Материалдар / «Көктем- ана, қыздар гүл»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Көктем- ана, қыздар гүл»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көктем- ана, қыздар гүл»

Мақсаты: 8-наурыз мейрамы екенің ұғындыра отырып , анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
 баланы ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
1Жүргізуші:

Армысыздар  аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер

Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем  сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
2Жүргізуші:

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар :Ана

1Жүргізуші: «Көктем -ана, қыздар- гүл» атты ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін : «Раушан» балалар бақшасының міндетін атқарушы Абирова Асемкүл Абсаматқызына беріледі.

2Жүргізуші:

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы ән тындасан білесін.

Ән «Ақ мамам» /хор/

1Жүргізуші:

8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды. Дей келе балаларымыздың құттықтауларына кезек берейік:




Әсет : Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
          Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
            Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
           
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Айгерім: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
            От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
            Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!

От чистого сердца простыми словами
           
Давайте друзия потолкуем о маме
           
Мы любим ее как хорошего друга
           
Мы можем доверить ей сердце свое

И просто за, то что ана наша мама
           
Мы крепко и нежно любим  ее.


Гүлнұр: Dear Mummy, Dear  Granny!
           
I want you to be happy!
           
On the eights of March
           
I love Mummy, I love Granny
           
I wish them health
         
  I wish them wealth!  

1Жүргізуші:

Ана десем алғыс алам халқымнан,
          Ана десем теңіз болам шалқыған.
                 Ана десем ашылады қабағым,
                 Ана десем әділдікті ұғамын.
   

Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік


Нұрай: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің 
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


Жанболат: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Ямин Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Сайд: Үн қатасың бал тілмен
        Еркелеймін күнде мен 
       


Құттықтаймын анашым
      Сегізінші мартыңмен.



Музыка ырғағымен есік қағып әдемі көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.

Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.


2Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
1Жүргізуші.Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған тақпақтарын тыңданыз
Бақытжан: О, Алақай балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып.


А Сұлтан: Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде


Нұрәділ: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз


2Жүргізуші Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, –демекші, ендігі кезекте « Бәйшешек», биін қабыл алыңыздар!



1Жүргізуші : Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы . Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыныздар



С.Сұлтан: Жанымызды жайнатқан,
              Сіздерді ғой аналар
              Зор денсаулық мол бақыт
              Тілейміз біз балалар.


Эрик: От чистого сердца простыми словами
           
Давайте друзия потолкуем о маме
           
Мы любим ее как хорошего друга
           
Мы можем доверить ей сердце свое

И просто за, то что ана наша мама
           
Мы крепко и нежно любим  ее.


Әсет: Ай лав мазе,ши вовс ас

Ви лав дадди, хи лавс ас

Хи лавс ас энд сау ю си

Ви а хаппи фемили


Арнат:  Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
      Бізді өмірге әкелген даналарды.
      Себебі Ана деген асыл жан ғой,
      Ойлауменен істелік әр қадамды.

2-жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
 «Ана» деп біздің халық текке айтпаған, –деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс «Әжесі мен немересі»  «Дүниеде не қымбат?»  

Гүлнұр: -Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.: Гүлнұр -Адамға не қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Гүлнұр :-Балаға не қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.
Гүнұр: -Иә, десеңші әже!


Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.
Қайсар: -Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Қайсар: -Дүниеде не қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса –ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Қайсар:-Түсіндім,  әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!


2Жүргізуші. Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, –деп, Абай атамыз айтқандай балаларымыздың орындауында «Көктем» әнін,  қабыл алыңыздар.

Ғажайып сәт: Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.

Сайқымазақ: Жан - жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Рахмет, саған Сайқымазақ!



Ойын: « Гүл жинау»
Тақпақтар:

Айгерім: Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейрімді күннен де

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен!



Қайсар: Май диа, диа мамми,

Ай лав ю вери мач.

Ай вонт ту би хаппи,

Он зе эйт оор мачь

Би хаппи, би хаппи.

Он зе ейт оор мачь


1Жүргізуші:                  Гүлдей жайнап тұр өңі
                                         Мейірлене күледі
                                         Үйдегі бар шаруаға
                                        Үлгіреді бір өзі
                                        Аналар сіздермен ойын ойнасақ.


2Жүргізуші: Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,
                      Өнерпаз ортамызда басым екен.
                      Өнерің қуаныштан кім аяған,
                      Жаңа биді сіздерге шашу етем.
Ұлдар биі « Жүректің жылуын сыйлайықшы анама»

Тақпақтар:

Назлы Ай лайк ту плей

Ай лайк ту ран

Ай лайк ту джамп

Итс фан


Бинали В праздничное утро,

Мам свойх поздравим.

Солнечный букетик,

Каждой мы подарим.


Жұлдыз Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.


Ән : «Мамочка милая»

Тақпақтар

Қарақат Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылма


Рамиля: Много мам на белом свете

Всей душой их любят дети

Только мама есть одна

Всех дороже мне она

Кто она? Отвечу я

Это мамочка моя

Мадина Я поздравить маму,

С праздником хачу,

Сделаю для мамы

Все, что захочу.


1Жүргізуші:                  Шалқып тасып әніміз,
                                         Жадырасын жанымыз.
                                        Аналарды құттықтап,
                                        Би билейміз бәріміз.

Би «Көктем вальсі»

2Жүргізуші: “Аналар баланы бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады” деген сөз бар.
  Аналар қалқып бақыт аралында,
  Лайым мұң қонбасын жанарына.
  Салтанатты кешіміз аяқталды,
  Гүл бітсін  бәріңіздің қадамыңа,-дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз


Енді балалардың қоштасуы: Балдай тәтті баламыз,
                                                        Ақылдымыз данамыз.
                                                        Қонақтарға қол бұлғап,
                                                       Сау болсын айтамыз





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!