Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктем аруы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көктем аруы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: "Ана" туралы нақыл сөздер, суреттер,


Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалімнің алғы сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
    Бүгінгі «Көктем аруы -2018 » атты арулар сайысына қош келдіңіздер.

Ендеше сайысымыдың шымылдығын «Анажаным» әнімен ашайық.

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. 

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

1.Ай секілді өзі де,
Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.
Айханым деген арудың
Әдемі ғой көзі де.

2. Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын
Аяла деген арудың,

Кезі келді алтын шығатын

3.Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген
Ата – анасы   
Бибігульге

 Әдемі есім теңкөрген


4.Қуантады білімімен бізді Гауһар
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз
Білімің серік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.


5. Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды
Аружан  бүгін сайыста
Ән мен жырын арнайды.

Бүгінгі сайысымызға төрелік етіп, әділ бағаларын беретін әділқазыларымызбен таныс болайық.

Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтсем

1.Өзін – өзі таныстыру (бұл кезеңде әркім өзі жайлы мәлімет беріп өзін толыққанды таныстырып өту керек.)

2.Өз өнерін көрсету (әркім өз бойындағы бар өнерін дарынынын талантын көрсетуі керек.)

3.Сұрақ – жауап аруларымыздың білімдерін сыналады.

4.Сән өнері (қалдық материалдардан) (аруларымыз биылғы көктем мезгіліне арналған сән үлгілісін тамашалаймыз.)

5.Ас мәзірі (құрамын айту) кішкентай қыздаорымыздың үйде аналарына жақсы көмекші екендеріне сенімдімін.


Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

I кезеңімізді бастайық. Таныстыру.


Келесі кезек аналарымызға арналған өлең шумақтарына берсек.


Ақниет:

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.



Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер



Мөлдір:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!


Аяулым:

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!



Алишер:

Анашым” – деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің – өмірдегі тірегім

Анам менің – кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін

Аделия:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпа





Ал, кімнің өнері бар қаншалықты, 
күй шертіп, ал біреулер ән салыпты би билеп
Бүгінгі көктем ару байқауынан бәйге алуға 
Арулар аянбай-ақ жан салыпты
II кезеңіміз Өз өнерін көрсету.

Келесі кезекте «Көктем вальс» биін тамашларыңыздар.


Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

III кезеңіміз. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)



Наурыз көже құрамын ата? Гауһар

Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

Жылқы сүті?Айханым

Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.

Мақалды жалғастыр Бибігуль

Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

Отан отбасынан басталады

Тәуелсіздік алған күн? Аружан

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.

Жеті ұрпақ Аяла

Ата әке бала немере шөбере шөпшек немене



Келесі кезек аналарымызға арналған өлең шумақтарына берсек.


Аршын:

Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.

Диас:

Қамқорым да сенсің ана,

Сенсің ана ақылшым да.

Ұланыңды қасыңа алып,

Бастай бер алыс шыңға.

Жүретінім сенің жолың,

Жалтақтамай, аялдамай.

Асыл анам өмір бойы,

Ұшамын мен саған қара


Әмір: Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!

Болса өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:

Қарау жүрсін қашық,
Алшы түссін асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!

Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Құрастырсын құдай,
Табысыңды тапқан!


Динара:

     Ана дегеніміз - әлемнің жан - дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміз ұшан - теңіз.


Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

IV кезеңіміз. Сән үлгісі

Келесі әніміз «Ай дидарлы анашым» қабыл алыңыздар.

Енді кезекті бармақтарынвн бал тамған қыздарымыздың V кезең.Ас мәзіріне берейік.


Енді әділқазыларымыз әділ бағаларын шығаруына уакыт берейік. Оған дейіноқушыларымыздың « Ана сен бақыттысын!» биін қабыл алыңызыдар.


Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.


































14 мектеп – гимназия














Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қош бол, бастауыш

















Өткізген: Жанат А.

















Астана 2018 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
671
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12