жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көктем
Тақырыбы: Көктем келді
Мақсаты: Көктем тақырыбы бойынша балалардың білімдерін нақтылау және кеңейту, көктем мезгілінің белгілерін білуге және атауға үйрету, осы тақырып бойынша балалардың сөздік қорын кеңейту және белсендіру.
Міндеттері:
1.Табиғаттағы өзгерістердің себептерін анықтауға үйрету.
2. Бұрын үйренген бейнелеу әдістерін белсенді және шығармашылықпен қолдана білу қабілетін дамыту.
3. Табиғатты сүюге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа, көмекке шақыруға үн қосуға тәрбиелеу.
ҰІӘ жүргізілу барысы.
Амандасу.
Қызығушылықты ояту.
Балалар мен бүгін балабақшаға келгенде күзетші маған хат берді. Оны кім жазғанын білгілерің келе ме? Оны білу үшін мына суретті құрастырып керекпіз, сосын хатты кім жібергенін анықтаймыз (балалар суретті құрастырады.)
Ненің суреті шықты? (Күн).
Хатты Күн жіберген екен, бірақ оның көңіл-күйі қандай? (Көңілсіз)
Сендер маған күннің көңілсіз күйін көрсетіңдерші. (Балалар көрсетеді). Енді біз күннің хатын оқып, оған көмектесеміз бе?.
«Құрметті балалар! Көктем келді, оның көптеген белгілерін көрдіңдер. Бірақ орман оянбайды. Мен ормандағы көктемді оятуға тырысамын, бірақ ол өз жұмысын жасамайды, неліктен? Маған көмектесіңдерші, табиғатта көктемді ояту керекпіз. Сендердің көмектеріңмен көктем табиғат аясында оянып, ашық түстермен жарқырайды деп сенемін». Бұл Күн достарың.
Ой балалар көктем ұйықтап қалмас үшін біз күнге көмектесейік.
Бірақ көктемді ояту үшін оның белгілері қандай? (Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді, жылы жел соғады, ағаштар бүршік жарады).
Бүгін біз ұзақ саяхатқа барамыз. Балалар шеңберге тұрып, мына сөздерді айтсақ жел бізді ұшырып орманға апарды.
Көктем келді білеміз
Күнге көмек береміз
Тұрғындарын орманның
Оятуға келеміз (аудио желдің даусы)
Ой балалар міне орманға келдік. Қараңдаршы орман сондай көңілсіз, мүмкін көктемді сиқыршы сиқырлап тастаған шығар.
Тосын сәт: Көбелек ұшып келу. Ой балалар мына көбелек бізге жол көрсетуге келген сияқты. Қане көбелектің ізінен жүрейік. (Ағашқа көбелек байлап алу)
(Көбелек ағашқа келіп қону)
Балалар мына қайың ағашын қараңдаршы ол әлі жапырақсыз тұр. Ой мұнда бір хат тұрған сияқты. Қане ашып қарайықшы.
Балалар мен қиындыққа тап болдым: қысқы жел барлық жолдарды араластырды, мен адамдарға, ормандарға жете алмай жатырмын. Маған көмектесу үшін мына тапсырмаларды орындау керек. Мен сіздерден асығуларыңызды сұраймын. Мен сендерге сенемін, достар!» КӨКТЕМ
Қане, қане тез, тез көктемді құтқарайық.
1-тапсырмасы: Мына қайың ағашына сән беріңдер, оған көктем келгенін бейнелеңдер.
Балалар ол үшін не істеу керекпіз. (шығармашылық, таным)
Б: Қайыңға жапырақ жетіспей тұр, оған жапырақ саламыз.
Жасыл бояу арқылы жапырақты мақта тампоны арқылы салу.
Сұрақ
–жауап:
Жапырақтың түсі қандай?
Жапырақ қандай пішінге ұқсайды?
Ал, көбелек кетейік, тапсырмаға жетейік.
Сергіту сәтін жасап, ағаштар жанына келу.
Сергіту музыкамен жасау.
Аудио. Қатты шығып жатқан құстардың даусы.
Ағаш басындағы тапсырма №2: «Құстарға көмек»
Көктем кеш келе жатыр, Құстардың балапандарын өсіретін жері жоқ. Оларға құс үйлері керек. Құстарға көмектесіңдер. Содан кейін олар сендерді әнімен қуантады.
-Балалар, құстарға көмектесейік. Оларға қандай көмек береміз?
Б: Құстарға ұя жасап талға ілу керек. Олар сонда балапандарын өсіреді.
Сендерді «Шебер қолдар» бұрышына шақырамын. (шығармашылық, таным)
-Балалар, ағаштарға құс үйлерін жапсырамыз.
Сұрақ –жауап.
Құс ұясын қандай пішіндерден жасадық?
Пішіндердің түсін атаймыз.
Ал, көбелек кетейік, тапсырмаға жетейік. (шеңбер бойымен жай жүгіру)
Өзенге алып келу.
Балалар мына өзеннің суы әлі қатып жатыр, көктем тезірек келу үшін біз суды ерітіп жіберуіміз керек.
Тәжірибе алаңы: «Мұздың еруі».
Тәжірибе мазмұны: Педагог мұздың қай жерде тез еретінін болжауды ұсыну.
Құрал-жабдықтар: мұз текшелері
Балалар, қараңдаршы, бұл не? Қолдарыңа бір кесек мұз алыңдар. Қолыңа не болды?
Неліктен олар ылғалданды? Неліктен мұз ери бастады?
Балалар: Біздің қолымыз жылы, топта жылы.
Тәрбиеші: Дұрыс, бұл мұздың еріп суға айналатынын дәлелдедік
Қорытынды: Мұз еруі үшін ол жылы болуы керек, күн жылы болуы керек.
Ал, көбелек кетейік, тапсырмаға жетейік. Судан арғы жаққа өту. Ұзын арқан немесе сызық бойымен жүріп өту.
Міне,балалар көбелек өзінің гүл алаңқайына алып келді. Қандай керемет гүлдер.
Қандай гүлдер көріп тұрсыңдар?
Үлкен, кіші. Түсі қандай? сары , қызыл гүлдер.
Ой дамыту. (әлеуметтік даму)
Балалар гүлдер не үшін керек бізге? Гүл табиғат көркі, гүлден ара бал жинайды т.б
-Балалар, гүлдердің сөйлейтінін білесіңдер ме?
-Қалай ойлайсыңдар, гүлдерді анаңа бергенде не дейді?
Б: «Біз оны өте жақсы көреміз»
- 1 қыркүйек күні барлық бала гүл алып мектепке, балабақшаға барады.
Бұл гүлдер не дейді ойланыңызшы?
– Жарайсың, сен үлкен болып өстің ғой, жаңа оқу жылы басталды.
Гүлдер әдемі, осы гүлдер тағы қалай әдемі боп тұрады?
Көбелектер қонғанда.
Ендеше гүлдерге көбелектер қондырайық.
Дид ойын: «Әр гүлге көбелегін қондыр»
Шарты: Фетр материалдан жасалған гүлдерге көбелектерді түйме арқылы орналастыру.
Ал балалар көбелек өз гүліне қонды.
Тосын сәт. АҚТ технологиясы. Экраннан көктемгі табиғат, орман шығады.
Балалар Алақай, алақай көктем келді, табиғат түрленді.
-Көктемгі табиғат қандай болады?
Б.Серікбаев
«Көктем келді»
-Күн
, неге күркірейді?
-Көктем
келді,көктем келді!
-Жаңбыр,
неге сірікірейді?
-Көктем
келді,көктем келді!
-Бұлақ,
неге сылдырлайды?
-Көктем
келді,көктем келді!
-Құлын,
неге құлдырайды?
-Көктем
келді,көктем келді!
-Гүлдер,
неге жайнайды?
-Көктем
келді,көктем келді!-
Құстар,
неге сайрайды?
-Көктем
келді,көктем келді!
Міне, балалар, көктемде күн жарқырайды, күн жылынады.
Шөптер көктеп шығады, жер жасылға айналады.
-Көктемде құстар не істейді?
Олар ұшып келеді, туған жерлеріне оралады, ұя салады, құстарға қоныстанады, балапан шығарады.
- Ағаштарға жапырақтар шығады, гүлдер өсе бастайды.
Аю ұйқыдан оянады, ормандағы аңдар көктемді асыға күтеді, жәндіктер шыға бастайды.
Жарайсыңдар!
Балалар біз бұл көріністі күнге түсіріп жіберейік, ол қуансын, біздің көмектескенімізден ол көктемнің оянғанын көрсін.
Ал, балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды.
Қане көзімізді жұмып бір секірсек бақшаға да жетеміз.
Қортынды:
Балалар саяхат ұнады ма?
Біз неге көмектестік?
Не үшін көмектестік?
Көктем мезгілі қандай екен?
Жарайсыңдар, сендер өте білімді балаларсыңдар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген