Тақырыбы: «Көктем аруы -2024»
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Исмаил: Құрметті әжелер,аналар,
ұстаздар және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық
әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Иманали: Аяулы аналарға ұзақ
ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш
тілейміз!
Исмаил: Ал, бүгінгі
қыздарымыздың өнерлерін байқау үшін «Көктем аруы -2024» атты
сайсымызды бастаймыз!
Иманали: Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге
тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа
тұтқан,
Әділқазылар алқасымен танысайық! (Алдын-ала
жереби тастау арқылы ұлдардың 4 анасын таңдап
аламыз)
1.
2.
3.
4.
Исмаил: -Енді сайысымыздың кезеңдері және шарттарымен таныс болыңыздар.
І кезең. «Мен қазақтың дара туған қызымын!» Арулар өздерін таныстырады.
ІІ кезең. «Өнерлі өрге жүзер!» Арулар өз өнерлерін ортаға салады.
ІІІ кезең. «Бармағынан бал тамған» Үй тапсырмасы.Аруларымыз үйден әзірлеп алып келген тағамдарымен таныстырады.
ІV кезең. «Қыздарға әсемдік жарасады!».Арулар сән үлгілерін көрсетеді.
Иманали:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)-Ал енді, бүгінгі байқауымызға
қатысатын аруларымызды ду қол шапалақтап,қошеметпен қарсы
алайық!
Исмаил: 1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,
Бірінші келе жатқан –бұл Медина.
Иманали: 2. Жақсыдан артта із қалмақ,
Данадан айтар сөз қалмақ.
Айсұлу қызға қарасаң,
Жайнап бір тұрған қызғалдақ.
Исмаил: 3. Айкүнім деген арудың,
Сурет десең келбеті.
Шартарапқа шашып нұр,
Аспанның айы мен күні жерде тұр.
Иманали: 4. Мінезі жұмсақ мақпалдай,
Көргенде таңдай қақандай.
Кәусәрдай ару қайда бар?!
Арайлап атқан ақ таңдай.
Исмаил: 5. Сабырлы әрі салмақты,
Өзі өнерлі, жан-жақты.
Келе жатқан Райяна,
Жарысты бүгін жалғапты.
Исмаил:
6
. Қазынаның
сұлулығы білімінде,
Ойға түйген ортадан
ілімінде,
Бүр жарған бүршігіндей
лала гүлдің,
Жастайынан жалындап жана
білді.
Иманали:
7. Тектіліктен жаралған
қазағымның,
Ерекше дара туған
қыздарыңыз.
Шуақ шашқан көктемнің
шуағындай,
Айым
атты талапты
қыздарыңыз.
Исмаил: 8. Адия-ақша маңдай,
Үлкен -кіші мақтағандай,
Өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,
Достарын сары алтындай сақтағандай.
Иманали:
9. Айымның
сұлулығы көздерінде,
Инабатты, ибалы
сөздерінде,
Айымның
сұлулығы шаштарында,
Қиылған қою қара
қастарында.
Исмаил: 10. Ән салуға жалықпайды,
Шаршамайды, сірә бір.
Анисамыздың сан өнері бар,
Сырын терең ұға біл.
-Енді қыздарымызды қошеметпен шығарып салайық!
-Аруларымыз келесі кезеңге дайын болғанша сіздермен бір ойын ойнайық!
Ойынның шарты:
Иманали: Арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды танытуға,
Қорықпастан сахнаға келгелі тұр,
Әдеппен, ізетпен танысуға.
- Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз! «Мен қазақтың дара туған қызымын»
-Арулар өздерін таныстырып,көрерменнің ілтипатына бөленсін!Аруларымызды барынша қолдап отырайық!
(Реттік нөмірлері бойынша қыздар өздерін таныстырады)
1.Медина
2.Айсұлу
3.Айкүнім
4.К.Кәусәр
5.Райяна
6.З.Кәусәр
7.Қазына
8. Қ.Айым
9.Адия
10.А.Айым
11.Аниса
Исмаил -Аруларымыз келесі кезеңге дайындала берсін,ал Сіздер өнерлі ұлдарыңыз Әміржанның орындауында «Сенің Анаң алтын,менің Анам алтын» әнін тамашалаңыздар!
Иманали: Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Не болса да айтады жүрегімен,
Өнер деген керемет деп білемін мен!
Байқаудың 2-ші кезеңі – «Өнерлі өрге жүзер».Әр қатысушы өз бойындағы өнерін, талантын ашып көрсетеді. Аруларымызды барынша қолдап отырайық!Қатысушылар реттік номері бойынша өнерлерін көрсетеді.
2.Айсұлу
3.Айкүнім
4.К.Кәусәр
5.Райяна
6.З.Кәусәр
7.Қазына
8. Қ.Айым
9.Адия
10.А.Айым
11.Аниса
Исмаил: Аспаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршасада аспаздықтың жолында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам!
Байқаудың ІІІ кезеңі «Бармағынан бал тамған» Үй тапсырмасы. Аруларымыз үйден әзірлеп алып келген тағамдарымен таныстырады. Қатысушылар реттік номері бойынша өнерлерін көрсетеді.
1.Медина
2.Айсұлу
3.Айкүнім
4.К.Кәусәр
5.Райяна
6.З.Кәусәр
7.Қазына
8. Қ.Айым
9.Адия
10.А.Айым
11.Аниса
Иманали: Қыздар, қыздар, кімсіңдер?
Күлімдеген күнсіңдер.
Шұғылалы шуқты,
Таңғажайып гүлсіңдер.
ІV кезең. «Қыздарға әсемдік жарасады!».Арулар сән үлгілерін көрсетеді.
1.Медина
2.Айсұлу
3.Айкүнім
4.К.Кәусәр
5.Райяна
6.З.Кәусәр
7.Қазына
8. Қ.Айым
9. Адия
10.А.Айым
11.Аниса
Қорытынды:Әділқазылар алқасы қорытынды шығарып болғанша Аналардың құрметіне 2 «Г» сынып оқушыларының орындауында хор: «Аяулы анашым»
Домбырада орындау: «Айналайын, Ана»
Әділқазыларға сөз береміз:.....................................................................
1) «Көктем аруы-2024»
2) «Шығармашыл ару»
3) «Сымбатты ару»
4) «Ақылды ару»
5)«Көркем ару»,
6)«Сүйкімді ару»,
7) «Мейірімді ару»,
8)«Білімді ару»,
9)«Инабатты ару»,
10)«Тапқыр ару»
11)«Өнерлі ару»
Таныстыру
1.Медина:
Ғажайып күн мен
үшін,
Осы мейрам
әрине.
Бәрі асыл ана
үшін,
Қарыздармын
мәңгіге.
Алақаны
аяулы,
Ұмыттырар
қайғыны.
Бұл сиқырлы
алақан,
Жақсы іске
баулиды.
Жарысуға келіп
тұрған, Айдосқызы Медина
боламын!
Сәттілік тілеп
тұрып,
Бас иемін сіздер
үшін.
2.Айсұлу:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек
киген
Қазақтың ерке
қызымын.
Ән айтып, мың
бұрала билеген,
Мирасқызы
Айсұлу мен
боламын!
Дәстүрін елдің
сақтаған,
Иіліп халқыма
бас иіп сәлем берем.
Ел жатқанда
жатпаған,
Біз деп тыным
тапаған - деп
Аналарды
мерекелерімен құттықтаймын.
Құрбыларыма
сәттілік
Өзіме жеңіс
тілеймін!
3.Айкүнім:
К.Кәусәр:
Армысыздар
халайық!
«Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді
дегендей қымбатты ұстаздар, ата - аналар және қарсыластарым. 8 -
наурыз мерекесі құтты болсын. Бәріңізге зор денсаулық, мол бақыт
тілеймін!
Кеңес Кәусәр
Ұланқызы
Қазағымның дара қызы,дана қызы мен
болам!
5.Райяна:
Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым -Райяна,
Мақтауға лайық.
Әкем аты-Нұржан,
Анам аты-Динара.
Көктем аруына келіп тұрмын,
Райяна атты дана қызың
6.З.Кәусәр:
Күлім қаққан жанарыммен үн қатып,
Жүректегі өлеңіммен жырлатып.
Мен келемін, армысыздар, ағайын,
Алдарыңда сәлем беру бір бақыт.
Нұрболқызы боламын жүзі жылы,
Салт-дәстүрді ұстанған қыздың бірі.
Эльмирадай анам бар ақ жаулықты,
Тәнті болып қарардай жердің жүзі.
Бұл сайысқа келгенім белді буып,
Жүздескелі сіздердей жандарменен.
Ал арулар, тілеймін тек сәттілік,
Кездесейік біз бірге армандармен.
7.Қазына:
8.Қ.Айым:
«Сөз анасы-сәлем» дер дана
халкым,
Өмір бойы сыйлап өскен ата
салтын.
Сәлем берді баршаңызға, Алдарыңа үмітпен
келіп тұрған-
Айым
атты қазақтың
қызғалдағы!
9.Адия:
Адиямын Оңалбектің немересі,
Болашақпен ертеңгі ел елесі.
Әкем Асылжан, Меруерт анам аты,
Отбасымыз елмен тең терезесі.
10.А.Айым:
Армысыз,халқым ардақты!
Сөз алды қызың салмақты.
Айдай сұлу Айыммын,
Сегіз қырлы,жан-жақты.
Уақ деген руданмын,
Салт-дәстүрді сыйлаған.
Қасиетін қазақтың,
Өн бойына жинаған.
Ата-анамның гүлімін,
Ақылдының бірімін.
Шаршамаймын оқудан,
Көбейсін деп білімім.
Шаруасын үйдің де,
Анашымнан үйренем,
Тек жақсыға ұмтылып,
Жамандықтан жиренем,
Мен қазақтың қызымын,
Инабатты,ибалы,
Сайысқа келдім бүгінгі,
Өнер-білім жиғалы
11.Аниса(видео таныстыру)
Өнерлері:
1.Медина-Ән «Әдемі-Ана»
2.Айсұлу- Ән «Миллион аллых роз»
3.Айкүнім- Би. «Бақыт құсы»
4.К.Кәусәр- Өлең.Қ.Мырзалиев «Ата тек»
5.Райяна-Сурет «Гүл»
6.З.Кәусәр- Ән. «Наурыз»
7.Қазына- Домбыра.Күй «Нарағаш»
8. Қ.Айым-Өлең.А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақанба»
9. Адия- Қазақ биі
10.А.Айым- Өзбек биі
11.Аниса-Ән. «Тек алға»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көктем аруы-2024"

шағым қалдыра аласыз