Тақырыпты ашу

«Қызықты сұрақ» ойыны

-Заттың санын білдіретін сөздерді екі топқа бөллуге бола ма?

-Оларды сен қалай бөлер едің?

- Неше? Сұрағына жауап айт

-Нешінші? сұрағы қандай сөздерге қойылады?

-Біз сұрақты не үшін қоямыз?


Жаңа тақырып

1-жаттығу

Автор туралы.

Мұхаметжан Етекбаев 1936 ж. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. 1961 жылы «Алтын мүйізді киік» атты тұңғыш кітабы жарық көрді.

Мәтінмен жүргізілетін жұмыстар:

1.Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.

2.Мәтінді өзі оқиды.

3.Жеке оқушыларға оқытады.

4.Мазмұнына байланысты сұрақтар қояды.

–Әңгіме не туралы?

–Көкектің ісі дұрыс па, қалай ойлайсың?

5. Тізбектей оқытады


Бірлескен жұмыс

«Ойлан, тап»

Атадан 10 баламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

–Қандай балалар туралы айтылған?

–Математикадағы он цифрды айтып беріңдерші.

–Сандарды қай жерде қолданасыңдар?


Сергіту сәті.

Көзге арналған жаттығулар жасайды.

Алысқа 2–3 секунд тесіліп қараймыз, мұрынның ұшына 2–3 секунд қараймыз және бұны 6–8 рет қайталаймыз;

Басты қимылдатпай, көзді сағат тілімен, сағат тіліне қарама-қарсы 3–5 рет айналдырамыз.


2-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. Жазған сөзде ріңе сұрақ қой.

Бір қолда бес саусақ бар. Біз бірінші сыныпта оқимыз.

Мен төртінші партада отырамын.

Бес-неше?

Бірінші, төртінші-нешінші?


3-жаттығу

Ойлан, тап.

Өлеңді оқып, жауабын айт

Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек?


Өзіндік жұмыс

Тест тапсырмасын орындау:

Заттың санын білдіретін сөз:

а) күн ә) бес б) суық

Не? деген сұраққа жауап беретін сөз:

а) ән; ә) күн; б) он

Нешінші? сұрағына жауап беретін сөз:

а) бірінші ә) кітап; б) адам

Жан-жануарға қойылатын сұрақ:

а) кім? ә) не? б) кімдер?

Адамға қойылатын сұрақ:

а) не? ә) кім? б) нелер?

Сұрақтарға жауап береді








Жаңа тақырыппен танысады




Тапсырманы орындайды








Жеке жұмыс жасайды



Тапсырманы орындайды





Жаттығу жасайды






Дәптермен жұмыс жасайды








Сұрақтарға жауап береді

Жауабы: алты







Тест тапсырмала

рын орындайды



Дескриптор:

Мәтінмен жұмыс жасайды

Сұрақтарға жауап береді

Мәтіннің мазмұнын біледі



Дескриптор:

Жұмбақты шешеді

Сұрақтарға жауап береді






























Дескриптор:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады. Жазған сөздеріне сұрақ қояды

Дескриптор:

Жұмбақ өлеңді оқиды

Жұмбақтың шешуін табады


Суреттер






Оқулық



Оқулық




Көкек құсы туралы суреттер







Суреттер



Қимылдар






Жұмыс дәптері





Оқулық





Тест парақша лары



Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс

Кері байланыс жасайды

«Бағдаршам» әдісі бойынша өзін өзі бағалау

Кері байла ныс тақтасы














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
215
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі