Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кокшетау сүйікті қалам

Материал туралы қысқаша түсінік
Кокшетау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Жасай бер менің сүйікті Көкшетауым!»

Сабақтың мақсаты:Туған өлкеге,қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

К өшелер,ескерткіштер,мемлекеттік мекемелер

туралы әңгімелесу. Қоршаған ортада мінез-құлық

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме,сұрақ-жауап,ойын, тақпақтар.

Сабақ барысы: Алдын-ала жұмыс: Қаланың көрікті көшелерін,ескерткіштерін көрсетіп таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы кіріспе әңгіме.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны ойналады.

Барлығымыз тұрып Әнұранды айтамыз.

  • Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз?

  • Қазақстан Республикасында тұрамыз.

  • Астанамыз қай қала?

  • Астана қаласы.

  • Ал, біз қай қалада тұрамыз?

  • Көкшетау қаласында тұрамыз.

Тәрбиеші Көкшетау қаласы туралы әңгімелейді.

Балалар, қаланың атауы Көкшетау тауына байланысты қойылған. Көк тау деген сөзден шыққан. Ерте заманнан бері Көкшетау жері туралы көптеген аңыздар және өлеңдер шығарылған. Осы өңірден талай атақты ұлы тарихи тұлғалар шыққан. Мысалға, Ақан сері, Біржан сал, Абылайхан, Кенесары, Қабанбай,Бөгенбай батырлар, Батыр Баян және т.б. көптеген дүрілдеген есімдерді еске түсіруге болады. Бұл жерлердің тарихында елімізде,жерімізде болып өткен қым-қиғаш оқиғалар барлық кезеңдік сәттерді басынан кешірді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Көкшетауға әскери госпитальдар, қорғаныс өнімдерін шығаратын зауод,фабрикалар қоныстады. Бәрі «Майдан үшін!.,Жеңіс үшін!» деген қағидамен өмір сүрді.

Батырлардың атымен көшелер аталды, мұражай мен мемориалдық кешендер ашылды. Тың игеру жылдарында мәдениет,денсаулық сақтау, білім берудің негізгі нышандары мен әуежай,теміржол және автовокзалдар ашылды. Жаңа мөлтек аудандар пайда болды.

1999 жылы 8 сәуірде қала астаналық Ақмола облысының орталығы болды. Осы жылдардан кейін көптеген өзгерістер болып, әртүрлі жүйелер жедел қарқынмен дамып келеді. Қаланы және қоршаған әсем табиғатты, жарқын да келелі келешек күтіп тұр!

Суретпен жұмыс: Қаланың мекемелері,көшелері оқуорындары,

демалыс саябақтар жөнінде әңгімелейді.

  • Балалар, сендер орталық алаңға бардыңдар ма?

  • Онда кімдерге арнап ескерткіштер қойылған?

  • Демалыс саябағында нелер бар?

Біздің қаламызда бұдан басқа бірнеше мектептер, мәдени орындар,оқу орындары және балабақшалар бар.

  • Қане, кім айтады «Еркемай» балабақшасы қай жерде, қай көшеде орналасқан?

  • Сендер өздерің тұратын көшелеріңді білесіңдер ме?

  • Кім өзінің тұрақты мекен жайын толық айтып бере алады?

Ал енді шаршаған болсақ, Сергіту сәтін жасайық:

Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

  • Балалар,сендер балабақшадан кеткен соң, мектепке барасыңдар, мектепті бітіріп,жоғары оқу орнына түсесіңдер, оны аяқтаған соң біреуің мұғалім,біреуің дәрігер, құрлысшы т.б. мамандық иесі болып, осы біздің қаламызды көркейтуге еңбек етіп, үлес қосасыңдар.

Ойын: «Туған қалаға саяхат»

О/м: Туған қала,онда қандай мамандық иелері тұратындығы, көлік түрлері, ондағы мәдени орындар жөнінде балалардың білімдерін бекіту.

О/ш: Белгі бойынша суреттерді табу.

О/б: Жүргізуші 4 бағыттағы суреттерді таратып береді:

1-де қала тұрғындары;

2-де адамдар еңбегі;( құрлысшы, почтальон,жүргізуші)

3-де көлік түрлері (автобус,машина);

4-де мекемелер мен мәдени орындар;

Белгі бойынша суреттердің мазмұнын әңгімелеу толық әңгімелеу керек.Әр топтың балалары сурет бойынша жүргізушінің сұрақтарына толық жауап беруі тиіс. Толық жауап берген топ жеңіске жетеді.

Суреттерді ауыстыру арқылы қайталап ойнауға болады.

  • Ал, енді балалар, кім Көкшетау туралы тақпақ біледі?

1 бала: Жаса,жаса Көкшетауым,

Жасыл желек бауларым.

Жақсы көріп аялашы,

Қоныстанған бар қауым!

2 бала: Арайланшы,Көкшетауым,

Асқақтасын жыр-әнің.

Сенемін мен қасиетіңе,

Болашақтыі жақ шамын!

3 бала: Көрсем-ау деп Көкшені

Талай адам көкседі.

Көрген кезде Көкшені

Қуаныштың жоқ шегі!

4 бала: Қуаныштың шоқ шегі

Көргендерге әрдайым.

Сұлулығы Көкшенің

Қақтыратын таңдайды.


Қорытынды: Белсенді қатысқан балалардың аттарын атап өтіп, барлық балаларға алқа тағып тәрбиеші сабақты аяқтайды.


1 «Арман» бала бақшасы


















«Жасай бер менің сүйікті Көкшетауым!»


2 «Балдырған» ортаңғы тобы















Тәрбиеші: Бабажанова Г.М






1 «Арман» бала бақшасы























«Тілім барда тірімін мен,

мәңгімін...»

2 «Балдырған» ортаңғы тобы























Тәрбиеші: Бабажанова Г.М










Тақырыбы: «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...»

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

Құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 7 «А» сыныбының Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер дей отыра, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!

1-ж: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2-ж: Армысыздар, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! "Тілім барда тірімін мен, мәңгімін..." тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

1-ж: Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің-тілім менің тірлігім!

2-ж: Ана тілім- тірлігімнің тірегі

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,

Түсініксіз тылсымменен бір еді.

Ана тілім-әрекетім азығы,

Бар ғаламды танушылық қазығы,

Ой-сананың өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.

1-ж: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.



1-ж: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.

2-ж: Ия, Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.

1-ж:

Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

2-ж: Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл саясатын да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін жаңғыртатын мүделлі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін , болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз.

1-ж: Біз бүгін тіл тағдыры – ел тағдыры екенін нақты мойындадық, сондықтанда елімізде ана тіліміздің жан – жақты дамуына бар мүмкіндік жасалуда.

2-ж: Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.

Келесі кезекті ұлағатты сөздерге бергеніміз жөн болар.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

2. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

3. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

4. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

5. Бал тамған тілден ... (у тамған).

6. Тіл қылыштан ... (өткір).

7. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

8. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

11.Айдос

1-жүргізуші: Тіл -халықтың жаны.Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы.

2-жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол - қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. "Тіл туралы" заңда "Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі" делінген.

1-жүргізуші: Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

2-жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып жарияланды.

Хор. Орындалатын ән «Ананың тілі»

2-жүргізуші: Тіл- баға жетпес қазына , атадан қалған аманат.

1-ж:Құрметті ұстаздар,оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!

2-ж:Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!





















Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!»

Мақсаты:
Балаларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арналып безендіріледі. Мақал - мәтел, нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді.

1 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Бүгін - Мұғалімдер күні.
Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

1
.Сая
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең, сенің екі анаң бар,
Бірі - сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар.

2
. Айгерім
Ұстаз ана - болашақтың анасы,
Ұстаз ана – ақыл - білім анасы,
Жүзіндегі пәк мейрімді көргенде
Әр шәкірттің оянады санасы,

3
.Гүлжайна
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін,
Құрметтейік, мәпелеп,
Ұстаздардың есімін

4
. Жібек
Сыйлай бәрін еліңіз,
Сізге жыр да, тілек те,
Шыңға өрлей беріңіз
Білім сеуіп жүрекке.
Домбырасын қағып қап
Төгілдірер нелер саз
Шабыты асқақ шарықтап
Ортаға шықсын өнерпа
з
1 - жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Жеміс күткен гүл ашпаған бақшадан.
Жігерің мен талантыңды жұмсамай,
Оңай боп па тәрбиелеу жақсы адам
Осы жолдың қиясы мен өрі бар,
Сүріндірер қиын өткел жолы бар.

2 - жүргізуші: Көп ізденіп алсаң биік бұл шыңды,
Отырғызар шын құрметтеп төрі бар.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған,
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам!
Би: «Қазақ биі»
1 - жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар,
Баланы сусындатып өсіруге
Білімнің бұлақ көзін аршығандар
2 - жүргізуші: Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шындай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Ән «Ағажан» Орындайтын: Сағиева Сымбат.
Ұстаздарға арнау
5.Бахтияр
Келешекті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көп шәкірттің досындай.
Бақыт апай осындай.
6.Әлішер
«Білім» десе бойымызда тұрар күш.
Шәкірттері шетінен тіл алғыш.
Талай рет тентектікті кешірген,
Индира апай өзіңе мың алғыс!
7.Адия
Теңейміз біз оны кейде жұлдызға,
Үлгі тұтып келешек жас ұл - қызға.
Дүние жүзінің географиясын жаттатқан
Жан жете ме жайсаң апай Гауһарға!





1 «Арман» бала бақшасы



















«Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!»

2 «Балдырған» ортаңғы тобы













Тәрбиеші: Жусупова А.М













Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
- ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып - удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық - дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын - ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
- Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
- Төменнен іздеңдер, бар ма?
- Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында - а - а - а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
- Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
- Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
- Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
- Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері "Мақта қыз бен мысық", "Қызыл телпек" ертегілері
- Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
- Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
- Жарайсыңдар, балалар.
- Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын - дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
- Бұл қай ертегі?
- Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
- Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
- Бұл қай ертегілер? "Жеті лақ", "Үш торай"
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
- Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
- Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
- Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
- Айдаһар қандай?
- Маса не істеді?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
- Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
- Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
- Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп - кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір - біріне көмектесіндер, бір - бірлерінді ренжітпендер, бір - бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
- Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
- Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
- Қандай ертегі құрастырдың?
- Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
- Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.





































1 «Арман» бала бақшасы



















«Ертегілер еліне саяхат»






















Тәрбиешілер: Бабажанова Г.М

Жусупова А.М

























































 

 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
1841
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12