Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көктем аруы - 2018

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

18 орта мектеп






Ашық тәрбие сағаты

«Көктем аруы – 2018ж»

Сынып жетекшісі:Баймешова.А

Сынып: 2 «И» сынып














«Көктем аруы -2018!»

Мақсаты: Балалардың анаға деген сезімін,құрметін жеткізу.Мейірімділік,адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіру:білімдерін ,өнерлерін ортаға салып ізденімпаздығын дамыту: анасын аялауға,қорғауға,қамқор болуға тәрбиелеу. Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.Қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сынып: 2 «И» сынып қыздары арасында

Жүргізуші: Рамазан

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне қуансын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардан,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Мінеки жер көгеріп көктем келді,

Шығарып сан боранды,өкпекжелді.

Жаңакөктемәкелсін мол жақсылық.

Өткенөтті,салауатөткелгеенді.

Құрметтіжиналғанқауым!
Бүгінбіздіңмектептедүбірлі той,
Денқойыптыңдаңыздар, көңілдіқой.
Жырданшашылсын, күйкүмбірлеп,
Қошкелдіңізхалайық, сергісін бой.
 
Жүргізуші: Рамазан

Бүгінгі «Көктем аруы -2018!» атты арулар сайысына қош келдіңіздер!
«Көктем аруы- 2018!» сайысын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар  сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,

8-наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

Ана өмірдің қуанышы,тірегі,

Бала оның жұбанышы тірегі.

Ендеше сөз кезегін оқушыларымызға береміз!


Монтаж бөлімі:

Сабырбек:

Анамдесем, сезімбилертымыстық

Жарасымды адамдарға тым ыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

Исмайл:

Өзіңсің сүйікті ана құдіретің,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген махаббатты,

Нұр толы қос жанарың білдіретін


Абу:

Бар анатуғанелдіңгүлі дер ем,

Анажанқайғыңболсакүңіренем.

Таусылмас тау суындайақылым бар,

Сен барда меніңәрбіркүнімөлең.

Рамазан Б:

Өзіңсіңөмірдегі бар ардағым,

Жыржаздымтұңғышсағанәнарнадым.

Анашымайтарымкөптілжетпейді ,

Бірсендейжандытабаалмадым.

Ақылбек:

Мен дептынымтаппаған,

Менсізтағамтатпаған.

Бақытыүшінбаланың,

аман-сауболақ мамам.

Нұрқожа

Қуанышыбаланың,

Қуанышыананың.

Қуанышыананың,

Қуанышыбаланың.

Біздіөсіргенапатай,

Нұрасыл:

Балам,балам дегізген,

Түнде қаймақ жегізген,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде тұрып емізген.

Бекзат:

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Аман-есен жүріңіз.

Ақылбек:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.


Жүргізуші: Рамазан

Бірге: Мерекелеріңізқұттыболсынаналар!

«Анамызғамыңалғыс!» 3 ретайтылады.

Бүгінгі кештің иелерін ортағп шақырайық!

«Қыздарай» тобының «Қамажай» биімен қарсы алыңдар!



Жүргізуші: Рамазан

Көрсетемін күллі елді,

Жарқетедітүндері.

Өсіріп мен сыйлаймын,

Жұрткөрмегенгүлдерді.

Аналарымыз бен апаларымызға,аяулыұстаздарғаарналғансыйлықтарымыздықабылалыңыздар.

(аналарғаашық хат пен гүлсыйлайды)

«Көктем аруы-2018» байқауының барысы:


Жүргізуші: Рамазан

                  Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                 Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 
                Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
               Аруы деп мектептің  жүрейікші.
               Әділқазыларға тек әділдікті,
               Ал аруларғасәттіліктілейікші!

 Жүргізуші: Рамазан

Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

Мыңбұралғанаруларбилейбасып,

Келедімінеортағатолықтасып.

Арулардысыйлағанхалқымменің ,

Көңілдіқошаметпенқарсыалайық!

(«Қыз сыны» әніойнаптұрады)

1.Шынарқызөнерлі,

Бойғаөнержиғанқыз

2.Қазынақызбілімді,

Меңгерен бар ілімді.

3.Нұргүлқызтұрүлбіреп,

Қосжанарымөлдіреп.

4.Бағилақызелгезек,

Алады тез тіліңді.

Жүргізуші: Рамазан

Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.

2

(3,4,5 балдықжүйесі)

Сайысымыздыңшартыбойыншақыздарымызөзномерлерінтаңдапалуытиіс.Сайысымыздыңкезеңдеріментанысболыңыздар.


Жүргізуші: Рамазан

Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
1.    «Тектібілу–тегінемес» Өзін -өзітаныстыру.

2.    «Мен бақытты отбасының –гүлімін» ( слайд пен немесе суреттер арқылы отбасының мүшелерін айтады)
3.    Өнерліөргежүзер

4. Ойын: Сайысқа қатысып жатқан қыздардың аналарын ортаға шақырамыз.
5.   «Қыздарға әсемдік жарасады»  Сән үлгісі
6. Кішкентай аспазшы.

I кезең «Текті білу тегін емес» Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)


Жүргізуші: Рамазан

ІІ  «Мен бақытты отбасының –гүлімін» ( слайд пен немесе суреттер арқылы отбасының мүшелерін айтады)


( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)


Жүргізуші: Рамазан


ІІІ.«Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі «Көктем аруынан» бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.


Жүргізуші: Рамазан


4 Ойын: Сайысқа қатысып жатқан қыздардың аналарын ортаға шақырамыз.

1.Қызыңыздың ең алғашқы сөйлеген сәті есіңізде ма? Айтып беріңіз

2. Қызыңыздың қай мінезін ерекше көресіз?


  1. Қызыңызды болашақта қандай азаматша болады деп ойлайсыз?

  2. Қызыңыз кімге ұқсаған?


  1. Қызыңыздың есімін кім қойды? Қандай мағына береді?

  2. Қызыңыз болашақта қандай мамандық иесі болғанды қалайсыз?


  1. Қызыңыздың сүйікті тағамын атаңыз?

  2. Қызыңыздың бойындағы ерекше талантын айтыңыз?

( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)


5 «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

 «Қыз сыны» әні ырғағымен шығады.

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)


6. Кішкентай аспазшы. Сымбатына сән киім жарасатын,


( әділқазылар алқасының бағаларын білу)


Сыныбымыздың әнші қызы Толғанайды ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: Рамазан


Сөзкезегіәділ-қазыларда:

Номинация :

1- «Көктем аруы-2018»

2- « Дарынды қыз»

3-«Білімді қыз»

4-« Өнерліқыз»

Мақтауқағаздары мен жүлделерінтаратып беру.

Құттықтаусөзкезегіата-аналарда:


Жүргізуші: Рамазан

«Қыз –ұлттыңжаны» демекші,ата-аналардыңаяулысы, құрбы-құрдастарыңыздыңқадірлісі мен қымбаттысы , даламыздыңгүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер!
Өнерімізсайыста,
Жетелейдіалысқа .
Бүгінгікүнніңжеңісі,
Достықболыпқалуда.
Баршаңызды 8 наурызмерекесіменқұттықтайотырып, құт–береке,мерекелікөңіл –күйтілейотырып, сайысымыздыаяқтаймыз!




























Сабақтың тақырыбы: Наурыз жыл басы

Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып , атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Буклет,шарлар,қанатты сөздер.Үнтаспа.
Ұйымдастыру:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата аналар,оқушылар бүгінгі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. 22 –Наурызда күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Күн мен түн     теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

Кел,балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық..

Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын! - дей келе оқушылардың тақпақтарына кезек береміз.

Еркебұлан:                
Шапағатын аямай
Жадырайды әр адам
Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт - қатық, бұршақ  қосқан.
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..

Ақылбек:            
Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді   
Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

 

 Жандарбек:           
Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.

Бауыржан

Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,

Жыр жаздым тұңғыш саған әнарнадым.

Анашым айтарым көп тіл жетпейді ,

Бір сендей жанды таба алмадым.

Ерназар

Анам десем, сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға тым ыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

Інжу

Жыр сыйлаған ,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік, қадіріңді білдікпе!

Құтты болсын Ұлыстың күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Жүргізуші:

                  Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                 Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 
                Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
               Аруы деп мектептің  жүрейікші.
               Әділқазыларға тек әділдікті,
               Ал аруларға сәттілік тілейікші!

Жүргізуші:

Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толықтасып.

Аруларды сыйлаған халқым менің ,

Көңілді қошамет пен қарсы алайық!

(«Қыз сыны» әні ойнап тұрады)

1.Қощан Нұржанат

2.Бисекен Жазира

3. Унгарова Шахизада

Жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.

2

(3,4,5 балдықжүйесі)

Сайысымыздың шарты бойынша қыздарымыз өз номерлерін таңдап алуы тиіс.Сайысымыздың кезеңдері мен таныс болыңыздар.


Жүргізуші:

Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
1.    «Текті білу–тегін емес» Өзін –өзі таныстыру.

2.      Өнерлі өрге жүзер ( өз – өнерін көрсету)

3. бөлім: «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

5. «Қыздарға әсемдік жарасады»  Сән үлгісі

I кезең «Текті білу тегін емес» Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)


2.«Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі «Көктем аруынан» бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.


  1. бөлім: «Сұрақ - жауап»

Қөрейікші қәнекей

Көрікті ару қыздарды

Қазақтың салт – дәстүрін

Қаншалықты білетінін


Қол күрес:

4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

 «Қыз сыны» әні ырғағымен шығады.

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

Сыныбымыздың әнші ұлымыз Дошумов Нұрасылды ортаға шақырамыз. « Ана Әке әнімен)



Сөз кезегі әділ-қазыларда:

Мадақтама:

1- «орын»

2- «орын »

3-«орын»

4-« Талапты қыз»

Мақтау қағаздары мен жүлделерін таратып беру.

Құттықтау сөз кезегі ата-аналарда:


Жүргізуші:

«Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер!
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтай отырып, құт–береке, мерекелі көңіл –күй тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз!






















Shape2 Shape1

2

1














Shape3 Shape4

3

4



















Shape5

5



























 2 – жүргізуші:
Армысыз әлемнің алтын шырағы,
Күн Ана! Төрлетіңіз!
Атар таңға,батар күнге тәу-тәу!

 Күн Ана.
-О, қасиетті Жер Ана! Алла –тағаланың
әмірін қалт жібермей орындап,адамзат үшін саған бас  иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін,өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.

 1 – жүргізуші:Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,

Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.

 Көктем Ару.
-Армысыздар халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемніңәрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

 

(«Наурыз» әні орындалды.)

 

2 – жүргізуші:- Бүгін ұлыстыңұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ
«Ақ түйеніңқарны жарылған күн». Ендеше,Наурыз мейрамының салтанаты

Наурызды шақырайық.

 1 – жүргізуші:- 
Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып шын жүректен,
Ел болып қарсы алайық!

 
Күн Ана.

- Зарыға күткен жаңа жылым да,
Наурызым келді – ау!
Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман ет.
Жамандықәрі кет,әрі кет.
Алас,Алас! Бар бәледен қалас.
Наурыз батырым келе ғой!

 Наурыз батыр.

Сәлем Анам алтын күн,

Нұр шуаға халқымның.
Ашық болсын аспаным,
Аман болсын жас – кәрің.
Жыл иесі тышқаным,
Құт иесі тышқаным,
Бақыт әкел еліме
Құт – береке молшылық
Дари берсін жеріме.

2 – жүргізуші:- Рахмет;Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

 1 – жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

 

Бәрі:               
Жарқыраған жыл нұрды,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!

(«Наурыз келді әні»)

  II – БӨЛІМ

 Оқушыларды екі топқа бөлу (сайыс ұйымдастыру)
«Наурыз» тобы                                                «Көктем» тобы

 1. Топ атын қорғау.
2. Мәнерлеп оқу сайысы.
3. Өлең шумағын құрастыр.
4. Мақал – мәтелді аяқта.
5. Ребус шешу.
6. Сөз жұмбақ шешу.
 Қорытындылап, марапаттау.
 Мерекелік кеш әсем ән, би,өлең – жырмен жалғасты.
Наурыз көже таратылды.
 
Тогусова Б.Қ.  О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі 
Бастауыш сынып мұғалімі  
Жоғары санатты









Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт - қатық, бұршақ  қосқан.
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..


         
Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді   
Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

        

Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.


Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

 

Армысыздар халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

Жаңаөзен қаласы





МАДАҚТАМА

8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекеге орай

ұйымдастырылған

«Көктем аруы» атты сайыста

«Көктем аруы» атанған

_______________________

марапатталады





Мектеп директоры Х.Т.Дүйсенбаев





2017-2018 оқу жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1073
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі