400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Көктем аруы-2018» байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көктем аруы-2018» байқауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көктем аруы-2018» байқауы

Мақсаты: 1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау;

2) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;

3) Көпшілік алдында өзін- ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу;

Барысы:

1-жүргізуші:

Той тойлап қала менен далаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтап жатыр міне балаларың.

2-жүргізуші:

Әуезді ән, жаны раушан, күн жүрегі,

Шет басқан сезімді де иіреді.

Келгенде арулардың мерекесі,

Гүл майысып, аспанымда күн кіреді.

1-жүргізуші:

Аяулы аналар, асыл әжелер, ардақты ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурызбен құттықтаймыз!

2-жүргізуші:

Әрқашанда дендеріңіз сау, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын, осы көктемнің гүліндей жайнап, ұзақ ғұмыр кешіңіздер!

ӘН

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар! «Көктем аруы» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Ал енді сайысқа қатысатын аруларымызды ортаға шақырайық!

2-жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алады.

(қыздарды қошеметпен қарсы алады)

1-жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күллі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі.

2-жүргізуші:

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Алқасын қазылардың біз сайлайық,

Ақ аруды талдап бүгін алуға- деп, бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ,,,,

Бастауыш сынып мұғалімі,,,,,

1-жүргізуші:

Бүгінгі байқауда аруларымыз мына шарттар бойынша сынға түседі.

1-бөлім «Сәлемдесу» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өзін-өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі мен сырт- сымбаты,жүріс-тұрысы сынға түседі.

2-жүргізуші:

2- бөлім «Дәстүрді білесің бе?» деп аталады. Бұл бөлімде қыздарымыз сұрақтарға жауап береді.

1-жүргізуші:

3-бөлім «Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталады. Аруларымыз киім, шаш үлгілерін көрсетеді.

2-жүргізуші:

4-бөлім «Шешеге қарап қыз өсер» деп аталады. Аруларымыз отбасылық дастархан мәзірін көрсетуі тиіс.

1-жүргізуші:

5-бөлім «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Аруларымыз өз өнерлерін көрсетуі тиіс.







































1- Камила-































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2019
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі