400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Көкөністер мен жемістер Оқу іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс хат алсамба деп едім көп-көп рахмет
Материалдың қысқаша нұсқасы



Көкөністер мен жемістер

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу - іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер
Мақсаты: Балаларды күз сыйлықтарымен таныстыруды жалғастыру.
Білімділік міндеттері: Жемістердің пішіні мен оларға тән ерекшеліктерді жеткізіп көрсете білуге үйрету.
Дамытушылық міндеттері: Шаршы және тік төртбұрышты қағаздан әртүрлі пішіндерді қиып алу дағдыларын қалыптастыру.
Қосарлап бүктеу тәсілі арқылы бірдей заттарды қию жолдарымен таныстыру.
Тәрбиешілік міндеттері: Жапсыруға қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Шаршы, тік төртбұрыш, қосарлап бүктеу

Іс - әрекеттер кезеңдері:
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек.
Көңілді боп жүрейік.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс. Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
- Күзде күн суыта бастайды.
- Күзде құстар жылы жаққа ұшады.
- Күз туралы қандай тақпақтар
білесіңдер?
- Күз мезгілінде қандай жемістер,
көкөністер піседі?
- Бақта не өседі?
- Бақшада не өседі?

Д/о: «Заттың атын ата»

Шарты: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, олардың ерекшеліктерін айтады.
Ұйқасын тап.
Іші толған шәрбат,
Дәмі қандай әйбат.
Үзсең бірден жүзін,
Оның аты - (жүзім)

Доп – домалақ сары.
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп.
Оның аты –(өрік)

Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара, қанша?
Оның аты (алша)

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар.
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі.
Бүгін бізге қонаққа Бағбан атай келіпті.
Атай бізден көмек сұрайды.
-«Менің жеміс ағаштарым биыл мол өнім беріпті, соны теруге көмектесіңдерші» дейді.
- Кәне балалар атайға көмектесеміз бе?
Олай болса бүгінгі оқу іс - әрекетімізде жапсыру. Түрлі – түсті қағаздан алма мен алмұртты қосарлап бүктеу әдісімен қиып жапсырайық.
Үлгі бойынша жұмыс жасау.
Қайшыны, желімді абайлап, ұқыпты пайдаланамыз. Қию кезінде қағаздың бір бұрышынан бастап келесі бұрышына дейін қайшыны еркін қозғалыспен қозғалта отырып қиямыз.









Ақкүміс апайымызға алғысымыз шексіз

Әрбір оқушының өз жүрегіне жақын сүйікті апайы былайша айтқанда, мектептегі екінші аналары.Менің баламның сүйікті алғашқы ұстазы және өз мамандығын сүйетін, сабаққа жан-жақты дайындықпен келіп, биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен біздің балаларымызды баурап алған –Ақкүміс Қайыржанқызы. Сабаққа қызықтыру мақсатында сыныптан тыс іс-шараларды жиі өткізеді. Апайымыз балаларымызға білім беруге, ой-пікірімізді тиянақтауға бар күшін жұмсап атсалысты. Білгенін үйретеді. Мен Эльмира Мақсотқызы мектепалды даярлық тобының ата-аналары атынан.Тәрбиешісі Ақкүміс Қайыржанқызына шығармашылық табыс, қажымас қайрат, отбасына амандық, мықты денсаулық тілеймін.

Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы АлғабасОЖББ мектебінің

Мектепалды даярлық тобының ата-анасы.




Тақырыбы: Ажарлы қыс. (ойын-сауық)
Мақсаты: Балаларды үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрету. «Балалардың шығармашылық қатынасын ояту. Балаларды түсті қағаздарға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігін баулу. әртүрлі ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту; балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Білім саласы: Шығармашылық
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, серуен – саяхат, өлең оқу. Сұрақ – жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары.
Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, ұлпа қарлар кесетін ақ қағаз, қайшы.

Билингвальды компонент: шана – сани, шаңғы – лыжи, ақ мамық – белый пушистый, аққала – снеговик.
Сабақтың барысы: Сәлемдесу
Қайырлы таң - Алтын күн,
Қайырлы таң - Көк аспан!
Қайырлы таң - апайлар!
Қайырлы таң - достарым!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Балалар, орманға барғыларың келе ма?
Балалар: Иә
Тәрбиеші:Ендеше мен сиқырлы қалпағыммен шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға саяхатқа шығамыз.
Қане, барлығымыз көзімізді жұмып 1, 2, 3 деп санайық. Міне балалар орманғада келіп жеттік. Орманнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Ақ ұлпа қарлар, шыршалар, ағаштарды көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Балалар, кім қар туралы тақпақ біледі?
Балалар:


Нұрбақыт: Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.


Айкөркем: Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық қар айналам.
Сырғанақты ойнайсың,
Қызыққа енді тоймайсың,
Алақай - ау, алақай,
Қыс келіп тұр, балақай!


Бекет: Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап

Қарға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап


Азамат: Жұлдыз болып ағамыз

Ақ мамықтың үстімен

Біз спортшы боламыз

Үлгі аламыз күштіден


Алан: Қуаныштың бүгінгі

Басылмайды ыстығы

Жылдамырақ жүруді

Үйретеді қыс күні!


Абылай: Қыс келді міне өңірге

Жаңа жылмен бірге

Жаңа жылдың қызықтары

Сыйлық әкеледі бізге


Саяжан: Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып жылтырбоп жатады


Тәрбиеші: Ой, бәрекелді! Мына тұрған шыршаны не жауып тұр айтыңдаршы?
Балалар: Ал ұлпа қарлар жауып тұр.
Тәрбиеші: Ендеше бұл шыршаны ұлпа қарлардан тазалайық. (Балалар тазалай берген кезде шыршаның тасасынан қоян атып шығады)
Тәрбиеші: Ой, бізді шошытып жібердің ғой.
Сәлеметсің бе, қоян!
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманда не істеп жүрсіңдер?
Балалар: (Қоянмен амандасады) Ұлпа қарларды тамашалауға келдік.
Тәрбиеші: Балалар қоянға арнап тақпақ айтып берсек қалай болады?
Балалар: Қайшы құлақ қоянмын,
Ақшыл түске боялдым.
Қоян: Ой, қандай керемет! Менде сендермен ұлпа қарларды тамашаласам бола ма?
Тәрбиеші: Жарайды, бізбен бірге жүре бер, бір көмегін тиіп қалар.
(Орман ішін аралап келе жатып бір дыбыс естиді)
Тәрбиеші: Қане, балалар, мына дыбыс қайдан шығып жатыр, тыңдайықшы? (Балалар құлақтарын салып тың тыңдайды)
Ой, балалар мынау үй ғой. Ұлпа қардың астында қалып қойған. Шамасы кеше қар қалың жауған ау! Қане барлығымыз тазалап жіберейік. (Балалармен қосылып қоянда іске кірісіп кетеді)
Бәрекелді балалар, есігін ашып, үйде кім екенін қарайық. (Үйді ашып қараса барлық орман аңдары отыр екен)
Аңдар: Балалар, сендерге көп рахмет. Сендер болмағанда біз не істер едік? Осылай ұлпа қардың астында көміліп жатар едік.
Тәрбиеші: Оқасы жоқ. Әйтеуір бәрің аман есен екенсіңдер. Балалар біз тоңып қалдық. Аңдармен бірге ойын ойнап алсақ қалай болады?
Қоян: мен ойнатсам бола ма? Ендеше қимылдық ойын ойнайық.
Аяз десем – секіреміз,
Шуақ десем – тоқтаймыз. (екі рет ойналады)
Ал келесі тапсырма мынадай, орнымызға отырып әдемілеп тіс пастасы арқылы ақ қардың суретін салайық. Сол қолымызға сүрткішімізді ұстап, оң қолымызбен саусақ ұшымен қар суретін бейнелеп салайық!


Сергіту сәті

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға.

Балалар жүр мақтанып.

Тазартып бар кір, шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

Демонстрациялық құралмен жұмыс

Мына суретке қарап әңгіме құрайық.

Суретке қарап көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер.

Суретке мұқият қарап, тақырып қойыңдар. Сендер суретте шанамен сырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсыңдар, балаларға ат қоя отырып әңгіме құраңдар. Бұл суреттің тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіңдер.

Балалар өз ойларын айтады. (Қыс қызығы, Қысқы серуен, Қыстағы ойындар, Аққала тұрғызайық, Достармен бірге, Біздің аулада, Қыс тамашасы.т.б.)

Тәрбиеші:Ия, дұрыс айтасыңдар. Сендердің ойларыңды қорыта келе, бұл суреттің тақырыбын «Ажарлы қыс» десек қайтеді, келісесіңдер ме?

Балалар, «ажарлы» сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу» деген мағынаны білдіреді.

Енді өздерің осы ажарлы қыс мезгіліне өз қиялдарыңмен әңгіме құраңдар.

Балалар әңгіме құрайды: Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаш бұтақтарын қалың қар басқан. Балалар аулада ойнап жүр. Біреулері коньки теуіп, біреулері шанамен сырғанап, ал біреулері қарға су әкеліп құйып жатыр. Жиналған бір топ бала аққала жасап қойыпты. Бәрі де көңілді. Өздерінің жасаған жұмыстарына мәз-мейрам. Міне, қандай қыс мезгілі.

- Әрине ұнады, қызықты болды.

Тәрбиеші: балалар алдарыңда тұрған плакатқа суреттерді келтіріп композитция құрып жапсырамыз.Суреттің аты «Ажарлы қыс»

Тәрбиеші: Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Аңдармен қоштасайық. Менімен саяхатқа шығып, ұлпа қарларды тамашалағандарына көп рахмет балалар

Қане,қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық.


















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1184
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі