Бестамақ «Болашақ бала
бақшасы»
Ашық оқу
қызметі.
Тақырыбы: «
Көкөністер»
Білім саласы: Коммуникация,
таным.
ҰОҚ: Қазақ
тілі.
«Солнышко»
тобы.
Тәрбиеші: Жубатова А.
У.
Сәуір
2018ж.
Сабақтың
мақсаты:
Көкөністер түрін ажырата білу. Балалардын тілін дамыту, сөз қорын
молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,
айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу.
Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза
ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
Қанеки, дәстүрлі «Шаттық шеңберін» құрып, қол ұстасып мына келген
қонақтарымызбен амандасайық.
-Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз.
Барша жанды
құрметтеп,
Бас иеміз
біз.
– Бір сәт тақтаға көңіл
аударайықшы
Нені көріп отырсыздар ?
– Күнді
– Дұрыс айтасыңдар
– Осы күннің әр шапағында жұмбақ жасырынған.
Егер кім-кім жұмбақтың шешуін тауып, жауабын айтса, бүгінгі сабақта
қандай тақырып төңірегінде мағлұмат алатынымыз белгілі
болады.
– Ол үшін ойын
ойнайық.
Ал, балалар,
ойнайық,
Ойнайық та,
ойлайық.
Қандай жұмбақ болса
да,
Шешпей оны қоймайық.
-
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық.
(Пияз)
-
Жер
астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық.
(Сәбіз)
-
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны
бар.(Орамжапырақ)
-
Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр
.(Қызылша)
-
Әр
желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (Қияр)
Балалар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Көкөніс». Көкөністер күннің сәулесінен қуат алып, жылуынан
құнарланып, гүлдеп, түйнек салады, жеміс
береді.
– Балалар, сендер көкөністің жансыз бейнесін көріп
отырсыңдар.
Енді, көкөністің табиғи түрін көргілерің келе
ма?
– Иә
– Олай болса маған назар
аударыңдар.
Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық
мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың
болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті
дәрумендер мен минералды тұздар көп
Топтық жұмыс
-
Үстелдің үстінде жатқан қағаз қиындыларын
құрастыру. (әр үстелде көкөністердің суреттері құрылады. Сол
құрылған сурет топтың аты болады.)
Ұпайларын санап отыру.
1 – тапсырма.Әр топқа тапсырма
беру.
1 –
топ қызанақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі,
салмағы, сапасы т.б.).
2 – топ орамжапырақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні,
дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
3 – топ сәбіз туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі,
салмағы, сапасы т.б.).
4 –
топ картоп туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі,
салмағы, сапасы т.б.).
2 –
тапсырма. Жұмбақтар сайысы. Әр топ бір-біріне
жұмбақ жасырады.
3 –
тапсырма. Көкөністер мен жемістерді
ажырату.
4 –
тапсырма. Графикалық тақпақ
жаттау.
Бақшасында атамның
Көкөністер көп екен
Теріп, жинап аламыз
Себеттерге саламыз
Пияз, картоп, қызылша
Түйнек, сәбіз, қызанақ
Орамжапырақ қиярлар
Жалқан болса тағы бар.
Сергіту
сәті:
Ал балалар
тұрайық
Қолымызды
созайық
Жапырақ болып
дөңгелеп
Жерге келіп
конайық
1-2-3 Жапырак болып
ұш
5. Шығармашылық
тапсырмалар.
1 –топ мақалды жалғастыр
«Ағашы аласа болса да? Алмасы тамаша» Адам көркі – шүберек, ағаш
көркі – жапырақ,
2 – топ сурет
жинау (орамжапырақ),
3 –
топ көкөністерді геометриялық фигуралар арқылы сәйкестендіру.
Қияр-сопақ, қызанақ-домалақ,
пияз-үшбұршақ.
4 –
топ жасыл, қызыл, тоқ сары, күлгін түстерді көргенде қай
көкөністер елестейді
Қорытынды.(Сұрақ -
жауап)
Балаларды
марапаттау.