400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем аруы - 2020

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз Қыз сыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көктем аруы-2020

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар! Сіздерді Халықаралық аналар және қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, бақыт, қуаныш тілей отырып, 2 «В» сыныптың қыздары арасында өткелі отырған «Көктем аруы-2020!» сайысын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:  Құрметті жиналған қауым! 
                      Бүгін біздің шаңырақта дүбірлі той, 
                    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. 
                    Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп, 
                    Қош келдіңіз халайық, сергісін бой. 
 Бірге: Бүгінгі «Көктем аруы-2020» атты арулар сайысына қош келдіңіздер! 

1-Жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі, 
                Тал бойына жарасқан күлкі әлемі. 
                Бір көргендей болмай-ақ шаңырақта,  
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.   
2-Жүргізуші:  Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші, 
                Аруы деп сыныптың жүрейікші. 
                Әділқазыларға тек әділдікті, 
                Ал аруларға сәттілік тілейікші

1-Жүргізуші:  Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші: «Көктем аруы-2020» атты сайысымыздың кезеңдерімен танысып өтейік:

  1. Таныстыру

  2. Қол өнер

  3. Білгенге - маржан (сұрақ – жауап)

  4. Өнерлі өрге жүзер (өнер көрсету)

  5. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісі

  6. Ас адамның арқауы

1-кезең:

Оқушылар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-кезең:

«Қол өнер» деп аталады. Үйден дайындап келген қол өнерлерін таныстырады.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-кезең: Білгенге - маржан (сұрақ – жауап)

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың , 
Қуантқан әрбір үйдің арманысың. 
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда, 
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. 
Бұл кезеңде әр топтан 1 оқушы шығып карточка алып топпен сұрақтарға жауап береді.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4-кезең: Өнерлі өрге жүзер (өнер көрсету)

Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән сыйлашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
Бірінші номерлі тобымызды ортаға шақырамыз./ әрқайсысы кезекпен шығып  отырады/
Әділқазы мүшелерінен   Өнер  көрсету бойынша ұпайларын сұраймыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5-кезең: Сән үлгісі

«Адам көркі - шүберек» деген екен,

Қазір де сән үлгісі керек екен.

Әр арудың өз бейнесі өзгеше,

Сыр шертеді талғамы, бөлек елден,-деп оқушыларымызды ешкімге ұқсамайтын, өз қиялынан туындаған киім үлгісін тамашалайық.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



6- кезең: Ас адамның арқауы


«Ас – адамның арқауы» бәрі білер,

Тағамның алуан түрін білесіңдер.

Бүгінде оқушылар әкепті асты,

Даярлаған өз қолымен, ол бір өнер – деп, оқушылардың үйден, аналарының көмегімен даярлаған тағамымен ортаға шақырайық.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендердің назарына ән сыйлайық



Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жарысқанда,
Әрдайым бір-біріңнен қалыс қалма.
Береді әділ баға
Құлақ салып тыңдап тұр алыстама.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________















Бауыржан Момышұлы атындағы №35 мектеп - гимназиясы









«Көктем аруы-2020»







Сынып жетекшісі:

Сарсенбаева Жазира Убайдуллақызы











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі