400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем ару 2018

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий көктем ару
Материалдың қысқаша нұсқасы



Көктем аруы – 2018

8 – 10 сыныптар

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, абзал аналар, көктем гүліндей жайнаған қыздар! Бүгін сіздер мектебіміздің Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» аясында «Көктем ару -2018» атты байқауымызға қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

1-жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)

............

2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен танысайық

  1. Мектеп директоры Н. Ахметов

  2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Джакенова



1-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.
Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1.
«Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/

2. Ұлттық киім үлгісі

3. «Өнеріңнен айналайын!» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)

4. Ас-адамның арқауы

5. «Қыздарға әсемдік жарасады» - шығармашылық қолөнер сайысы

2-жүргізуші: Кел,достар, бастайық,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.

1-жүргізуші: Бірінші сайыс «Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін-ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

1-жүргізуші: Қазылар алқасы 1 кезеңнің бағасын берсеңіздер

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

2-жүргізуші: Екінші сайыс- Ұлттық киім үлгісі
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз ,- дей келе қыздарымыздың ұлттық кимдерін бірге тамашалайық

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

1-жүргізуші: Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
1-жүргізуші: Қазылар алқасы 2 кезеңнің бағасын берсеңіздер

Қазылар алқасы 2 кезеңнің бағасын берсеңіздер

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

2-жүргізуші: 3 кезең- «Өнеріңнен айналайын (Өнер сайысы ) .» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

Құрметті қазылар алқасы соңғы кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

1-жүргізуші: Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт- дәстүрлерінің бірі- қонақжайлылық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, төртінші сайысымыз – Ас-адамның арқауы сайысында ару қыздарымыз өздері дайындаған тағамды сипаттау

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

1-жүргізуші: Уа, халайық ықыласпен демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік

Құрметті қазылар алқасы соңғы кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

2-жүргізуші: Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, -келесі сайысымыз
«Қыздарға әсемдік жарасады» - шығармашылық қолөнер сайысы

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -

Құрметті қазылар алқасы соңғы кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер

1-жүргізуші: 1 арумыз -

2-жүргізуші: 2 арумыз -

1-жүргізуші: 3 арумыз -



1-жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше
келесі кезекті әнге берсек

Ән: «Қыздар-ай"



2-жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік.





Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзаймы, білімді ару, дарынды ару, тапқыр ару) жүлде тағайындайды.

1-жүргізуші: Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Бұл жиыннан әр қайсымыз өзімізге үлкен ғибрат алдық деп ойлаймыз. Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау саламат болыңыздар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қазан
626
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі