400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем аруы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздарымызды әдептілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу.аяулы аналарымызбен, әжелерімізді құрметтеуге баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көктем аруы»

 Жүргізуші:   Құрметті жиналған қауым!
                     Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
                    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
                   Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
                  Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.

 Бүгінгі «Көктем аруы» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қадірлі ұстаздар  сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесімен  құттықтаймыз.

Оқушыларымыздың орындауында ән: «Құттықтаймын анашым!» 

Қыздардың орындауында би: «Гүлдер биі»

Оқушыларымыздың орындауында тақпақтарын тыңдайық.

Ұлдардың орындауында ұлтық аспаптармен «Оркестр»
                  Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                 Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 
                Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
               Аруы деп сыныбымыздың  жүрейікші.
               Әділқазыларға тек әділдікті,
                Ал аруларға сәттілік тілейікші

Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
Гульден,Гүлсезім,Акгулим,Айсұлу,Майра,Айназ,Камилла,Айкөркем, Жұлдызай

Жүргізуші:  Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.


Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1.    Өзін -өзі таныстыру.
2.    Өз өнерін көрсету.(би,ән)
3.    Сән үлгісі
Қатысушылар әділқазы  алқасының  алдынан нөмер  алады да , кезекпен  өздерін таныстырады. 

I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

II кезең. Өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

 III  кезең.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.

Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

Балаларымыздың орындауында ән: «Анажаным»

Жеңімпаздарды құттықтау сөзін әділқазы алқаларына берейік.

Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы ,даламыздың гүлі,өміріміздің  сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

Баршаңызды 8- наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.



Picture 9 Picture 7 Picture 1 Picture 8 Picture 10

Picture 11





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
336
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі