Материалдар / “Көктем аруы” байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Көктем аруы” байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
“Көктем аруы”байқауы сыныптан тыс жұмысы көркем жетекшілердің қолдануына болады. Оқушылардың өнер,білім дағдысын дамытуға бағытталған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
599
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Көктем аруы – 2019 » сайысы

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ! Құрметті ! ұстаздар, қонақтар , оқушылар! Бүгінгі « Көктем аруы – 2019 » сайысымызға қош келіпсіздер !

Қазақтың ұлы мейрамы , Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын,

Ұлыс бақты болсын.

Төрт - түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін.

Бәле –жала жерге енсін.

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абырой , ата даңқың.

Қарсы алайық құрметпен аруларды,

Ұстаған қазағымның ата салтын.

Ассалаумағалейкум халқым менің .

Алдымен сәлем беру салтым менің ,

Шығады көркем ару сұлуларың .

Қарсы алып құрметтейік халқым менің.

Арулар әрбір үйдің шаңырағы.

Әрбір үйге от болып жағылады,

Әрбір үйде таң болып атты дағы.

Әрбір үйге сәуле боп жамырады.

Арулар , аяулылар , ардақтылар .

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар ,

Арулар - тіршілікке күре тамыр.

Өмірде бір –біріне жалғап тұрар.

Қыз емес ,қыздың аты-қызыл алтын.

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Адамға деген мейірім ,бала кезден ,ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын , туыстарың , ұстазын сыйлап қадірлей білуде үйретсе , болашақта одан елін ,жерін , халқын сүйетін өз шаңырағын ардақтайтын ,балаларын жанындай жақсы көретін ,қамқор ана , қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

Қыз баланы құрметтеу олардың алдында дөрекі сөйлемей ,ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына ,қарындастарына мінгізу киімін әсем –сәндісін ,әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Бабаларымыз жиын –тойларда қыз баланы сыйлы орынға отырғызған екен.

Ендеше осындай өнегелі ортада ұйымдастырылып отырған, « Көктем аруы – 2019 » атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жан сырлы жанары таң Арулар – ай,

Сенімі асқар , аптабы күн арулар –ай.

Сәуле шашқан өміргше нұр арулар-ай,

Көрік болған көгімде жұлдыздар - ай.

Күй « Кеңес » орындайтын Қайрош Нұртөре

Жүргізуші:

Ал енді осы сайыстың әділ бағасын беретін ,қара қылды қақ жарған қазылар алқасын таныстырып өтейін !

Мен қазақ қыздарына қайран қалам ,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе - елдің көркі деген ,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам !-

деп Исраил ағамыз айтқандай , ортаға құрметпен, қошеметпен ару ұлдар қыздарымызды музыкамен ортаға алып шығады.

  1. Айша білімді меңгерген бар ілімді .

  2. Айшанұр елгезек алады тез тілінді .

  3. Еркеназ тұр үлбіреп тұр жанары желбіреп.

  4. Аягүл өзі сондай салмақты биші қыз.

  5. Ақмаржан біздің елгезек он саусағы майысқан.

  6. Кәусар ағарып таң атқандай .

  7. Күімсіреп ортаға шықты Саниямыз.

Ән « Мен қазақ қыздарына қайран қалам » орындайтын Айшанұр Жақсылықова.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер бүгінгі сайысымызды бағдарламасымен таныстырып өтейін:

  1. « Мен қазақтың қызымын » ( Өздерін таныстыру ).

  2. « Өнерлі өрге жүзер » ( Өз өнерін көрсету ) .

  3. « Сұлулық сыры » ( Сән үлгісі ) .

  4. « Сұрақ - жауап » ( Қазақтың салт- дәстүрі , туыстық атаулар ) .

  5. « Шебердің қолы алтын » ( Белгілі бір уақыт ішінді қазатың ою- өрнегін көрсету )

  6. « Ас адамның арқауы » ( Ұлттық тағам әзірлеу ,оны қорғау ) .

Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін ,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен 7 ару кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Текті болу ұрпаққа біздерге сын,

Құрметтеп ата- баба салт – дәстүрін ,

Тыңдайық кезекпенен аруларды .

« Қыз ақылы шешеден »

Қыз әдебі , қыз өнері ,

Тал бойына жарасқан гүл әдемі.

Инабатты , ибалы қазақ қыздарында ,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

Бүгінгі ( Арулар ымызды ортаға өздерін таныстыруға шақырамыз ).

Ал енді әділ қазылар аруларымыздың әділ бағасын беріңіздер :

Жүргізуші: Ал , кімнің өнері бар қаншалықты .

Би билеп ал біреу, ән салып,

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға .

Арулар аянбай –ақ жан салыпты.-

Аруларымызды өнерлерін тамашалайық . ( Арулар өз өнерлерін көрсетеді.)

Жүргізуші: Ал арулар сайысқа қалайсыңдар!

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Жауапқа қатсаң сұраққа жарайсындар.

Құрметті арулар қазір сіздер өздеріңіз Қоржын ішінен алған асық арқылы сұратаңдайсыңдар.

1 –билет.

  1. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады ? ( Сыйлы қонаққа беріледі ) .

  2. Үш бәйтеректі ата ? ( Сәкен , Ілияс , Бейімбет ).

  3. Дүниеде не қымбат ? ( Алтын ұяң , - Отан қымбат , Құт береке –атаң қымбат , Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат , асқар тау – әкең қымбат )

2 –билет .

  1. Қандай жілік қыз балаға , берілмейді ? ( Кәрі жілік ) .

  2. Дүниеде не жақын ың кім? ( Тату болса ағайын жақын, Бауырмал болса інің жақын, инабатты болса келін жақын ).

  3. Үш жақын кім ? ( Жан, жар, Мал.)

  1. билет.

1Қазақтың ұлттық ойындарын ата ? ( Көкпар , Алтыбақан , Аударыспақ, тоғыз құмалақ , Ақсүйек , күрес.)

  1. Үш жүзді ата? ( Ұлы жүз , Орта жүз, Кіші жүз ) .

3.Жерден ауыр не бар ? ( Жерден ауыр деген – ақыл білім ).

4- билет.

  1. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс кім ? ( Әулет ).

  2. Еттен жасалған ұлттық тағамдарды ата? ( Құйрық – бауыр , Қазы – карта , Жал жая.)

3 Жеті атаны ата? (Ата, Әке , Бала , Немере , шөбере, шөпшек, немене ,)

5-билет.

1.Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату деген сөздегі бөле кім? ( Бірге туған апалы – сіңілі кісілердің балалары.)

2. Үш жұртты ата ? ( Өз жұртты, нағашы жұрты , қайын жұрты.)

3. Дүниеде не жетім ? (Жаңбар жаумаса – жер жетім , басшы болмаса- ел жетім, ұқпасқа айтқан- сөз жетім ).

6-билет.

1. Шешесінің әкесі саған кім ? ( Нағашы ата ) .

2. Сүттен жасалған тағамдарды ата ? ( Қаймақ , Шұбат , Қымыз, Айран , Құрт , ірімшік , сары май ).

7-билет.

1. Қазақша жыл басы қай айда және қай күні ? ( 22- ші наурыз ).

2. Жеті қазынаны ата ? ( Ер жігіт, Сұлу әйел , Ақыл білім , Қыран бүркіт , берен мылтық, жүйрік тазы ).

3.Үш дана ата ? ( Абай , Ыбырай , Шоқан).

8. билет.

1. Дүниеде не тәтті ? Не жұмсақ ? Не қатты ? ( Ананың сүті тәтті , ананың алақаны жұмсақ , әкенің жүрегі қатты ).

2.Жиен ел болмайды , Желке ас болмайды деген сөздегі жиен кім ?

( Күйеуге шыққан қыздан туған бала ).

3.Қыз жайында 3 мақал мәтел атаңыз?

9 билет .

1.Төс кімге тартылмайды ? ( Күйеуге балаға ).

2. Баланың тәрбиесін қадағалайтын мейірімді кім? ( Ана ).

3. Бес қатер не ? ( От, Жау , Борыш , Ауру, Сөз ).

Аруларымызды сұрақ –жауап бөліміндегі бағасын беріңіздер .

Ән ( Наурыз ) орындайтын Назерке

Жүргізуші: « Шебердің қолы ортақ » . Аруларымыз алдарында тұрған қағаздан ою ойып, жапсырады қандай ою екенін айтып өтеді.

Ал енді құрметті арулар іске сәт!

Мектеп қыздары өнері асқан ,

Билейді мың бұралып бала жастан .

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,

Ортаға шығындаршы тартынбастан. Аруларымыз тапсырманы орындағанша тамаша әнге кезек берейік .

Ән « Жан Ана » орындайтын Нүргүл Ерханова .

Күй « Келіншек » орындайтын Ақерке Қалимухан.

Жүргізуші: Қыздарымыз жұмыстарын аяқтап біткенше, әділ қазы лар алқасына көрсетуін сұраймын. Әділқазылар лайықты бағаларын берсін ?

Көрсетті өнер әр салада сайысын,

Қимылдары жүргендей жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты .

Қыздарымыз тез арада майысып,

Ақ жүзіндей ананың ,

Күндер келді жалғасып.

Аруларды байқайық ,

Қандай екен дәмі асы ?

« Ас адамның арқауы » сайысында әрбір ару үйден әзірлеп дайындап тағамның жолын айтады.

Қазылар алқасы жалпы сайыстың қорытындасын шығарағанша бір әнге кезек беріледі.

Ән « Анашым » орындайтын Айтөре Қайрош

Жүргізуші: Кімдер жүйрік , өнерпаз ән, күй , би білейікші ,

Мектептің Аруы деп жүрейік.

Әділқазыларды тек әділдікті ,

Ал аруларға сәттілік тілейікші?

Сайыс қорытындысын қазылар алқасына сөз беріледі.

Жүргізуші: Жүзден жүйрік күшімен.

Мыңнан тұрпар шықты шын,

Арулардың ішінен.

Құттықтайық ал енді,

Ару болған аруларды.

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуаныштан жарылып .

Шоқтай болып жанары.

« Көктем аруы 2019 ж » атты сайысымызды аяқтап , Наурыз құтты болсын , Қош сау болыңыздар кездескенше?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!