Материалдар / "Көктал орта мектеп -бақша "КММ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көктал орта мектеп -бақша "КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханаға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
173
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

«Кітапхана әлемі»
кітапханалық сабақ
(ойын-саяхат 1 сынып оқушыларына арналған)

Кітапханалық-библиографиялық білімдерді насихаттау ісі –
оқушылардың кітап оқуына басшылық ету ісінің табиғи бӛлігі болып
табылады. Оның мақсаты: балаларды оқу гигиенасына дағдыландыруға,
кітапты күтіп ұстауға, оны дұрыс таңдауға, кітапхана қорын пайдалана
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітап кӛрмесі.
Мектептің 1-сынып оқушыларымен кітапханамен алғашқы
танысуларын саяхат жасап, оқырманға қабылдау ӛткізіледі. Олар «Кӛңілді
поезбен» кітапхананың бірнеше аялдамасына тоқтап, тамашалайды.
Кітапханашы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен және менің достарым –
кітаптар сендердің біздің кітапханаға келгендеріңе ӛте қуаныштымыз.
Мектепке алғаш қадам басқанда сендер әріп танымайтынсыңдар, кітап оқи
алмайтынсыңдар. Енді, міне, алғашқы ұстаздарың – апайларыңның
арқасында сендер түрлі қызықты кітаптарды ешкімнің кӛмегінсіз ӛздерің-
ақ оқи аласыңдар. Біздің ата-бабаларымыз «Кітап – кӛп ақылдың құйылған
кӛлі», «Кітап – білім бұлағы», «Кітап – ғажап дос» - деп бекер айтпаған.
Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді қайырымдылыққа,
адалдыққа, әділдікке, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді. Балалар
кітаптардың қайда тұратынын білесіңдер ме? Ендеше қазір бәріміз
«Кӛңілді поезбен» кітапхананың бірнеше аялдамасына тоқтап, саяхат
жасап танысайық.
- Бірінші аялдама «Кітаптар әлемі» - деп аталады. Бұл жерде 500 мыңнан
астам кітаптар, 300 шақты журналдар бар. Оның бәрі кітап қоры деп
аталады. Оларды біздің кітапхана 50 жыл бойы жинап келеді. Бұл «Кітап
сақтау» бӛлімі. Әр кітаптың ӛзінің тұратын жері, яғни үйі болады. Керекті
кітапты табу үшін сендерге кітапханашы апайларың кӛмектеседі. Сендер
кітаптарды ашып кӛріп, оқығыларың келе ме? Ендеше ары қарай жол
жүрейік.
- Келесі аялдама «Балдырған» - деп аталады. Мен сендерді кішкентай
балдырғандарға арналған кітаптар тұратын, мектеп жасына дейінгі және 1-
4 сынып оқушыларына арналған «Абонемент» бӛлімімен таныстырайын.
Бұл бӛлімнен сендер кітапты үйге алып оқуларыңа болады. Кітап 10 күнге
беріледі. Сонымен қатар бұл жерде бос уақыттарыңды ӛткізулеріңе
болады. Сендерге арналған түрлі ойыншықтар да бар. Ендеше
саяхатымызды жалғастырайық.
- Ендігі аялдама «Кітап оқу» - деп аталады. Бұл бӛлімде отырып,
балаларға арналған журналдар мен газеттерді оқып, үйге берілген
тапсырмаларыңды жазып алуға болады. Ал үйге кітап берілмейді. Мына
сӛрелерде анықтамалар, сӛздіктер, кӛптеген жазушы, ақын ағаларың мен
апайларыңның кітаптары қойылған. Бұл бӛлім - «Оқу залы». Енді сендерді
«Ертегілер елінде» атты кітап кӛрмесімен таныстырайын.


Page 2

Балалар, сендер саяхат жасап шаршаған шығарсыңдар? Ендеше ойын
ойнайық. «Мен кіммін?» ойыны.
Ортаға бір бала шығады. Кітапханашы оның кӛзін байлайды да,
ертегі кейіпкерлерінің бір затын кигізеді. Ал бала тұспалдап сұрақ қою
арқылы ӛзінің кім екенін табу керек. Балалар оның сұрағына «иә» немесе
«жоқ» - деп қана жауап береді.
Келесі ойынымыз «Ол қандай кейіпкер».
Кітапханашы ертегі кейіпкерлерін атайды. Егер жағымды кейіпкер болса
балалар қолдарын шапалақтайды, ал жағымсыз кейіпкер болса балалар
аяқтарын тоқылдатады.
«Кім жылдам» ойыны.
Ортаға шыққан бір бала кітаптан бір үзінді оқуы керек. Ал балалар сол
ертегіні атаулары керек.
Кітапханашы: Балалар, сендерді кітапханада ӛзін-ӛзі қалай ұстау
керектігі жӛніндегі ережемен таныстырып ӛтейін.
1. Кітапханада шулауға болмайды, ӛйткені басқа оқырманға кедергі
келтіресің.
2. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Ӛздеріңнен кейін оны кӛптеген
балалар оқитынын естен шығармаңдар.
3. Кітапты уақытында қайтару керек. Әйтпесе басқа оқырмандар күтіп
қалады.
4. Кітапты жоғалтып алма.
Кітаптар да адам сияқты: ӛмірге келеді, ӛмір сүреді, қартаяды. Сол
үшін де кітаптарды аялап ұстауымыз керек. Мына ережелерді әрдайым
есте сақтаңдар:
 Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
 Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
 Кітап беттерін жыртпа.
 Кітапқа сурет салма, жазба.
 Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
 Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.
- Балалар кітап оқыған кезде нені пайдалану керек?
- Белгіні.
(Кітапханашы балаларға естелікке кітапхананың мекен жайы кӛрсетілген
белгі таратып береді).
-Балалар, мынау оқырман формуляры оған сендердің алған кітаптарыңды
жазып отырмыз. Сонымен бүгіннен бастап сендер «Кітаптар әлемінің»
оқырманы болдыңдар.Ӛздерің қалаған уақытта келіп, оның сиқырлы
қазынасын пайдалануларыңа болады.
Сан мың түрлі кітаптар бар, кӛрдіңдер,
Кітапхана киелі орда сеніңдер.
Рухани қазынаны іздесең
Кітапхана есігі ашық, келіңдер.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!