15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көктем келді, құс келді!
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші: Бейсенова Р.М
Топ: «Балдәурен» ортаңғы
Білім беру саласы: таным
ҰОҚ: Жаратылыстану
Бөлімі: Қазақстанның салттары мен дәстүрлері
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы : Көктем келді, құс келді!
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Көктем келгенде құстардың өмірінде жəне мінез-құлығында болатын өзгерістерді көрсету.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:
Білімділік: Құстарды ажыратып, атай білуді үйрету.
Дамутышылық: Құрдастарымен жəне ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-əрекет дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық көрсетуге құштарлығын тəрбиелеу; танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сөздік жұмыс: жыл құстары, қараторғайдың ұясы, ұя.
Билингвалды компонент: қараторғай – скворец
Сабаққа дайындық жұмыстары: тақырып бойынша əңгіме өткізу , көркем шығармаларды оқу, ересектердің еңбегін бақылау, жұмбақтар шешу, тəжірибе, зерттеу жұмыстары, дидактикалық ойын (үстел үсті)
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, түрлі түсті қарындаштар, су, интерактивті құрал.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Есеп + |
Есеп - |
Ой қозғайтың себептер |
Педагог балалардың жұмыс істеуіне эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады. Білімдерін белсендіру.
Көктем белгілері суреттелген жұмбақты оқиды. Қар, мұз, еріп, Су көбейіп, Сай-салада ағады, Бүршік шашып, Жапырақ ашып, Жер гүл-шашақ тағады. Қой маңырап, Төл жамырап, Жайлау малға толады, Бөбектерім айтындаршы, Бұл қай кезде болады? Балалардың назарын көктемде жыл құстарының ұшып келетініне аударады. – – Оларды неліктен жыл құстары деп атайды? Есімізге түсірейікші. |
– Балалар, сендермен кезекті ұйымдастырылған оқу қызметімізде табиғатты танып - білуге арналған саяхатымызды жалғастырып, адам, табиғат, өзіміз туралы өте қызықты мəліметтер аламыз. Кəнеки, бір-бірімізбен амандасайық! Армысың, Əлем! Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.) Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.) Армысың, менің досым! Жұмбақ шешеді. (Көктем)
Балалар күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайтадан ұшып келетін құстарды жыл құстары деп айтатынын болжамдап айтады. Құстардың денелері қауырсынмен жабылғанын, олардың зиянкес жəндіктермен қоректенетінін айтады. |
|
|
Ізденіс – ұжымдық-негізі бөлім |
Педагогтің əңгімесі: Жылы жақтан ұшып келген құстар ұя тұрғызады, жұмыртқа басады, балапан басып шығарады. Олар балапандарын қоректендіріп, олар аяқтанғанша асырап-бағады. Олар неілктен жылы жақтан ұшып келді? Балалардың назарын суреттерге аударады. Суретші қандай құстарды бейнеледі? Олар неге біздің өлкеде қыстап қалмады? Көктемде құстар немен айналысады? Құстар–біздің қанатты достарымыз. Олар – орманды зиянкес құрттардан қорғайтын дəрігерлер. Өйткені ағаш қуысында тіршілік ететін құрттармен қоректенеді. Қалай ойлайсыңдар, құстарды досымыз деп айтуға бола ма?
Жыл құстарын сипаттауға тапсырма береді. Көмек ретінде үлгі-сызба тақтаға іліп қояды.
Педагог əңгіме құрастыру барысында балаларға тірек-сөздер, сөз тіркестерін айтып, көмек беріп тұрады.
Сұрақтар: Құстар ұяларын неден салады? Қайда салады? Мимикалық гимнастика: «Балапандар» Жылы жақтан ұшып келген құстардың ұшып келу ретін анықтатады: алдымен ұзақ, сонан соң қараторғайлар, одан кейін қарлығаштар, қарлығаштардан кейін тырналар ұшып келеді. –Балалар, қарғаның су ішкісі келіп тұр. Су тек ыдыстың түбінде ғана екен. Қарғаға суды тойып ішуге көмектесейік. Не істеуге болады? Қарғаға қалай көмектессек екен? Шыны құтыға су құйып қояды. Сергіту сəті. «Құстардың мекені туралы мәлімет беру . – Балалар, құстар жылы жақтан ұшып келгенде қандай жерлерге келіп ұя салады 1. Ең қап-қара құс. Егістікті зиянкес құрттардан тазартады. (Ұзақ – егістік) 2. Мамыр айында ұшып келеді. Ұясын адамға жақын үй, қора ішіне салады. Ол ұясын шөп-шалам жəне балшықтан салады. (Қарлығаш – шатыр астына салынған ұя) 3. Ағаш басында – ағаш үй. Оның иесі – əнші құс. Ол үрмейді, бірақ бақты зиянкестерден қорғайды. (Қараторғай – қараторғайдың ұясы) 4. Сирағы ұзын, су ішінде бір аяғын көтеріп тұрады. Оның қорегі – бақа. (Тырна – батпақты көл жағасы) 5. Аспанда бір орнында қалықтап тұратын құс. Торғайдың бір түрі. Шырылдап сайрайды. (Бозторғай – дала)
|
Педагогтің əңгімесін мұқият тыңдайды. Жұмбақ-мəтінді шешеді:
Басы, қанаты, екі аяғы, тұмсық пен қауырсындары бар. Олардың бəрі жұмыртқадан шығады. Шешуі: құстар.
Көктемде өздерінің өлкелерінде күн жылынғанын айтады. Қар еріп, құстарға жем табу оңай екенін де болжамдап айтады. қауырсынмен жабылған. Ұя соғады, жұмыртқа салады, балапан басады. Оларға қамқорлық жасау қажет. Əңгіме құрастырады. Бір-бірінің құрастырған əңгімелерін толықтырады.
Ұзақ. Қарғаға ұқсас, үлкен қара құс. Оның қанаты қара, тұмсығы үлкен, кішкентай қара көздері бар.
Қараторғай. Ақ дақтары бар қара, орташа денелі құс. Құйрығы қысқа, тұмсығы үшкір. Олар адамдар жасап қойған ұяларға қоныстанады.
Бозторғай. Торғайдан сəл үлкен құс. Топырақ түстес қоңыр. Жерге қонса, оны ешкім бірден байқай қоймайды. Көктемде ұя салады, ұясына жұмыртқа салады, балапан басады.
Құрақ шөп, бұтақ, сабан, мақта, жүн қиқымдарынан, қайың қабығы жəне тағы да басқа заттардан салады. Ағашқа, жерге, шатыр астына, ағаш қуысына салады. Жұмыртқаны жарып шыққан балапан айналасына таңғалып қарады (балалар ауыздарын ашып, жан-жақтарына таңырқап қарайды). Екінші балапан айналасының жап-жарық, жып-жылы екенін аңғарды, айналасына қарап күлімсіреді (бір-бірлеріне қарап күлімсірейді). Үшінші балапан жұмыртқаны жарып шыға алмай, ашулана бастады (жұмыртқа ішінен шықпақ болып бұлқынады). Төртінші балапан жарықтан көзін аша алмай қалды (көздерін сығырайтып қарайды). Ал бесінші балапан жұмыртқаны жарып шығып, шиқылдай бастады (шиқ шиқ). Тақтаға немесе мольбертке құстардың суреттерін ретімен іледі не жапсырады.
Педагогті тыңдап, қарғаға көмектесуге дайын екендерін, ол үшін не істеу керектігін де айтады.
Балалар ыдыс ішіне тастарды біртіндеп салады. – Не болды? – Су жоғары көтерілді. Қарға енді су іше алады.
Кəне, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Қарлығаш боп ұшайық, Торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ боп шоқиық.
Балалар педагогтің оқыған мəтінін мұқият тыңдайды да, əр құстың орнын табады). |
|
|
Рефлексиялық түзету |
Педагог қорытынды жасайды. Рефлексия: рефлексияның бір түрін қолданады: дене күші (үлгердім – үлгермедім); сенсорлы (көңіл күйі: қолайлы, қолайлы сезінбедім); интелектілі Нені түсіндім? Нені түсінбедім? Қандай қиындықтар болды? |
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. Көңілді көңіл күймен алған əсерлерін əңгімелейді. |
|
|
Күтілетін нəтиже:
Қайталай алады құстардың сырт бейнелерін, ерекшеліктерін, ұша алатындықтарын;
Түсінеді : тіршілік ортасын, адам өміріндегі құстардың рөлін, маңызын;
Қолданады : құстарға қамқор болу керектігін түсініп, өмірлік тəжірибеде оларға қамқорлық жасайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген