Көктем аруы қыздар арасында
байқау
Мақсаты:
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік
талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт -
дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке
тірбиелеу.
Көрнекілігі:
«Қыз - елдің көркі» (қыздардың суреттері),
«Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің
фотосуреттері).
Жүргізуші:
Құрметті
аналар, балабақша
тәрбиешілері және байқауға
қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты
болсын!
Жүргізуші:
Аяулы аналарға
ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш
тілеймін!
Жүргізуші:
Ал, бүгінгі
қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін
«Көктем
аруы» атты
конкурсымызды ашуға балабақша
меңгерушісі
Хасанова
Ф.А. сөз
берейік.
Жүргізуші:
Олай болса
бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп
жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ
қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны
жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің
көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай
айтқан қайран бабам.
(Қыздарды
таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған
арулар билей басып,
Келеді міне
ортаға толқып тасып.
Аруларын
сыйлаған халқым менің,
Көңілді
қошеметпен қарсы алайық.!
1)..................... қыз
өнерлі
Бойға өнер
жиған қыз.
2)................... қыз
білімді
Меңгерген бар
ілімді
3)........................ қыз
елгезек
Алады тез
тіліңді.
4) Ақша
бетті........................
Ұқсайды хор
қызына
5)...........................
үлбіреп
Қос жанары
мөлдіреп
6)........................ қыз
шығады
Бұрымдары
желбіреп.
7) Аққу құстай
қанат қағып самғаған,
Адал жолмен
арам іске бармаған.
Адамдықты жаны
сүйген қашаннан,
.................... да қатарынан
қалмаған.
8) Атыңнан
айналайын.....................
деген,
Сенің ісіне
жақсы баға берем.
Жеңіс туын
тігерсің болашақта,
Үміті зор осы
мектептің саған деген.
Жүргізуші:
Шалқытып
мерекеде ән салайық,
Өнерпаз
өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен
шындықты арқа тұтқан
Әділқазы
алқасымен танысайық.
Ендігі сәтте
бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап
өтейін.
1 -
шарт. «Сәлем – сөздің
атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі
таныстырады.
2 -
шарт. «Өнерлі өрге
жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады,
оның ішінде ән, би, тақпақ).
3 -
шарт. «Сәндік өнер»,
яғни әрбір қыз
бала сән үлгісін
көрсетеді.
4 -
шарт. «Қол
өнері» (Әр топ
мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін
көрсетеді).
Сонымен
қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері
мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош
келдіңіздер деймін!
Сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар
алқасымен танысып алайық:
-
Бөбекжай меңгерушісі –
Хасанова Ф.А.
-
Ата-ана
–
-
Тәрбиеші
–
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті
танысуға,
Бойындағы бар дарынды
дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп
жетті.
Әдеппен,
ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды
бастасын. Ендеше І
тур таныстыру.
Нұрасыл
Өмірге бізді
келтіріп,
Жарық дүние
сыйлаған.
Жамандыққа
баласын,
Ешқащан да
қимаған.
Көрмесін қайғы
балалар,
Аман болсын
аналар.
Дияс
Анашым
анам,
Ризамын
саған.
Тіліңді
алам,
Ақылды
болам.
Санжар
Тулеген
Аналарды
сүйеміз,
Сөзін ойға
түйеміз.
Әжені де
ардақтап,
Әдеппен бас
иеміз.
Санжар
Тимур
Баланың да
тірегі,
Дананыңда
тірегі.
Ауырмасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі.
Рахман
Жарқын жүзді жан
анам,
Сендей болсын бар
адам.
Сендей болсын бар
адам,
Шаттық кетпес
баладан.
Ән: «Ақ
мамам»
2
тур: Өз өнерін
көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың
тарланы,
Еңбектегі әріптестер
мақтаны.
Өнеріңді ортаға
сал, сайысқа
Өнер көрсет,
құрбылармен жарыс та.
Дияр
Ақ қабақты
анашым,
Күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген
баласын
Айналайын
анашым.
Рамзан
Кетті қысқы
ызғар,
Еріп жатыр
мұздар.
Мерекеңіз
бүгін,
Аяулы әсем
қыздар.
Нұртас
Бәрімізге
анасың,
Біз үшін күн боп
жанасың.
Құтты болсын
мейрамың,
Аман сау бол
анашым.
Маулен
Бал бөбегін
баптаған,
Мамам үшін
мақтанам.
Аялайтын
біздерді,
Көп жасасын ақ
мамам.
Би:
«Бипыл»
3
тур: Сәндік
үлгі
Сымбатына сән киім
жарасатын,
Аспандағы айменен
таласатын.
Өнеріне сәні
сай келіп тұрған,
Аруларға
қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз шашқа сән
жасау.
Роллан
Мені жақсы
көреді,
Күнде күліп
келеді
Көп ертегі
біледі,
Маған айтып
береді.
Амірхан
Әр сөзімді
жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Айналайын ақ
мамам.
Ерген
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
мамам.
Нурсултан
Бәрімізге
анасың,
Біз үшін күн боп
жанасың.
Ералы
Құтты болсын
мейрамың,
Аман сау бол
анашым.
Ән: «Құттықтаймын мама,
туған күнімен»
4
тур: «Қол
өнері»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін,
икемділіктерін
көрсетеді).
Би: «
»
Ән: «
»
Қорытынды:
Енді әділқазылар алқасына сөз
берейік.
Қыздар, бүгін
сендер өз өнерлеріңді
ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан
қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.
Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып
қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман,
жұрт тыныш болсын!