400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көкөністер" "Қ" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкөністер тақырыбы бойынша ой - өрісін арттыру. Білімдерін кеңейту. Көкөністерді ажырата білуге үйрету. Көкөністер қайда өсетінін ұғындыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы




Логопедтің ашық ұйымдастырылған сабағы

Мұғалім - логопед: Абишова А.Р.

Күні: 16.10.2019ж.

Қорытындысы: Фонетикалық- фонематикалық жетіспеушілік.

Тақырыбы: «Көкөністер» «Қ» дыбысы.

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Көкөністер тақырыбы бойынша ой - өрісін арттыру. Білімдерін кеңейту. Көкөністерді ажырата білуге үйрету. Көкөністер қайда өсетінін ұғындыру;

  2. Түзете – дамытушылық: Көріп және естіп есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілін, грамматикалық сөз тізбектерін дамыту, жетілдіру. Сөздік қорларын молайту;

  3. Тәрбиелік: Көкөністерді жуып жеуге баулу. Адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу. Анық, әрі қатесіз сөйлеуге баулу.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, бақылау, логопедтің және баланың іс - әрекеті, әңгімелесу, мадақтап отыру.

Көрнекілігі: Пәндік және иллюстративтік құралдар. Суреттер, қима суреттер, дидактикалық құралдар. Себет толы көкөністер мен жемістер.

Сабақ түрі: топтық сабақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу рәсімі;

  • Ауа – райы, жыл мезгілдерін сұрау;

  • Шаттық шеңбері:

Күн ұйықтайды, күн оянады.

Жел соқты, жаңбыр жауды.

Бұлт шатырлады,

Күн ашылды, жел басылды.

Артикуляциялық жаттығулар: «Футбол» «Тіс тазалау»

«Әткеншек» «Тәтті тосап»

«Түтікше» « Ат шауып келеді»

Тыныспен жұмыс: Тыныс алу жаттығуларын орындау.

  1. Гүлдерді бір тыныста үрлеу;

  1. Құстар ұшады. Терең тыныс ала отырып үрлеу.

  2. «Ыстық шәй» үрлеу.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау: «Ойыншықтар» тақырыбы бойынша пысықтау жұмысын жүргізу. Сұрақ – жауап арқылы қайталау:

  • Қыз және ұл баланың ойыншықтарын ата!

  • Жұмсақ және қатты ойыншықтарды ата!?

  • [К] дыбысының артикуляциялық кескінін еске түсірейік. Дәптермен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ: Тақырып бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Көкөністермен таныстыру. Олар жайлы мәлімет беру.

Ұсақ қол моторикасына арналған тапсырмалар.

Дыбыспен жұмыс: [ Қ ] – дыбысын қою. Зондпен және еліктеу арқылы қою. [ Қ ] – дыбысының артикуляциялық кескінімен таныстыру. [ Қ ] – дыбысын айтқанда тілдің артқы жағы жоғары көтеріліп, дыбыс тамақпен шығады. Дауыс жоқ.

ІV. Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

VІ. Сабақты бекіту: Тапсырмалар арқылы бекіту.

1 – тапсырма: «Жартысын тап!» Дидактикалық ойыны.

2 – тапсырма: «Дәмін тап!» Дидактикалық ойыны.

3 – тапсырма: «Кім жылдам?» Қимылды ойыны.

4 – тапсырма: [ Қ ] – дыбысын буындарда жеке – дара айту:

Ққққ – а - қасық ққққ – ы-қызанақ

Ққққ – о - қобыз ққққ – ұ- құмыра

Ққққ – у - қуыршақ ққққ – и- қиылыс

VI. Сабақты қорытындылау: Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Ойыншықтарды ата!

  • [ Қ ] – дыбысының артикуляциялық кескіні қандай?

VII. Үйге тапсырма беру: Дыбыспен жұмыс. Дәптермен жұмыс

Мадақтау!!!

Shape1

Shape2

  • Жарайсың!

  • Сен өте ақылдысың!

  • Тапсырмаларды өте жақсы орындадың!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі