жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көктем
|
Күні |
11.02.2016ж. |
|
|
Сыныбы |
4- сынып |
|
|
Пәні |
Әдебиеттік оқу |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Қ.Аманжолов. Көктем |
|
|
Мақсаты |
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. |
|
|
Күтілетін нәтиже |
1.Мәтінді өздігінен оқып, өзіндік пікірлері қалыптасады 2.Өз ойын жүйелі түрде қағаз бетіне түсіреді |
|
|
Қолданылатын әдістер |
«Тірек сөздер арқылы әңгіме» әдісі, «Топтастыру», «Венн диаграммасы», |
|
|
Негізгі дереккөз |
Оқулық, әдістеме, интернет материалдары |
|
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Психологиялық дайындық |
Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Кітапқа көз тастаймыз. Жаңа білім алуға, Алға қадам жасаймыз. |
Оқушылар шеңбер жасай отырып, бір-біріне сәттілік тілейді. |
|
Бағалау критерийлері |
Өлеңді мәнерлеп оқуы, өлең мазмұнын түсінуі, сұрақтарға жауап беруі, топпен жұмыс жасауы, белсенді қатысуы |
Оқушылар бағалау критерййлерін ескере отырып, дұрыс бағалауға ұмтылады. |
|
Үй тапсырмасын тексеру |
Үйге берілген тапсырма сұралады |
|
|
Үй тапсырмасын бекіту |
Үй тапсырмасы бойынша төрт жол өлең құрастырылады. |
Гүлдер туралы төрт өлең құрастырады. |
|
Қызығушылықты ояту |
Жаңа сабаққа байланысты жұмбақ пен өлең жолдарын оқу. Қар кетіп, қыр көгерді, Құс қиқуы көбейді. Жерге дән сеуіп, Қорадан жас төл өрді. (Көктем)
Қар мұз еріп, Су көбейіп. Сай салада ағады, Бүршік шашып Жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады. (Жауабы: көктемде) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға бағыт беру. |
Мұғалімнің оқыған жұмбағы мен өлең жолдарын тыңдай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. |
|
Мағынаны тану Ойтолғаныс Кері байланыс Үйге тапсырма Бағалау |
Қ.Аманжолов. Көктем. -Қ.Аманжолов кім? 1911 жылы Қарағанды облысы. Қарқаралы ауданында дүниеге келген, 1955 жылы 17 қаңтарда Алматыда қайтыс болған. Ол кедей отбасында туған. Ата – анасынан жастай жетім қалады. Кейін интернатта оқып, бастауыш кластық білім алады. Мал дәрігерлік техникумда оқиды. (1927-1930). Оны бітірген соң Орал қаласындағы пединститутта оқып жүріп, Ленинград орман шаруашылығы институтына ауысады. Осы жылдар-да өлең жазуға талаптанған жас ақын 1932 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетіне қызметке тұрады. Алғашқы өлеңі 1931 жылы Орал облысы «Екпінді құрылыс» газетінде басылады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көрді. Өлеңмен жұмыс Көктем. Сансыз көкек сұңқылдап, Көктем келді ертелеп; Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп.
Асау өзен арқырап, Асқар таудан дүркіреп. Айдын жатыр жарқырап, Алды дала бір түлеп.
Көкте бұлттар күркіреп, Жерге төкті өрмегін. Жауды жаңбыр сіркіреп, Мейірленіп жерге күн.
Алақанын тұр жайып, Жас ағашта жапырақ. Балғын өмір ғажайып, Жас дауыспен жамырап.
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту. — Балалар, өлеңде не туралыайтылған. Әр шумағын сипаттап көрейік. Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелгеніне мән бер: а) Бұлақ туралы не делінген? ә) Өзен туралы ше? б) Көктемгі жаңбырды сипатта. в) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді? г) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
Сергіту сәті Топпен жұмыс. Құстар туралы викторина
Жеке жұмыс. Көктем мезгіліндегі жан- жануарлардағы өзгеріс жайлы топтастыру. Сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі.
Жеке жұмыс. Сәйкестендіру. Мұғалім көктем мезгілінде болатын мерекелер туралы сәйкестендіру береді. 8 наурыз Жеңіс күні Ұландар күні 22-наурыз 9-мамыр Халықаралық әйелдер күні Жаңа жыл 7-мамыр 12 сәуір Ынтымақ күні 1 мамыр Ғарышкерлер күні
Топтық жұмыс. Мұғалім ауа райына байланысты халық болжамдары туралы мәлімет айтады. 1.Шық қалың түссе,шөп қалың бітеді. 2.Көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады. 3.Қарлығаш ұшуын сиретсе,ауа райы бұзылады 4.Суыр інінің аузын қораласа,көктемде су тасқыны болады. 5. Су бетінде шабақ шоршып ойнаса,жаңбыр жауады.
6.Қарлығаш жоғары ұшса,күн
жылы болады.Төмен ұшса жаңбыр жауады.
Топтық
жұмыс. Мұғалім оқушыларға суреттерді
ұсынады. Басқы әріптерден сөз құрап
әңгімелейді. Топтық жұмыс. Көктем мезгіліне байланысты атаулардың мәнін түсіндіру. Бес қонақ – жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында, болатын жауынды- шашынды күндер. Бұл әр жылы соғып өтетін суық әрі лайсаң мезгіл. Жұрт бесқонақтан қатты сақтанып, күтініп отырған. Құралай салқыны – мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (баласын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киік қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады. Киіктің тағы бір айта кетерлік ерекше қасиеті оның – енелігі кез- келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Киік құралайының далада, жетім, жалғыз қалмауы осыдан. Тасбақаның дауылы – көктем кезінде (көкек) айында тасбақа ұйқысынан оянып, інін тастап жер бетіне шығады. Дәл осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел соғады. Мұны халық «Тасбақа дауылы» деп атайды. Құс қанаты - наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды. Құстардың келмеуінен қар аралас жаңбыр, уық жел тұрады. Мұны ел құс қанаты деп атап, амалға жатқызған. Тобылғы жарған-сәуірдің соңғы күндерінде екі-үш күнге созылатын суық жел соғады. Бұл – тобылғы бүршік жарды, яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастады деген сөз. Қызыр қамшысы – сәуір айының орта кезінен аса бере алғаш найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жер бусанады, оңтүстікте жаздың жайлы күндері басталады. Осы сәттердегі найзағайдың жарқылын халық «Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп есептейді.
Жеке жұмыс. «Тірек сөздер арқылы әңгіме» әдісі арқылы өлең құрастыру Бәйшешектер……….. Көбелектеркөп…….. Аспаншайдай……….. Дала гүлге…………….. Тірексөздер:басты, еріді, жайнап, шашты.
Топтық жұмыс. Венн диаграммасы Жыл мезгілдері
Қыс
Көктем
Көктем мезгіліне байланысты сөздерді топтастыру.
Көктем
Топтық бағалау. Стикерлерге сабақтан алған әсерін жазып, бағалау ағашына жабыстырады.
Өлеңді жаттау, топтастырылған сөздерді пайдаланып, көктем туралы шағын әңгіме құрау. |
Оқушылар Қасым Аманжолов туралы және өткен өлеңін еске түсіреді, ойларын жинақтап айтады. Қасым Аманжолов туралы қосымша мәлімет алады. Өлеңнің мазмұны бойынша топтағы оқушылар өз ойларын ортаға салып, өлең мазмұнынан түсінгендерін қағаз бетіне бейнелейді. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Топ мүшелері ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларға әр қайсысына бір-бір түліктен бөлініп беріледі. Әр түлік жайлы білгендерін айтады. Оқушылар әр мерекені өзінің күн ретімен сәйкестендіреді. Оқушылар ойланып, білгендерін айтады. Мұғалімнің айтқанын естеріне сақтап алады. Оқушылар суреттердегі зат атауларының басқы әріптерінен сөз құрап, әңгімелейді. Оқушылар көктем мезгіліне байланысты атаудардың мәнін түсіндіреді. Оқушылар қыс және көктем мезгілін салыстырады. Көркем сөз тіркестерін пайдаланып «көктем» сөзін топтастрады Топ басшысы бағалайды, өзін-өзі бағалайды. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген