Күні: 9.11.2018.
Тәрбиеші: Р.
Қоянбай.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет.
Тақырыбы: Көкөністер.
Мақсаты:
Көкөністер туралы түсінік беру. Олардың атауын, пішіні мен түсін
танып айыра білуге үйрету. Қимыл қозғалысты ойын арқылы
байланыстыра білуге, бағбан, бақша, дүкен, сатушы сөздің ұғымын
түсіндіру.Төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен
көрнекілігі: көкөністер
суреті, муляж, шынайы көкөністер, теледидар..
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, бояу,
мадақтау.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, көркем әдебиет.
Сөздік жұмыс: бақша, дүкен, сатушы.
Билингвальды компонент: қияр-огурец, қызанақ-помидор.
|
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық
Қозғаушы
Амандасу.
Өткен тақырыпты
қайталау.
Бала зейінін жаңа
тақырыпқа тарту.
Жаңа тақырыпты
игерту.
Өткен оқу іс-әрекетпен
байланысы
|
Шаттық шеңбері.
Қонақ келсе құт
келер,
Бізден жақсы іс
көрер,
Жайымыз жоқ
алақтар,
Қош келіпсіз
қонақтар.
-
Балалар, өткен оқу қызметінде не туралы
әңгімелеп, суретін салдық?
-
Өте
дұрыс.
-
Жақсы, енді бүгін жаңа тақырыппен танысамыз, ол үшін компьютерге
қараймыз.
-
Суретте не көріп тұрсыңдар?
-
Өткен оқу қызметінде моншақтар туралы айтып
өтсек, бүгін көкөністер туралы айтамыз.
-
Көкөністерге не жатады?
|
Балалар қимылмен жасап көрсетеді.
Моншақтардың суретін салдық.
Қарайды.
Көкөністер
Қияр, қызанақ, картоп, сәбіз,
жуа.
|
|
Ізденуші-
Ұйымдастырушы
Оқу іс-әрекетке
проблемалық мәселені қоя білуі
Таным белсенділігінің
дамуы
Ауызша сөйлеу, тіл
дамыту
Ұжымдық және жеке
жұмыстар
Оқу іс-әрекетке
қызықтыру
Баланың өз бетімен
жұмысы
Ғылыми
меңгерілуі
Қимыл
әрекеті
Пәнаралық
байланыс
|
Тосын
сәт.
-
Балалар, біз бақшаға келген сияқтымыз, бақшада кім жүр?
-
Балалар, бағбан атаймен
амандасамыз.
-
Бағбан атай: көктемде жерді жыртып, дәндер себіліп, жаз бойына
суарып, арам шөбін жұлып, күтіп баптаудың арқасында күз айында
мынадай өнімдер береді.
-
Балалар, қараңдаршы мында қояндар жүр ғой,
амандасайықшы?
-
Мұнда
неғып жүрсіңдер?
-
Қояндар: біздердің азығымыз таусылып қалды, сол себепті осы
жерде жүрміз.
-
А-а-а
білеміз, білеміз. Балалар қоянның сүйікті тамағы не екенін
білесіңдерме?
-
Бәріміз көмектесіп қояндарға сәбіз жинап
берейік.
-
Қояндар рахмет айтып, кетіп қалады.
-
Бағбан атай: балалар піскен көкөністерді қайда апарамыз?
-
Дұрыс, дүкенге апарамыз, ол жерден адамдар сатып алады.
Сөздік жұмыс: дүкен,
сатушы.
-
Балалар осы бақшадағы өнімді күтіп баптап, өсіруші атайды біз
«Бағбан атай» деп атаймыз. Бағбан атайға сау болыңыз деп
айтайық.
-
Билингвальді компонент: қызанақ-помидор,
қияр-огурец.
-
Қияр
мен қызанақ суреттерін бояу.
-
Балалар, қане көкөністер сататын дүкенге
барайықшы.
-
Сәлеметсізбе?
-
Дүкенші, сәлеметсіңдерме! Қандай керемет балалар!
-
Дүкенші мен сатушы туралы түсінік беру.
Теледидардан
көкөністер туралы көрсету.
-
Көкөніс атауларын айтайық?
-
Мынау
қандай көкөніс?
-
Мына көкөністің пішіні қандай,сопақшама әлде
дөңгелек пе?
-
Көкөністердің түсі қандай?
Сергіту сәті.
Музыкамен қимылдар
жасау.
Ойын: Жемістер мен
көкөністерді ажырат.
Жұмбақтар жасыру.
|
Бағбан атай.
Амандасады.
Картоп, сәбіз, жуа
Амандасады.
Сәбіз ғой.
Жинап
береді.
Дүкенге.
Сау
болыңыз, бағбан атай.
Қайталайды.
Бояп
береді.
Иә,
барамыз.
Сәлеметсізбе.
Рахмет.
Түсінеді.
Айтады.
Жауап
береді.
Қимылдар жасайды
Ойнайды.
Жауабын табады.
|
|
Рефлексивті-
Түзетуші
Білімді бағалау, үйге
тапсырма
|
-
Қияр мен
қызынақ суретін әдемі, бояғандарың үшін мен сендерге ризамын,
сондықтан мына смайликтерді сендерге қуанышпен таратып беремін және
үйге тапсырма көкөністер туралы өлеңдер жаттап, аналарыңа
көкөністер туралы айтып беріңдер. Рахмет балалар!
|
Бақшаға бардық. Бағбан атайды көрдік. Дүкеншімен сөйлестік.
Қояндарға сәбіз жинадық. Қызанақ пен қияр суретін боядық.
Қызықты. Әр түрлі болады.
Балалар қуанады, тапсырманы орындауға тырысады.
|
Күтілетін нәтиже.
Біледі: Көкөністердің атын айырып айтуды;
Игереді: Бақша,
дүкен сөздерінің мағынасын ;
Меңгереді:
пішіндерді, түстерді, бояу дағдыларын.