400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Көкөністер мен жемістер 1-сынып т2

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкөністер мен жемістерді ажырата білу. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: сыныбы:

Сабақтың атауы

Жемістер мен көкөністер

Мақсаты

Оқу, жазу арқылы оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Оқушыларды жеміс-жидек,көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, білімдерін толықтыру, мысалдармен бекіту

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:Күнделікті қолданылатын таныс сөздерді қолдана алады.

Оқушылардың көпшілі орындай алады:Тақырып аясында қарапайым тілдік қарым-қатынас құра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мұғалімнің көмегімен сөз тіркестерінен сөйлем құрай алады.

Күтілетін нәтиже



1) ойлау, есте сақтау, есту мен көру қабілеттерін дамыту    

2) сөздік және ауызекі сөйлеу дағдыларын байыту

3) пәнге деген қызығушылықтарын  арттыру

Психологиялық ахуал

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

Біз бақытты баламыз,

Күліп-ойнап аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІІІ.Топқа бөлу

1-топ «Жемістер»

2-топ «Көкөністер»

 Жемістер, көкөністер және жидектердің суреттерімен танысып, қазақша атауларын қайталайды.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Суретпен жұмыс.

Оқушылар сурет арқылы жемістер мен көкөністерді көреді және тыңдайды.

Жемістер бақшада, көкөністер бақта өседі.Денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Көкөністер, жемістер, сүт тағамдары, ет тағамдары адамға пайдалы. Олардың құрамында қажетті пайдалы дәрумендер бар. Сондықтан әр түрлі азық – түліктерді жеу денсаулыққа пайдалы.


Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Сөздік жұмыс

Жемістер – фрукты

Көкөністер – овощи

Тәтті – сладкий

Қышқыл – кислый

Құлпынай – клубника

Алмұрт – груша

Жүзім – виноград

Сәбіз – морковь

Картоп – картошка


Дескриптор:

-мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсінеді

-жемістер мен көкөністерді ажырата біледі



ТКО әдісі. Постермен жұмыс

Әр топқа жемістер мен көкөністердің суреттерін тарқатамын.

Жемістер мен көкөністердің суреттерін рет-ретімен постерге жабыстырып әр топтан бала шығып атауларын айтып жұмыстарымен таныстырады. Топтағылар бір-біріне сұрақ қояды

Дидактикалық ойын. «Ғажайып қалта»

Шарты:Қалтаның ішінде әр түрлі жемістер мен көкөністер бар. Қалтадағы жемістер мен көкөністерді танып,атын және түсін, орыс тілінде аудармасын атап айту.


Дескриптор:

-топпен бірлесіп жұмыс жасайды

-2-3сөйлем құрай алады

-аудармасын айтады.

Сергіту сәті

Алма, алма, көп алма,

Қызыл,жасыл,көк алма.

Теріп,теріп алайық,

Қалтамызға салайық

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Соңы

Кері байланыс:

Сұрақты қағып алу әдісі:

Көкөністердің атауларын ата?

Жүзім қандай?

Жемістерде нелер бар?

Жемістердің атауларын ата?

Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау.Жеміс жидектердің суретін салу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі.

Бағалау парақшасын толтырады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі