400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көктем гүлі" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған ертеңгілікте балалар аналарына, апаларына, қыздарға деген өз құрметтерін өнерлері және көріністер арқылы көрсетеді. Балабақша тәрбиешілеріне көмекші құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көктем гүлі» 8 наурыз мерекесінің сценарии

(ортаңғы топ)

Басталуы

Зал мерекелі безендірілген, көлеңке театр арқылы балалар «Ана» көрінісі көңілді әуен.

Монолог :

«Сәбидің дүниеге кеуі» музыка ойналады.

Дүниеге келер алдында сәби жаратушы иеден сұрайды:

-Етең мені жерге жібереді дейді... Мен сонда қалай өмір сүремін?

-Мен саған періште жіберемін. Ол сенің дүниеге келуіңді күтеді, сені күтіп бағады.

-Мен мұнда да күлемін, ойнаймын. Осында бақыттымын. Маған осыда жетеді.

-Ол періште өзінің бар махаббатың саған сыйлап, сені әлдилеп, саған күлімдеп, ән айтады. Сен онда періштеңмен бақытты боласың.

-Мен жер бетінде көп қауіп-қатер жайлаған деп естідім. Мені одан кім қорғайды?

Сенің періштең сені қорғайды. Тіпті өз өмірімен де.

-Жаратушы ием, айтыңызшы менің періштемнің аты кім?

-Ол маңызды емес. Маңыздысы сен оны «Анашым »деп атайсың .


  1. Акежан

Мереке басталуда, бәрі дайын

Ешкім кешікпеді ме?

2.Әділ

Қыздар ғана кешікті...

3.Алихан Ж

Айтым ғой үлгермейміз!

Енді не істейміз?

4.Айтуған

Қыздар бәріне кінәлі

Айна алдында сәнденіп...

Бірге: Мерекеміз басталды

Қарсы алайық қыздарды!


Қыздар кіреді

Музыка әуенмен залға қыздар кіреді.

Ән «Ақ мамам »


балалар орындарына отырады.


Жүргізуші : - Балалар бүгін қандай мереке?

  • Осындай мерекеде анамызға сыйлық сыйлауымыз керек пе?

  • Ал ол сыйлық қандай болу керек?

Дұрыс айтасыңдар балалар! Мен сыйлықты әдемі, үлкен қорапқа салып қойған едім.

  • Балалар сендер көрген жоқсындарма?

  • Ол қайда кетуі мүмкін? Іздеп көрейін (жүргізуші сыйлықты іздеп таба алмай, залдан шығып кетеді).

(сол уақытта ширмадан қорапты сүйреп Жалқаубек шығады, қолын уқалап қорапты сипап,иіскейді)

Жалқаубек: ой бұның ішінде не бар ? оны қалай ашсам екен? жолым болғанын қарашы...иә ,бірақ қалай көрсем екен?

Жүргізуші: шығып, міне екен ғой менің қорабым,мен оны іздеп жүрсем!

Жалқабек: кім бұл жерде? балаларды көріп бұл не тағы ? бұл жерде не болып жатыр?

Жүргізуші: не болғаны қалай? Бүгін бізде ең керемет аналарымыздың мерекесі.

Жалқабек: қандай тағы мереке ? мен мерекені жек көремін, қалай ғана сендер тойлайсындар? балаларды шаршатасыңдар, олар ойнағысы келеді.

Жүргізуші :тұра тұрыныз, тұра тұрыныз! сіз сонда кім боласыз?

Жалқабек: сендер не мені білмейсіндерме? Мәссаған мен Жалқаубекпін мен сендер жайлы бәрін білемін, бәрі қолымнан келеді. Бірақ мерекелеуді ұнатпаймын және сендерге тойлатпаймын!

Жүргізуші:сонда қалай болғаны?бізде бүгін жайғана мереке емес, аналар күні ғой. Қарашы балалар қалай әдемі киінген.Біз аналарымызға сыйлық дайындадық, ал сен рұқсатсыз алып кеттің.

Жалқаубек: мен сендерден ештеңе алған жоқпын.

Жүргізуші: онда сенде біздің қорап қайдан жүр.

Жалқаубек: ( сыйлықты тығып ) қандай қорап? А мынау ма? Мен оны тауып алдым, біреу жоғалтып алған шығар сірә, -деп ойладым . Бұл сендердің қораптарың ба? деп бәрінен сұрадым.бәрі маған :жоқ жоқ –деді сосын өзіме қалдырдым.

Жүргізуші: бұл жай қорап емес , аналармен әжелерге мерекелік тосын сый! Саған оны қайтару қажет.

Жалқаубек: аналар мен әжелерге тосын сый дейсіңдерме? ал оны мен сендерге қайтарсам, мен өзімнің анама не сыйлаймын?

Жалқаубек: Балалар , тағы не сыйлауға болады?

Балалар: Кампит, орамал,сақина, гүл сыйлауға болады?

Жүргізуші: Сен бізге сыйлықты берсең көңіліңді көтеріп ойын ойнайық????

. Жалқаубек: ойын ойнаған кезде есіме не сыйлайтынымды есіме түсірермін

Ойын: «Анама көмектесемін»

(Ұлдар биге шығады)

Жалқаубек: Анама не сыйлайтынымды таптым, таптым! .


Жалқаубек анасына сыйлық жасауға шығып кетеді, балалар қорапты ашады.

Дария: осы көктемнің құлпыру себебі неде?

Әділет: Өйткені аналар, әжелер , қыздар мерекесі ғой

Дария: Әділет анама сыйлық сыйлайын деп едім ,ең әдемі сыйлық ана үшін ол не?

Әділет:: Білдім, білдім ол өлең жырлары ғой!


Аделья

Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет!



2.Мариям

Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Құрметтейміз ананы,
Құттықтаймыз бүгін біз.



3.Райда

Қандай бала болмайық

Анамызға дәріміз

Көтерсеңші көңілін

Ән салайық, би билейік бәріміз!


Алихан Ж

Еркін елдің түлегіміз

Жалындап тұр жүрегіміз

Қыздарға арнап бүгін

Би билейді ұлдарыңыз

Би: «Шляпамен»


Даулет: Егерде сен сыйқыршы болсаң, анаңа не сыйлар едің?


Әр балаға микрофонмен барып жауап алу.

Сафи -Егер мен сыйқыршы болсам, анама денсаулық сыйлар едім.

Әділ -Егер мен сыйқыршы болсам, күлкі сыйлар едім.

Данияр -Егер мен сыйқыршы болсам, машина сыйлар едім.
Мариям -Егер мен сыйқыршы болсам, сырға сыйлар едім.

Анель -Егер мен сыйқыршы болсам, орамал сыйлар едім т\б

Зере -Егер мен сыйқыршы болсам, үлкен гул сыйлар едім.

Ән: «Көктем»

Мадияр

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.


Айтуған (ағылшын тілінде)


Ән: « Ағылшын тілінде»

(Айзере, Айтуған, Райда,Әділ, Софи,Алихан,Замира)


Ойын: «Ағылшын тілінде»

(Қыздар биге шығады)


1.Санжар: Айзере, біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын , ең асыл жан ол- кім деп ойлайсың?

2: Айзере:

Ол ана ! Ана деген әлемнің нұры, ана деген көктемнің шуағы, ана деген өмірдің гүлі, мен анамды жақсы көремін!

Олай болса экран толы тілектерге назар аударайық! (Экранда балалардың тілектері туралы видео көрсетіледі)


Би: « Гүлдер мак»


Ойын: «Ата-аналармен шармен»


Айша: Біздің мерекеге тек аналар ғана емес, әжелерде келіпті.

Әжелер немересін сүйеді.

Ойыншық алып береді,

Бақшаға алып келеді.

Біздің асыл әжелер.


Әжелердің диалогы (ұлдар шығады)

О. Нурали

Ойбай белім –ай

Қайда кетті келін ай?

Әліби

Немерелерім менің деловой

Күндіз тыным таппайды

Ойын ойнаймын деп соткадан

Кешкі үйқыға жаттпайды!

Джангирхан

Ой сұмдық ай!

Ұят екен масқарай

Немерем менің теңгеге

Үйір болып алыпты

Мың теңгенің сағызын

Аямай беріп салыпты!

Алихан

Немерем менің ән салған

Рэп деп айтады

Рэп дегенде басын осылай шайқайды!


Би: «Рэп»

Нурали

Келін келіп қалыпты ғой

Үйге қайтайық

Немере шіркін тәтті ғой

Бірге: барына шүкір айтайық!

Ән: «Әже» (қыздар дефилеге шығу керек)


Сафи:

Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем

Менің әжем, бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болсын көреді

Қызығымды әлі әжем

Айнель:

Менің әжем, нар әжем

Көп жасаған кәрі әжем

Ауырғанда мен үшін

Әр сүйгені дәрі әжем

Шуағы мол, нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман- есен жүр, әжем

Аьтаир

Жем, жем ақ әжем!

Асыл да, дана әжем!

Лу-лу-лу

Менің анам сұлу

Замира: Нұрали осы сендер қыздарды шыныменде гүлге теңейсіңдер ме?

Нұрали: Иә, Замира сендер осы көктемнің күнісіңдер, гүлісіңдер, айдай сұлусыңдар.

Замира: Нұрали бізді қатты мақтап жібердің ғой.

Нұрали::

Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі