«Көктем-ана, қыздар-гүл!» сценарий балабақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көктем-ана, қыздар-гүл!» сценарий балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көктем-ана, қыздар-гүл!» сценарий балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы


















«Көктем-ана, қыздар-гүл!»

(концерттік кеш)

















Дайындаған:












2020жыл

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әжелер, әпкелер! 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Жан жадыратар қуаныштарың мол болсын! Асыл армандарыңыз орындалып, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Милые мамы, бабушки. Поздарвляю вас с 8 марта! Этот красивый праздник в начале весны приходит к нам, когда всё оживает, расцветает и распускается. Пусть в вашей жизни будет вечная весна, пусть ярко светит солнце, пусть поют птицы, пусть дни будут светлымии безоблачными. Улыбок, хорошего настроения, радости, счастья!

Той тойлап дала менен қалаларын,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтауға келіп тұр балаларың!



Ортаға «Айгөлек» ортаңғы топ балаларын қошеметпен шақырамыз.

(балалар қолдарында жүрекпен шығып билейді)

Балалар: Құрметті аналар!

Әжелер!

Апалар!

Қарындастар!

Сіздерді мерекелеріңізбен

Бәрі: Құттықтаймыз!



Жүргізуші: Қандай өнегелі балаларсыңдар! Қане, жайғасып отыра қойыңдар! Көктемнің алғашқы мерекесі-Аналар күні. Сіздер аналарыңды бұл күні қалай қуантасыңдар?

Балалар:-Үй жинаймыз.

-Тентек болмаймыз.

-Ыдыс жуамыз.

-Еден сыпырамыз.

Жүргізуші: Ән сал десе, сал әнді,

Жігіт боп өс жарамды.

Қуантқайсың әрқашан,

Әжең менен анаңды.

Хор: «Айналайын анашым»

Жүргізуші: Қызғалдақтай жайнап өскен

Біздің топтың ұл-қызы

Әнші де бар, биші де бар,

Шет-шетінен өнерлі.

Бүгін міне, мереке деп

Нұрланғандай көңілі

Аналарын құттықтауға

Бүгін бірге келеді.

Ортаға: Исмаил, Юрий, Аяжан, Жаслан, Мөлдірді шақырамын.

Тақпақтар

Исмаил: Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші Наурызың!

Қасымда бол әрқашан,

Жансын жарық жұлдызың.

Тілейді бақыт бір саған,

Әлпештеген ұл-қызың.


Юрий: Жердегі бар тағамнан,

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам бар ма екен?


Аяжан: Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен?



Жаслан: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!


Мөлдір: Құшағы кең теңізден

Аясындай гүл бақтың

Аппақ сүтің емізген.

Қымбаттысы қымбаттың

Анам қандай жақсы адам.




Жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

«Айгөлек» ортаңғы топ балаларының қыздарымызға, аналарына, әжелеріне арнап би билеп береді.

Би «Рокенрол»

Жүргізуші: Балалар, сендер аналарынмен ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Олай болса ойын ойнаймызба?

Балалар: Ия, ойнаймыз.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жақсы көңіл-күй сыйлау.

Шарты: Ортаға анасы мен қызы шығады. Алдарында тұрған кедергілерден шарды сыпырғышпен домалатып кегля арасынан өтіп допты себетке салады.

Жүргізуші: Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып біз қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Біздің тобымыздың баларының және Мейрамгуль атты ата-анамызбен ән орындап береді.

Ән: «Ардақтаймыз анажан»

Жүргізуші: Сегізінші наурыз келді

Шаттық сезім ала келді,

Қуанышты күнде енді

Құттықтаймыз сіздерді.

Ортаға: Самира, Санжар, Нуретова Аида, Назар, Екатеринаны шақырамыз.

Самира: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі.

Қандай ғажап күлкісі.


Санжар: Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайың деп оны

Өлең айтып беремін.

Н Аида: Еркелесем күлімдейтің

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым» күнім дейтін.


Назар: Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде,

Не жетеді көзіңе.

Мейірімді күннен де.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші Наурызбен!


Екатерина: Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсындай

Құлпыра өсіп демалам.

Құшағыңда қысылмай.



Жүргізуші: Балалар, бүгін біздер қандай мереке тойлап жатырық?

Балалар: Аналардың, ажелердің, қыздардың мерекесін.

Жүргізуші: Балалар, сендер өздерінінің әкелерінді жақсы көресіңдер ме? Әкелеріміздің қаншалықты анамызға көмектесетінің ойын арқылы байқап көреміз бе?

Ойын: «Ілгешектер»

Мақсаты: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Шарты: Ортаға әкелер шығады. Алдарында тұрған ілгектерді жіп және ине арқылы қатты қағазға 1 минут ішінде тігу керек.

Жүргізуші: Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Біздің балаларымыздың да сүйікті әжелері бар, қазір олар әжелеріне арнап әзірлеген көріністерімен мен тақпақтарын сыйға тартады.

Көрініс: «Әжелер-ай, әжелер»

Жүргізуші: Әжелерімізбен ойын ойнап көремізбе балалар?

Балалар: Ия, ойнаймыз.

Ойын: «Көңілді йогурт » Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін арттыру. Үлкенге сыйластық таныта білу.

Шарты: Ортаға әжелеріміз шығады. Оларға балалар қасықпен иогуртты тез арада берріп жегізу керек.

Жүргізуші: Салтанат, Аилина; Дария, , Серік Аиданы шақырамын.

Салтанат: Жақсы көрем күлкіңді.

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді.

Бәріннен де жақсы адам.


Дария: Жыл басы – Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды.

Аналар тойы береке

Тіршілік жаңа оянды


С.Аида: Анамызды сүйеміз.

Сөзің ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап.

Әдеппен бас иеміз.


Айлина: Өмір берген анам қымбат.

Бақытты балалық шақ қымбат.

Бейбіт өмір қымбат.

Сәби тәтті сезім қымбат.

Көңіл бөліп, тәрбиелеген,

Тәрбиеші апай қымбат


Жүргізуші: Біздің балаларымыз жан-жақты, осымен бірге биді де билейді.

Би: «Вальс»

Жүргізуші: Аналардың мерекесі құтты болсын,

Басыңа баршаңыздың бақыт қонсын.

Көмкеріп ән, жырымен осы кеште

Жүзіңіз қуаныш пен күйге толсын.

«Айгөлек» ортаңғы тобының ата-аналарының бізге арнаған шағын өнерлері бар екен. Қошеметтеп Мейрамгуль Балгабаеваны шақырамын.

Ән: «Анажан»

Жүргізуші: Балалар, өмірде жақсы лебіздер, жақсы сөздер, құттықтаулар айтқанды жақсы көремізбе? Олай болса барлығымыз шеңбер құрып, әдемі гүл арқылы жүрекке жылы лебіздерімізді айтайық.

Тренинг: «Гүл шоғы»

Мөлдір: Жүзіңізден күлкі кетпесін!

Назар: Мерекеңіз құтты болсын!

Исмаил: Ешқашан ауырмаңыз!

Аилина:Анашымды сыйлаймын!

Салтанат: Мен анамды сүйемін!

Н. Аида: Әжемді жақсы көремін!

С.Айда: Анашымды ешқашан ренжітпеймін!

Аяжан: Әжеме әрдайым көмектесемін!

Екатерина: Анашымды жақсы көремін!

Санжар: Денсаулығыныз мықты болсын!

Дария:Анамды сүйемін!

Самира: Анашымды құрметтеймін!

Жаслан: Әжемді қуантамын!

Юрий: Анашымды мәпелеймін!

Жүргізуші: Осы күнді бар бала

Тағатсыз-ақ күткенді,

Сыйлықтарын сіздерге

Сыйлайтұғын сәт келді.

Ал енді балалар аналарымызға арнаған сыйлықтарымызды табыс етейік.

Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.

Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі