Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Көктем аруы-2019 сценарии мерекелік іс шара

Автор:Абдрахманова Гульшат Кнатовна
Бағыты: Завучтарға
Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер
Сыныбы: 8 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-05-13

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

сынып жетекшілерге

Мақсатықазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шебірлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

1-Жүргізуші:  Құрметті жиналған қауым!                       Бүгін біздің шаңырақта дүбірлі той,                     Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.                     Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,                     Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.  Бірге: Бүгінгі «Қыз сыны» атты арулар сайысына қош келдіңіздер. 

2-Жүргізуші:   Шалқытып мерекеде ән салатын,   Өнерпаз өрендерге тамсанайық.  Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,  Әділқазы алқасымен танысайық. 
1-Жүргізуші:  Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.2-Жүргізуші : Бүгінгі сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.1. Иманбаева Ғалия–аудандық мәдениет үйі қызметкері3. Ауғанбаева Айжан Сержановна - тәрбие орынбасары
2-Жүргізуші:   Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар, байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:1-Жүргізуші:   І. «Бір шаңырақ астында» - Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі және бірлескен шаңырақты таныстырады. Мұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.2-Жүргізуші:   ІІ. «Өнерліге өріс кең» - Бұл бөлімде аруларымыз ұлттық нақышта ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетеді .1-Жүргізуші:   ІІІ. «Көрінер қыздар сұлу шашбауымен» - Бұл бөлімде шаңырақ арулары шаш үлгісін жасап, ат қойып, безендіріп таныстырады2-Жүргізуші:   IV. «Қыздарға әсемдік жарасады» - үй тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз үйден өз қолдарымен жасаған киім сән үлгілерін қалай жасағанын, неден жасалғанын әділ қазылар алқасына жеткізіп, түсіндіру шеберліктері сыналады.
1-Жүргізуші:   Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып, Көрейік, ару қыздарды жарыстырып. Білетін бар, білмейтін бар, бірлескен шаңырақты Арулар шықсын өздерін таныстырып.
2-Жүргізуші:   Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған, халқым менің, Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!
1-Жүргізуші:  «Ұлытау» шаңырағының ару қыздары: бойжеткен Есенаманова Жансая мен балауса Жұмабек Аделяны қарсы алыңыздар2-Жүргізуші:   «Жігер» шаңырағының ару қыздары: көрікті Есенғалиева Сағынай мен қылықтары жарасқан Ырысбай Айаруға қошамет көрсетіңіздер1-Жүргізуші:   «Жас қыран» шаңырағының ару қыздары: ақылына көркі сай Жақан Мөлдір мен жібектей нәзік Әлімбай Ұлбосын Қарсы алыңыздар2-Жүргізуші:  «Жалын» шаңырағының ару қыздары: көркіне көз тоймайтын Қалабаева Айгерім мен сүйкімді Сейсенқұл Аруна Қөшемет көрсетіңіздер1-Жүргізуші:  «Болашақ» шаңырағының ару қыздары: табиғаты ғажайып Рахман Аяжан мен айдай сұлу Ершібұлова Саянаны қарсы алыңыздар2-Жүргізуші:  «Бәйтерек» шаңырағының ару қыздары: сүйкімді қыз Елемесова Асель мен мың бұралған Қонақбай Анельді қарсы алыңыздар1-Жүргізуші:  «Жасстар» шаңырағының ару қыздары: мейірімді қыз Кенжеғұлова Айдина мен балауса еркеміз Ахатова Айсезімге қошамет көрсетіңіздер2-Жүргізуші:  «Белес» шаңырағының ару қыздары:Асылбай Жания мен Байғазы Аяулымды қарсы алыңыздар
1-Жүргізуші:  Ал ару қыздар сендерге сәттілік тілейміз, байқаудың бірінші кезеңіне асығыңдар. Бірге: «Көктем аруы - 2019» байқауын ашық деп жариялаймыз.
2-Жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
1-Жүргізуші:  1-ші кезең – «Бір шаңырақ астында », бірлескен шаңырақ аруларының тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс- тұрысы сынға түспек.2-Жүргізуші:   Сахна төріне  «Ұлытау» шаңырағының ару қыздары: 1-Жүргізуші:  Сахнаға «Жігер» шаңырағының ару қыздары: 2-Жүргізуші:   Сахна төріне   «Жас қыран» шаңырағының ару қыздары: 1-Жүргізуші: Сахнаға «Жалын» шаңырағының ару қыздары: 2-Жүргізуші:  Сахна төріне   «Болашақ» шаңырағының ару қыздары: 1-Жүргізуші: Сахнаға  «Бәйтерек» шаңырағының ару қыздары: Елемесова Асель мен Қонақбай Анельді шақырамыз2-Жүргізуші:  Сахна төріне  «Жасстар» шаңырағының ару қыздары: Асылбай Жания мен Байғазы Аяулымды қарсы алыңыздар1-Жүргізуші: Керемет қыздар, өте тамаша !!!!!!!2-Жүргізуші:  Енді, әділ қазыларымыздан қыздарымыздың 1-ші кезеңін бағалауды өтінеміз:2-Жүргізуші:  Рахмет сіздерге әділ-қазы алқасы1-Жүргізуші:  Біреулер сынға түсер өнерімен
2-Жүргізуші:  Дұрыс айтасың Даяна, сонымен байқаудың 2-ші кезеңі – «Өнерліге өріс кең» шаңырақтың қатысушыларының бойындағы өнерін, талантын тамашалайық.
2-Жүргізуші:   Сахна төріне  «Ұлытау» шаңырағының қыздарын шақырамыз1-Жүргізуші:  Сахнаға «Жігер» шаңырағының қыздарын шақырамыз 2-Жүргізуші:   Сахна төріне   «Жас қыран» шаңырағының қыздарын шақырамыз 1-Жүргізуші: Сахнаға «Жалын» шаңырағының қыздарын шақырамыз 2-Жүргізуші:  Сахна төріне   «Болашақ» шаңырағының қыздарын шақырамыз 1-Жүргізуші: Сахнаға  «Бәйтерек» шаңырағының қыздарын шақырамыз2-Жүргізуші:  Сахна төріне  «Жасстар» шаңырағының қыздарын шақырамыз 1-Жүргізуші: Сахнаға  «Белес» шаңырағының қыздарын шақырамыз
2-Жүргізуші: Жарайсыңдар қыздар, өте керемет !!!!!!! Енді, әділ қазыларымыздан қыздарымыздың 2-ші кезеңін бағалауды өтінем1-Жүргізуші:  Алғысымыз шексіз әділ-қазы алқасына !!!!!
2-Жүргізуші:  Қазағымның салт-дәстүрін сақтаған, Шашты кеспей оны күтіп қараған.
1-Жүргізуші: «Көрінер қыздар сұлу шашбауымен» деген, 3-ші кезеңге де жеттік, бұл бөлімде қыздарымыз 7-10 минут уақыт аралығында шаш үлгісін жасап, ат қойып, безендіріп таныстырады.
2-Жүргізуші: уақыт аяқталды, жарайсыңдар қыздар, өте керемет !!!!!!! Енді, әділ қазыларымыздан алдына барып шаш үлгісін таныстырыңыздар
1-Жүргізуші: әділ-қазылар алқасынан қыздарымыздың 3-ші кезеңін бағалауды сұраймыз:
2-Жүргізуші:  Қимылдары жүргендей бір жай ұшып,1-Жүргізуші: Ал, қазір байқауымыздың шешуші кезеңі «Қыздарға әсемдік жарасады», бұл бөлімде қыздардың үйден өз қолдарымен жасаған киім сән үлгілерін қалай жасағанын, неден жасалғанын әділ қазылар алқасына жеткізіп, түсіндіру шеберліктері сыналады. Барлық қатысушыларды сахна төріне шақырамыз
2-Жүргізуші:  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендердің назарына ән силайық 1-ші сынып оқушысы Мұратова Айарудың орындауында: « Анашым» әні, қошамет көрсетіп отырайық.



1-Жүргізуші:  Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің өнерлері кәміл шықты. Өнерлі, білімділер жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
2-Жүргізуші:  Бойларыңда от бар екен байқадық, Жүректерде шоқ бар екен жалынды.
1-Жүргізуші Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс – шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!2-Жүргізуші:  Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.Кеш қорытындысын әділ қазылар алқасы шығарады. Сайыскерлерге өнерлеріне қарай, яғни «Өнерлі шаңырақ», «Шебер шаңырақ», «Инабатты шаңырақ» атты номинациясы беріледі, және 1,2,3 орындар беріледі мадақтау қағаздарымен мадақталады. Жеңімпаз «Көктем аруы-2019» атты гран приге ие болады.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.