15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көктем аруы" сайыс
Бектемін:
Әдіскер: Қалымбетова М
Күні: 7. 03. 2019
Тақырыбы: «Көктем ару»
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Көрнекілігі: слайд, видео, музыка, шарлармен безендірілген сахна
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты сайысымызды ашуға балабақшамыздың меңгерушісі Аманова Майра апайға сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Айша қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2) Жанель қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3) Жансая қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
4) Ақша бетті Әмина
Ұқсайды хор қызына
5) Нұрсая қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
________________________________________
________________________________________
________________________________________
Жүргізуші:
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір ду қол шапалақ соғайық
Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алып, дайындала берсін.
Жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
Таныстыру
Өз – өнері
Тапсырма орындау
Сән үлгісі
Би
Ас мәзірі (Анама көмек)
Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
Жүргізуші:
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Қыздарымыздың өз – өнерлерін тамашалайық.
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
Жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сайысында қыздарымыздың
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте тапсырма орындауға берейік.
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
Жүргізуші:
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Бишілер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды!
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
Жүргізуші:
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
Жүргізуші:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. Әділ қазыларға сөз беріледі.
Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.
«Көктем Аруы»-
«Білімді Ару» -
«Өнерлі Ару» -
«Шырайлы Ару» -
«Сәнғой Ару» -
«Іскерлі Ару» -
Қорытынды сөз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген