400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көкөністер классификациясы. Тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өңдеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж студенттері мен арнайы пән оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары №18

Оқытушы: Оразалина Балнұр Мұратқызы

Пән: Тағам дайындау технологиясы.

Мамандық, топ: 0508000-«Тамақтандыруды ұйымдастыру». 1 ОПп-619.

Тақырыбы: Көкөністер классификациясы. Тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өңдеу.

Күні: 07.02.2020 ж.

Сабақ типі: Теориялық.

Сабақтың мақсаты: Білімалушылардың қызығушылығын арттыра отырып, көкөністер классификациясы, тамыржемістілер мен түйнекжемістілердің өңдеу шарттарымен таныстыру. Білім сапасын көтеру мақсатында, білімалушылардың өзіндік жұмыс жасауына жағдай туғызу.

Білімділік: Білімалушыларға көкөністер классификациясы, тамыржемістілер мен түйнекжемістілердің өңдеу шарттарымен таныстыру.

Дамытушылық: Білімалушыларға көкөністер классификациясы, тамыржемістілер мен түйнекжемістілердің өңдеу кезіндегі формаларын түсіндіру. Кәсіптік икемдерін, талаптарын жеткізу, білім қажеттіліктері мен іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелілік: Білімалушыларды сабаққа ынталандыру, көңіл аударту, шешім қабылдату, талап қоя білдірту.

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, ізденіс-зерттеу түрінде.

Сабақ көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, слайдтар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: Тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру Тамақтандыру кәсіпорны экономикасы. Азық-түлік тауарларын тану

Негізгі әдебиет:

  1. Г.Бесімбаева, Е.Бесімбаев «Аспаздық» - Астана: Фолиант, 2015 ж.

  2. А.Т. Васюкова учебное пособие, 2016 ж.

  3. Ковалев Н.И. Технология приготовления пищи. Росмтов-на-Дону, Феникс, 2011 г

  4. Комарова Т.А. Казахская кухня. Алматы, 2001г

  5. Харченко Н.Э. Сборник рецептур блюд и кулинарных изделий. Москва, «Академия», 2011 г

  6. Справочник технолога общественного питания. Москва, 2000 г.


Қосымша:


  1. Сопина Л.Н. Пособие для повара. Москва, 2006 г.

  2. Шатун Л.Г. Повар. Москва, 1999 г.








Сабақтың барысы және уақытының өлшемі


1.

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

2.

Білімдерін тексеру

10 мин

3.

Жаңа тақырыпты жеткізу кезеңі

15 мин

4.

Тақырыпты бекіту

10 мин

5.

Сабақ қорытындысы

3 мин

6

Рефлексия

2 мин

7.

Үй тапсырмасы

2 мин



Көкөністер классификациясы. Тамыржемістілер мен

түйнекжемістілерді өңдеу.


Адам қорегінде көкөністердің атқаратын рөлі зор. Олар ағзадағы асқорту процесін жақсартады, дәрумендер көзі болумен қатар, минералдарға, хош иісті және тәтті заттарға бай.

Тамақтану кәсіпорындарында көкөністер салқын тағамдар, сорпалар, тұздықтар, көкөніс тағамдарын, гарнирлер дайындау үшін қолданылады.

Көкөністер: Өсімдіктің қай бөлігі тамаққа қолданылуына байланысты көкөністер екі топқа бөлінеді: вегетативті және генеративті.

Вегетативті көкөністердің жапырақтары, тамырлары, сабақтары, түйнектері тамаққа қолданылады. Бұл топқа:

түйнекжемістілер (картоп, топинамбур, батат);

тамыржемістер (қызылша, сәбіз, тұрып, шалғам, шалқан, тарна, ботташық, балдыркөк, ақжелкен);

орамжапырақ көкөністері (ақ қауданды, қызыл қауданды, савой, брюссель, кольраби, гүлді);

пияз көкөністері (басты пияз, порей пиязы, шалот пиязы, батун пиязы, сарымсақ);

салат- шпинатты көкөністер (салат, шпинат, қымыздық және т.б.);

татымды көкөністер (аскөк, балдыркөк, ақжелкен, чабер, эстрагон, түбіртамыр, базилик, т.б.)

десертті көкөністер (спаржа, рауғаш, артишок т.б.) жатады.

Генеративті көкөністерде тамаққа тұқымдары, жемістері, гүлдері қолданылады. Оларға:

асқабақты (қияр, кәді, асқабақ, патиссондар, қарбыз, қауын);

томатты (қызанақ, баклажан, бұрыш);

бұршақты (асбұршақ, үрмебұршақ, атбас бұршақ);

астық көкөністері (жүгері) жатады.

Жетілу мерзіміне байланысты көкөністер ерте, орташа, кеш пісетін болып бөлінеді. Қолданылуына қарай көкөністер асханалық (тамаққа қолдану үшін), техникалық (крахмал, қант және басқа өнімдерді алу үшін) және әмбебап болып бөлінеді.

Көкөністерді механикалық және аспаздық өңдеу кезектесіп келетін: сұрыптау (іріктеу), жуу, тазалау, турау технологиялық әрекеттерден тұрады.

  • Сұрыптау- мөлшеріне қарай іріктеу, механикалық өңдеу кезінде керексіз шығынды азайтады, белгілі бір тағамды дайындауда көкөністі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сапасы мен мөлшеріне қарай бөлу жұмыстары жүргізіледі.

  • Жуу – көкөністерді жуу машиналарымен немесе қолмен топырақ, құм қалдықтарынан тазарту әрекеті.

  • Тазарту – көкөністердің қабығынан қолмен немесе көкөніс тазалағыш машиналардың көмегімен тазарту.

  • Турау – тағам дайындау технологиясына қарай көкөністерді біркелкі турау, кесу.

Көкөністерді механикалық және аспаздық өңдеуден өткізу көкөніс цехында іске асырылады.

Көкөністерді механикалық және аспаздық өңдеуден өткеннен кейін дайындалу тағамына байланысты турайды. Тураудың екі түрі бар жай және күрделі.

Түйнекжемістілерді турау түрлері: Жай түрі: сабанша, томарша, текшеше, бөлікше, тілімше, дөңгелекше.Күрделі түрі: бөшкеше (кеспектеп), сарымсақша, шар пішінді, жаңғақша, ширатпа.

Тамыржемістілерді турау түрлері: Сәбіз – жай түрі: сабанша, томарша, текшеше, бөлікше, дөңгелекше; күрделі түрі: жұлдызша, айдарша, шар пішінді және жаңғақша. Қызылша - жай түрі: сабанша, текшешелер (орташа, ұсақ), тілімше; күрделі түрі: шар пішінді, жұлдызша, айдарша.

Орамжапырақ тұқымдастарды турау түрлері: сабанша, шаршы, бөлікше, шабым.

Пияз тұқымдастарды турау түрлері: Басты пияз - сақина, жартылай сақина, бөліктеп, өте ұсақ текшеше (окрошка); Көк пиязды – сақинашалар, ірі шпалкілер.

Жемісті көкөністерді турау түрлері: Асқабақ – текшеше, тілімше, (сирек) бөлікше; Кәді – дөңгелекше, тілімше, текшеше; Қияр – дөңгелекше, тілімше, ұсақ текшеше, сабанша; Қызанақ – дөңгелекше, бөлікше, текшеше; Баклажан – дөңгелекше, тілімше, текшеше; Қынапты бұрыш (перец стручковый) – сабанша, текшеше.

Көкөністер мен саңырауқұлақтарды механикалық және аспаздық өңдеу және турау жұмыстары арнайы жабдықталған көкөніс цехтарында өткізіледі. Көкөніс цехының ұйымдастырылуы көкөніс қоймасының жанына орналастырылуы қажет, өйткені қажет көкөністерді тез әрі ыңғайлы керегіне қарай жарату үшін. Көкөніс цехтарында жабдықтар көкөністерді өңдеу операцияларын орындауға ыңғайлы орналастырылады. Тамақтандыру орындарында көкөністерді турау түрлерінің жай түрлерін, ал банкеттік немесе тапсырыс бойынша дайындалған тағамдар дайындауда немесе тағамды безендіруде күрделі турау түрлерін қолданады. Турау түрлерінің жай түрлерін қолмен немесе турау машиналарымен турайды, күрделі турау түрлерін арнайы құралдармен және пышақтын түрлерімен турайды. Көкөністерді топтастырылуына байланысты турау өлшемдері де әр түрлі болады.







































































Қосымша



Көкөністерді топтастырылуына байланысты турау түрлерінің өлшемдері схема түрінде берілді.

Түйнекжемістілерді турау түрлері, өлшемдері мен аспаздық қолданылулары (Картоп)

№

Турау түрлері

Өлшемдері (см)

Қолданылуы

1.

Сабанша -

  • Ұзындығы 4-5, қиындысы 0,2×0,2

  • Көп мөлшерлі майда қуыруға

2.

Томарша -

  • Ұзындығы 3,5-4, қиындысы 0,7×0,7 ден 1×1 дейін

  • Қуыру үшін және сорпаларға, көжелерге

3.

Текшеше:

ірі -



орташа -



ұсақ -



  • 2-2,5



  • 1,5



  • 0,3-0,5

Жарма қосылған көжеге, сібірлік, флоттық борщтарға, бұқтыру үшін.

  • Суттегі кортоп тағамы үшін, бұтыру үшін.

  • Салаттар мен салқын тағамдарга гарнир үшін.

4.

Бөлікше -

  • Орташа картоп, ұзындығы 5

  • Қышқыл сорпаға, турам етке, қақталған сиыр етіне, көп мөлшерлі майда қуыруға.

5.

Тілімше -

  • Қалыңдығы 0,1-0,2, жалпағынан 1-1,5

  • Салаттарға, винегретке, қуыруға.

6.

Дөңгелекше :

шикі –



пісірілген -



  • Диаметрі 2-3, қалыңдығы 0,15-0,2

  • Диаметрі 2-3, қалыңдығы 0,15-0,2



  • Негізгі әдіспен көп мөлшерлі майда қуыру үшін.

  • Балық және ет тағамдарын қақтау үшін.

7.

Бөшкеше -(кеспекше)

  • Биіктігі 3,5-4, диаметрі 3-3,5

  • Гарнирге пісіру үшін.

8.

Сарымсақша -

  • Ұзындығы 3,5-4

  • Қышқыл сорпаға

9.

Шар пішінді:

ірі –



орташа –





ұсақ -



  • Диаметрі 3-4



  • 1-1,5





  • 0,5



  • Пісіру үшін, көп мөлшерлі майда қуыру үшін.

  • Пісіру үшін, гарнирге, көп мөлшерлі майда қуыру үшін.

  • Пісірілген күйінде салқын тағамдар үшін.

10.

Жаңғақша -

  • Ені 2-3, қалыңдығы 0,2-0,3

  • Көп мөлшерлі майда қуыру үшін.









Тамыржемістілерді турау түрлері, өлшемдері мен аспаздық қолданылулары (Сәбіз)



№

Турау түрлері

Өлшемдері (см)

Қолданылуы

1.

Сабанша -

  • Ұзындығы 4-5, қиындысы 01,×0,2

  • Маринадтауға , қышқыл сорпаларға, борщтарға.

2.

Томарша -

  • Ұзындығы 3,5-4, қиындысы 0,4×0,5

  • Макарон көжелеріне, көкөніс сорпасына, бөктіру үшін.

3.

Текшеше:

орташа –



ұсақ: шикілей

піскен

шабынды



  • Жалпақтығы 1-1,5



  • Қиындысы 0,5×0,5



  • Қиындысы 0,5×0,5



  • Қиындысы 0,2×0,5



  • Бұқтыру және бөктіру үшін.

  • Жарма және бұршақ жарма көжелерін дайындауға.

  • Салаттар және салқын тағамдарға гарнир үшін.

  • Тәуліктік щи және күріш көжелеріне.

4.

Бөлікше -

  • Ұзындығы 3,5-4

  • Бөктіру үшін, рагу үшін, орамжапырақтан щи дайындау үшін, қақталған сиыр етін дайындау үшін.

5.

Тілімше:

шикі –



пісірілген -

  • Қалыңдығы 0,1-0,2

  • Жалпағынан 1






  • Флоттық, сібірлік борщтарына.

  • Салаттар және винегрет үшін.

6.

Дөңгелекше –



шикі –

пісірілген -

  • Диаметрі 2-2,5, қалыңдығы 0,1-0,15






  • Шаруашылық көжесіне.

  • Салқын тағамдарға гарнир үшін.

7.

Жұлдызша –



Айдарша -

  • Қалыңдығы 0,1



  • Қалыңдығы 0,1

  • Салқын тағамдарды безендіру үшін.

  • Салқын тағамдарды безендіру үшін.

8.

Шар пішінді -

  • Диаметрі 1-1,5

  • Салқын тағамдарға гарнир үшін.

9.

Жаңғақша -

  • Диаметрі 0,5-1

  • Салқын тағамдарға гарнир үшін.



Тамыржемістілерді турау түрлері, өлшемдері мен аспаздық қолданылулары (Қызылша)



№

Турау түрлері

Өлшемдері (см)

Қолданылуы

1.

Сабанша -

  • Ұзындығы 4-5, қиындысы 02,×0,2

  • Борщтар үшін.

2.

Текшеше:

орташа –

ұсақ -



  • Жалпақтығы 1

  • Жалпақтығы 0,5



  • Бұқтыру үшін.

  • Винегретке және гарнир үшін.

3.

Тілімше -

  • Ұзындығы 1-1,5, қиындысы 02,×0,2

  • Борщтар үшін.

4.

Шар пішінді -

  • Диаметрі 1-1,5

  • Салқын тағамдарды безендіру үшін.

5.

Жұлдызша –

  • Диаметрі 1-1,5

  • Салқын тағамдарды безендіру үшін.

6.

Айдарша -

  • Диаметрі 1-1,5

  • Салқын тағамдарды безендіру үшін.






Орамжапырақ тұқымдастарды турау түрлері, өлшемдері мен аспаздық қолданылулары (савойлық, ақ және қызыл басқауданды орамжапырақтар).



№

Турау түрлері

Өлшемдері (см)

Қолданылуы

1.

Сабанша -


  • Бұқтыру үшін, борщтар мен салаттар дайындау үшін.

2.

Шаршы -

  • Ені 2-2,5

  • Щи, борщ (флоттық, сібірлік), көкөніс сорпасын және бөктіру үшін.

3.

Бөлікше -

  • Ұсақ орамжапырақ-

тарды радиусы бойынша 4бөлікке бөледі.

  • Пісіру, бөктіру үшін.

4.

Шабынды -

  • Сабанша түрінде туралған орамжапырақты ұсақтап шабады.

  • Салма, тартым дайындау үшін.






Пияз тұқымдастарды турау түрлері, өлшемдері мен аспаздық қолданылулары (басты пияз).



№

Турау түрлері

Өлшемдері (см)

Қолданылуы

1.

Сақина -

  • Қалыңдығы 1-2мм

  • Кәуап немесе көп мөлшерлі майда қуыру үшін.

2.

Жартылай сақина (сабанша)

  • Қалыңдығы 1-2мм

  • Сорпалар мен тұздықтар және винегрет дайындау үшін.

3.

Бөлікше -

  • радиусы бойынша 3-4бөлікке бөледі.

  • Щи, рагу, қақталған сиыр еті, орысша бүйрек дайындау үшін.

4.

Ұсақ текшеше (шабынды)

  • Қалыңдығы 1-3мм жолақтарға турап, оны ұсақ текшешелерге турайды.

  • Харчо сорпасына, тәуліктік щи, тартым үшін.





Пияз тұқымдастарды турау түрлері, өлшемдері мен аспаздық қолданылулары (көк пияз).



№

Турау түрлері

Өлшемдері (см)

Қолданылуы

1.

Сақинашалар


  • Салаттар, окрошкілер, салқын борщтар, салқын тағамдарға гарнир үшін және басытқыларға.

2.

Ұсақ таяқша

  • Ұзындығы 1,5-2см

  • Салаттар дайындау үшін.

3.

Ірі таяқша

  • Ұзындығы 5-6см

  • Кәуап және люля-кебеб тағамдарына гарнир үшін.



















Жемісті көкөністерді турау түрлері мен аспаздық қолданылулары.



№

Жеміс

Турау түрлері

Қолданылуы

1.

Асқабақ -

  • Текшеше, тілімше, бөлікше.

  • Пісіруге, бұқтыруға, қуыруға қолданады.

2.

Патиссон және кәді -

  • Дөңгелекше, тілімше, текшеше.

  • Қуыруға, рагу, көкөніс сорпаларын және бұқтыру үшін.

3.

Қияр -

  • Дөңгелекше, тілімше, ұсақ текшеше, сабанша.

  • Салаттар, салқын көжелер дайындау үшін.

4.

Қызанақ -

  • Дөңгелекше,бөлікше, текшеше.

  • Салаттар және көжелер дайындау үшін.

5.

Баклажан -

  • Дөңгелекше, тілімше, текшеше.

  • Қуыру және көжелер дайындау үшін.

6.

Қынапты бұрыш (тәтті және ащы)

  • Сабанша, ұсақ текшеше.

  • Салаттар және көжелер дайындау үшін.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 маусым
2029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі