400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көктем келді,құс келді.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгілін сиппаттау.Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:17 .04.2019ж

Білім беру саласы: Коммуникация.Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Көктем келді,құс келді.»

Мақсаты: Көктем мезгілін сиппаттау.Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту. Балалардың табиғатқа деген түсінігін кеңейту.Өз ойларын жеткізе білу.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.Балалардың құстар туралы,олардың тіршілігі,қоректенуі туралы білімдерін толықтыру.

Көрнектілігі:Суреттер,жыл мезгілдерінің суреттері,үнтаспа,құстардың суреттері,желім,қағаз.

Сөздік жұмыс:ұя,қарлығаш,бәйшешек,қызғалдақ.

Әдіс-тәсіл:Суреттер көрсету арқылы түсіндіру.Сұрақ-жауап.Мадақтау.

Билингвальды компонент:көктем-весна,құстар-птицы,жыл мезгілдері-времена года.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қорғаушы

-Балалар,сәлеметсіңдерме!

Бізге бүгін қонақтар келіп отыр.

Қанекей қонақтармен амандасып алайықшы.

-Балалар менің қолымдағы не?

-Ендеше жүрегімізден шыққан жылы лебізімізді айтайықшы!

Шаттық шеңбер:

-Аспанымыз ашық болсын!

-Күніміз жарқын болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Ата-анамыз аман болсын!

-Ауырмайық денсаулық болсын!

-Нанымыз көп болсын!

-Апайларымыз аман болсын!

-Балабақшамыз гүлдене берсін!

-Досымыз көп болсын!

-Рахмет балалар!Осы жылы лебізімізді қонақтарға сыйлайықшы.

Балалар жыл мезгілдерін атап өтейікші,неше мезгіл бар?

Жыл мезгілдеріне тоқталып өтейік.

Өткен сабағымызда біз не өттік балалар?Табиғаттың көктемдегі оянуы»тақырыбында біз не өттік?

Көктем-ерекше жыл мезгілі.Бұл кезде табиғат ұйқысынан оянады.Қыс бойы ұйықтап жатқанағаштар бүршік атып,жапырақ жарады.Өсімдіктердің бәрі шығады.Қысқы ұйықтап жатқан аңдар,жануарлардың бәрі ұйқыларынан оянады.Далада айналамыз көккінбек болады.








Балалар қонақтармен амандасады.

Тәрбиешімен бірге қайталайды.








Сұраққа жауап береді.Қыс.Көктем.Күз.Жаз.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын:


-Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.Ол не?Күн.


-Тырс-тырс тамады

Сайға қарай ағады.Бұл не?Су.


-Қыста киімін тастайды

Көктемде киіне бастайды.Ол не?Ағаш.


Аспандағы көлеңке

Жерге сусын себеді.Ол не?Бұлт

Жарайсыңдар балалар!Осы аталған құбылыстың баролығы қай мезгілде болады екен?Әрине Көктем мезгілінде.Ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз Көктем келді,құс келді» деген сабағымызды бастаймыз.Біздің Бауыржан тақпағын айтсын:

Көктем қандай көңілді

Күміс жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып

Күн пердесі сөгілді

Жарайсың Бауыржан!

-Көктем келді тамаша

Ақ бұлттармен жараса

Күннің көзі жарқырап,

Көз тоймайды қараса.-деп жырлағандай ,көктем келді.

Көктемде күн жылынып,адамдар жылы киіне бастады.

-Қар еріп, жылғалардан су ағып күн жылына бастады.Күніміз нұрын шашып,бізге қарап күліп тұрғандай.

Туған жерімізге құстар ұшып келді.Ағашатар бүршік жарып,гүлдене бастады.Жер бетіне жауқазын,қызғалдақ,бәйшешек гүлдері шыға бастады.Жеміс ағаштары гүлдейді.Көктемдегі күн жерді қыздырып ,табиғаттағы барлық тіршілік иелері оянып,жер анадан күш алып,жапырақтарын жайып,күлтешелерін жайып күнге қарай қол созады.Себелеп жаңбыр жауады.Ауамызды тазартады.Гулдер жерді көріктендіреді,адамға жақсы көңіл күй сыйлайды.Олардан дәрі жасайды.Көктемде ағаштар отырғызамыз.Ауламызға егіндер егеміз.Ал құстар ұшып келіп,олар адамға дос екен балалар.Олар ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды екен.Құстар дала құстары және үй құстары болып екіге бөлінеді екен.Құстарға қамқорлық жасауымыз керек.Мына құс қандай құс балалар?

Түсі:бауыры ақ,қалған жері қара.Көлемі:кіші,қанаты сүйір,құйрығы айыр болады екен.Ұясы:саз балшықтан қалап,сілекейімен сулап салады екен.Жейтін қорегі:маса,шыбын,шіркейлер.Жыл құсы.Ерекшелігі:адамдарға өте жақын,үйдің ішіне ұясын салады екен.Құстардың түрлері өте көп.Жабайы,дала құстары өз алдына табиғатта тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп.Құстар тек аспанда ұшып жүреді.Олардың етін,жүнін,жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.

Енді Біздің Мағжан құстар туралы тақпағыңды айта ғой:

Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.Жарайсың!

Каусар:

Көктем- келді көңілді

Көкке бояп өңірді

Бау-бақшада орманда

Құстар әні төгілді.Жарайсың!

Енді балалар мына суретке назар аударайық:

Құстар не істеп жатыр?

-Нешеу?

-Ал,мында нешеу санаймыз?

Ал,енді балалар алдымыздағы ақ қағазға мына құстардың суреттерін желімдегіш арқылы жабыстырамыз.

Бәріміз жасап отырған ісімізді мұхиятпен ұқыппен әдемілеп жасаймыз.

Сергіту сәті:

Күн болып жанайық

Су болып ағайық

Терең-терең демалып

Жүгіріп-жүгіріп алайық.

Енді балалар «Жақсы мен жаман»ойынын ойнайық.

Мақсаты:Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды,жаман қасиет болса тыныш отырады.

1.Ағаш отырғызу.

2.Құстарға жем шашау.

3.Өсіп тұрған ағашты сындыру.

4.Ағаштарға су құю.

5.Құстардың ұясын бұзу.

6.Гүлдер өсіру.

7.Құстарға ұя салу.

8.Гүлдерді жұлу.

Жарайсыңдар балалар!




Құстар біздің досымыз

Қуанамыз,қолдаймыз

Ұя жасап ұқыптап

Біз оларды қорғаймыз.





Балалар тәрбиешіні мұхият тыңдайды.

Жұмбақтың жауабын айтады.










































-Қарлығаш.











Балалар сұраққа жауап беріп сабаққа қатысып отырады.






















Ұшып бара жатыр.

-Бесеу.

-Үшеу.

Балалар тапсырманы орындайды.






















Балалар қолдарын шапалақтайдышапалақтамайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Бүгінгі сабақты қорытындылаймыз:

-Құстар-біздің досымыз.

-Құстарға қамқор болуымыз керек.

-Ұяларын бұзбаймыз.

-Сұрақ-жауап арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.Тәрбиеші балалардың сабаққа барлығының жақсы қатысып отырғандарын айтып мадақтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар мадақтағанға қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Көктем жайлы табиғат құбылыстары туралы түгінігі қалыптасты.Құстар жайлы тіршілігі жайлы біледі ;

Түсінеді:Жылдың басқа мезгілдерімен салыстырғанда көктем мезгілінің ерекшеліктерін ажырата біледі;

Орындайды:Желімдегішпен қағаз жабыстыруды орындай алады;

Тәрбиеші: Елемесова А.Қаршыға қызы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
2301
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі