|
Біз
әдепті баламыз,
Біз
ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме- деп,
Сәлемдесіп аламыз.
-Ал мына
бір әдемі дыбыстарды тыңдап көрейікші.
Ненің
дыбыстарын естідіңдер?
-Ал онда
көктем де келген екен. Кәне, бір ойын ойнап жіберейікші.
Бастаушы: Күн, Күн, сен неге күлімдейсің?
Балалар:
Көктем келді.(күлімдейді)
-Жаңбыр,
жаңбыр, сен неге сыртылдайсың?
(Жауынның жауған даусын салып партаны сытырлатады)
-Көктем
келді.
-Құстар,құстар,сендер неге сайрайсыңдар?
-Көктем
келді.(шиқ-шиқ)
Ендеше:
бір-біріне: «Досым,бізде күлімдейікші»,-деңдерші.Кәнекей, көктем
келді.
-Сендерге ойын ұнады ма?
-Көктем
мезгілі неше айдан тұрады?
-Өзен,
көлдердегі мұз еритін уақыт-наурыз.
-Құстар
ұя салып, балапан басатын уақыт-сәуір
-Ең
тамаша ай-мамыр. Өте жылы кез.
Ал енді
суретке қарап, ойларымызды айтайық.
-Адамдар
не егіп жүр?
-Көктемде жануарларда қандай өзгеріс болады?
(
төлдейді).Кәне үй жануарларын төлдерімен бірге кім айта алады?
-Жер
бетіне нелер өседі? Талда не пайда болады? Құстар немен айналысып
жүр?
-Адамдар
қалай киінеді?
-Көктемде қандай мерекелер бар?
-Көктем
туралы, төрт түлік туралы тақпақ білесіңдер ме? Кәнекей айта
қойыңдар.
-Ал енді
бүгін мен сендерге жаңа тақпақ үйретемін.
Бірге
жаттайық:
Күн
шуақты кез келді,
Көп
көрініс көзде енді.
Жерге
сіңіп қалың қар,
Жер
көйлегі өзгерді.
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Қар
еріп, қайда сіңеді?
-Жер
қандай түске өзгереді?
-Жерде
не өседі?
Жер
көйлегі деген не? Жердің көйлегі деп нені айтып тұр?
Ребусты
шеш.
Кө-йлек,
к-үн, те-рек.
Көктем
шықты.
Тыныштық
сәті:
Баяу
әуенмен балалар көздерін жұмып,терең тыныс алады.Жасыл желек гүлге
қонған көбелектер,сайраған құстарды көз алдына елестетеді.
Дидактикалық ойын: «Гүлдер».
Ойын
шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Түстерін ажыраттыру. Білсе
аттарын айтқызу. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда
гүлдердің біреуі жоқ болады.
Қай
гүлдің жоқ екендігін табу.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме
құрастыру.
-Енді
мен сендерге жұмбақ айтайын
Жұмбақтың шешуін тап.
Күн
ұзарып, қар еріп,
Су
сайларға толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай
кезде болады? (Көктемде)
Қорытынды:
-Көктем
мезгілі несімен ерекшеленеді?
-Ауа
райын бақыла.
-Ағаштар
қалай өзгереді?
-Көктем
мезгіліне арналған өлең айтыңдар.
-Бүгінгі
сабақта қай мезгіл туралы әңгімелестік?
- Көктем туралы қандай тақпақ
жаттадық?
|