|
Сабақ : №
8
|
Мектеп: 74
мектеп-гимназия
|
|
Күні:
18.09.2018жыл
|
Мұғалім:
Қаңғылбай Ақерке Әділбайқызы
|
|
Сынып: 6
«Е»
|
Қатысқан оқушылар
саны:
|
Қатыспағандар:
|
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Көкшетау.
Дефис арқылы жазылатын
сөздер.
|
|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
6.2.2.1 -ауызекі сөйлеу және
көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік
құралдар арқылы тану.
6.2.6.1 -оқылым стратегияларын
қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп
оқу.
|
|
Сабақ
мақсаты:
|
Барлық оқушылар
: табиғат туралы
білімдерін тереңдете отырып, білімдерін
жетілдіреді.
Оқушылардың басым
бөлігі: Мәтіндегі
көтерілген мәселе бойынша өз ойын
білдіреді, дефис арқылы жазылатын сөздер мен сөйлемдерді
бір-бірінен ажырата алады.
Кейбір
оқушылар: Емлелік
ерекшеліктерін сақтап, орфографиялық нормаға сай
жазады.
|
|
Жетістік
критерилері
|
Мәтіндегі ақпараттарды есте
сақтап, негізгі ойды табады.
Дефис арқылы
жазылатын сөздермен танысады және тілдік қолданысы
артады.
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар тақырыпты түсініп, сабақ барысында
берілген тапсырмаларды орындайды.
Пəнге қатысты сөздік қор мен
терминдер:
Диалог,тілдік қатынас, қос сөздер,
интонация.
Сыныптағы диалог
/жазылым үшін пайдалы тілдік
тіркестер:
Тіл-қарым-қатынас
құралы, тілдің қызметі
Тілді дұрыс қолдана білу
–үлкен жауапкершілік
Талқылауға арналған
сұрақтар:
-Тіл неліктен құралға
жатады?
-Тіл қарым-қатынас құралы
дегенді қалай түсінесің?
-Тілдік қатынас
қандай жағдайда орын алады?
|
|
Құндылықтарды
игерту:
|
Өзіне және өзгелерге құрмет
мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық
білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда,
тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау
көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік
уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады.
Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын
білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің
практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға
ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге
құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың
бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза
сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа
идеяларды ұсынуда көрініс табады.
|
|
Пәнаралық
байланыс:
|
Философия,
география, қазақ әдебиеті.
|
|
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
|
PowerPoint
таныстырылымы, аудиофайл..
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланатын
уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы
тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
|
Үй
тапсырмасы
10
минут
|
Кейбір оқушыларға жеке
тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма. Қажет жерге
дефис қойып шығыңыз. Өзің-ай бар! Күннің суығын-ай! Орнын жаңа
тауыпты-ау! Келісе келді-ау деймін. «Үйлесер едік» деп айтады-мыс.
(Б. М.) Осында көп хабарға сұранып келген-ді. (М.
Ә)
2-тапсырма.
Қажет жерге дефис
қойып шығыңыз. Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұқ. (Ж.А.) Жасыбай көлі сол таудың қойнауында қызылды-жасылды кәрден кесеге құйып қойған зәм-зәм суындай мөп-мөлдір. (Б.М.)
3-тапсырма. Қажет жерге дефис қойып
шығыңыз. Киіз үйлердің жанында, от басында адамдар әңгіме-дүкен құрып отыр.
(Ш.А.)
Вагон-ресторанда адам онша көп
емес екен.(С.Ш.)
Жидебайға қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын сұрастырған. (М.Ә.)
Қалған оқушылардан үй
тапсырмасы сұралады.
20-бет. 7-тапсырма
(А,Ә,Б)
|
http://emirsaba.org/punktuaciyasi-v2.html?page=3
|
|
Сабақ
басы
7 мин
|
Қызығушылықты ояту үшін
миға шабуыл.
«Келісу. Келіспеу»
стратегиясы.
-
Әдеби тіл – жалпыхалықтық
тілдің ең жоғарғы формасы. +
-
Әдеби тілдің тілдік нормалары
болмайды. –
-
Әдеби тілде 3 тілдік норма
бар. –
-
Адамдар сөзі грамматикалық
нормаға сай жазылған. +
-
Ұлмекен сөзі біріккен
сөз.+
-
Біріккен сөздің 3 түрі бар.
–
-
Бөлек жазылатын тіркесті
сөздер бөлек-бөлек сұрақтарға жауап береді.
–
-
Қызыл алма сөзі бір сұраққа
жауап беріп, тіркесті сөз құрайды. -
-
Қос сөздердің барлық түрі
дефиспен жазылады. +
|
|
|
Сабақ
ортасы
15
мин
|
Интербелсенді тақтадан
суреттер көрсетіледі.


Оқушылар берілген
суреттерді пайдалана отырып, «Туған өлке табиғаты» тақырыбына
жинақы мәтін жазады.

|
https://www.google.kz/url?sa=i&rct=j&q=&esrc=s&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwimpf29wsLdAhWFFywKHZ6xCy8QjRx6BAgBEAU&url=https%3A%2F%2Fzen.yandex.ru%2Fmedia%2Fid%2F5a295368e86a9e41b4f4bb66%2Fkazahstanskii-ostrov-barsakelmes--poidesh-ne-verneshsia-5af975aa9b403c7580d9c717&psig=AOvVaw0FkzKZd07WBkGPd4QR0zXT&ust=1537290199354217
|
|
Сабақ
соңы
7 мин
|
Рефлексия. Жазған мәтінді жұп-жұппен
бір-біріне оқиды. Бір-бірін бағалайды.
|
|