Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
3 топқа
бөлу.. «Көкжал» , « Арлан» , « Бөрілер»
Олай
болса, біз қазір 3 топқа бөлініп жұмыс
жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз
тобынан жауап берген оқушыларды
белгілеп отырсын.
Үй
тапсырмасын сұрау
1-топ
Мазмұндау
2-топ
Сұрақтарға жауап беру
3-топ
Сөзжұмбақтарды шешу
Жаңа
сабақ
Мұхтар
Әуезовтың өмірбаянымен танысу. Оқушы
таныстырады.
Видео
материал көрсету 2,30 мин фильмнен
үзінді.
Бұл
фильм бізге таныс па? Қандай фильм?
Иә, балалар бұл фильм «Көксерек» деп
аталады.
Бұл
фильмді заңғаржазушы М.Әуезов «Көксерек»
желісімен түсірген . Көксерек көркем
фильмі 1973жылы көрермендерге жол
тартты.Бүкілодақтық тұсаукесері
1974жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында
өтті. 1974 жылы Бүкілодақтық кинофистивальдің
1-ші орын жүлдесіне ие болды.Швейцарияда
бұл фильм құрмет грамотасымен
марапатталады.
Қызықты
деректер:
Фильмге
хайуанаттар бағынан жас қасқырлар
алынған. Көксерек болып екі қасқыр
ойнаған екен, екеуінде кинога түсіру
үшін Мәскеуден арнайы алдырған. Фильм
Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл
жағалауында түсірілген.
Оқулықпен
жұмыс
1-топ
Оқиды
2-топ
Мазмұндайды
3-топ
Сұрақтарға жауап береді.
Кубизм
әдісі бойынша мына кубикті үш топқа
кезекпе – кезек иіремін. Қай
қырының сұрағы түссе соған жауап
бересіз.
Әңгіменің
басты кейіпкері кім?
Көксерек
туралы ауыл адамдары қандай пікірлер
айтты?
Көксерек
«ұрлық пен адал астың айырмасы не
екенін ұға алмады» дегенді қалай
түсінесің?
Көксеректің
ашқарақтығын суреттейтн тұсты тауып
оқы
Оқушыларға
ортақ сұрақ
2.
«Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы
неліктен шығармасының тақырыбын
«Көксерек» деп атады?
3. «Көксерек»
әңгімесінің шығу тарихына
тоқталу.
«Көксерек» әңгімесінің
тақырыбы мен идеясын оқушылардың
көмегімен анықтау.
Оқиғаның
мазмұнына тоқталу.
1. Көксерек
Қараадыр ауылында.
2. Көксерек
– түз тағысы.
3. Жекпе – жек.
Адамдар мен қасқырдың арасындағы
өшпенділік.
1.«Көксерек»
шығармасының идеясын түсінеді.
2.
«Көксерек» әңгімесінің шығу тарихын
біледі.
3.Оқушылар өз пікірлерін
әңгіме желісімен талдайды.
4.Оқиғаның
мазмұнына жоспар құрып, тұжырымдайды.
Сергіту
сәті Жұмбақ шеше
білейік
Күші десең, күші бар, Белестен
шыққан бесті ит,
Тісі десең, тісі
бар. Бүкір келген желісті ит.
Торуылдап
ауылды Бейғам елді іздейді,
Түнде
жортар ісі бар. Малдан күдер
іздейді. Бұл не?
Топпен жұмыс
1-топ
Оқулықтағы кестені толтыру
2-топ
5 жолды өлең құрастыру «Қасқыр»
3-топ
Венн диаграммасы
ІІІ. Ой толғаныс
1.
Қасқырды үйде бағуға бола ма?
2.Көксеректі
неліктен жыртқыш деп дейміз?
3.
Көксеректің ауыл иттерінен айырмашылығы
неде?
4.Жұрт
көксеректі неліктен жақтырмады?
Оқушылар
өз пікірің ортаға салу
Құрмаштың
таза көңілі мен мейрімді жан екенін
білдім.
Қасқыр табиғаттың бір
бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын
қылады.
Көксеректің бұл іс –
әрекетіне адамдардың өздері себеп
болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден
өшпенді болып алған.
Күллі тіршілік
атаулының құтты қоныс мекені, алтын
ұясы, талбесігі – табиғатты аялау.
1.Мәтіннен
алған әсерін айтады.
2.Өз пікірлерін
ортаға салып.жинақтайды.
Бекіту
Шығармашылық
жұмыс: Қасқырға байланысты мақал –
мәтел айтады.
1. Қасқырды қанша
асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын
қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де
қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса
да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің
иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Үйге
тапсырма беру
«Көксерек»
фильмін көру. Әңгімені мазмұндау
Бағалау
Топта ортақ бағалау
парағын дағы тапсырмалар нәтижесінде
бағаланады Бағалау парағы
Рефлексия
«Басбармақ» Кері байланыс
|