15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көктем келе бер" (ашық сабақ)
Сыныбы: мектепалды даярлық
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Пәні: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Келе бер, көктем
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға, достарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсіл: көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Көктем мезгілінің суреттері.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Ұйымдастыру кезеңі Өткен сабақты қайталау Жаңа тақырыппен таныстыру. |
Балалардың назарын тәрбиешіге аудару. |
Іздену ұйымдастырушы
|
Біз әдепті баламыз, Біз ерекше баламыз. Қонақтарды көргенде Сәлеметсіздер ме- деп, Сәлемдесіп аламыз.
-Ал мына бір әдемі дыбыстарды тыңдап көрейікші. Ненің дыбыстарын естідіңдер? -Ал онда көктем де келген екен. Кәне, бір ойын ойнап жіберейікші. Бастаушы: Күн, Күн, сен неге күлімдейсің? Балалар: Көктем келді.(күлімдейді) -Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? (Жауынның жауған даусын салып партаны сытырлатады) -Көктем келді. -Құстар,құстар,сендер неге сайрайсыңдар? -Көктем келді.(шиқ-шиқ) Ендеше: бір-біріне: «Досым,бізде күлімдейікші»,-деңдерші.Кәнекей, көктем келді. -Сендерге ойын ұнады ма? -Көктем мезгілі неше айдан тұрады? -Өзен, көлдердегі мұз еритін уақыт-наурыз. -Құстар ұя салып, балапан басатын уақыт-сәуір -Ең тамаша ай-мамыр. Өте жылы кез. Ал енді суретке қарап, ойларымызды айтайық. -Адамдар не егіп жүр? -Көктемде жануарларда қандай өзгеріс болады? ( төлдейді).Кәне үй жануарларын төлдерімен бірге кім айта алады? -Жер бетіне нелер өседі? Талда не пайда болады? Құстар немен айналысып жүр? -Адамдар қалай киінеді? -Көктемде қандай мерекелер бар? -Көктем туралы, төрт түлік туралы тақпақ білесіңдер ме? Кәнекей айта қойыңдар. -Ал енді бүгін мен сендерге жаңа тақпақ үйретемін. Бірге жаттайық: Күн шуақты кез келді, Көп көрініс көзде енді. Жерге сіңіп қалың қар, Жер көйлегі өзгерді. -Көктемде қандай өзгерістер болады? -Қар еріп, қайда сіңеді? -Жер қандай түске өзгереді? -Жерде не өседі? Жер көйлегі деген не? Жердің көйлегі деп нені айтып тұр?
Ребусты шеш. Кө-йлек, к-үн, те-рек. Көктем шықты.
Тыныштық сәті: Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып,терең тыныс алады.Жасыл желек гүлге қонған көбелектер,сайраған құстарды көз алдына елестетеді.
Дидактикалық ойын: «Гүлдер». Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Түстерін ажыраттыру. Білсе аттарын айтқызу. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ болады. Қай гүлдің жоқ екендігін табу.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру.
-Енді мен сендерге жұмбақ айтайын
Жұмбақтың шешуін тап. Күн ұзарып, қар еріп, Су сайларға толады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Көктемде)
Қорытынды: -Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді? -Ауа райын бақыла. -Ағаштар қалай өзгереді? -Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар. -Бүгінгі сабақта қай мезгіл туралы әңгімелестік? - Көктем туралы қандай тақпақ жаттадық? |
Сабаққа зейінін қойып тыңдау
Ненің дыбысы?
Сұрақ-жауап.
Дәптермен жұмыс.
Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңді жаттау.
Сұрақ- жауап
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалардың тыныштық сәті.
Дидактикалық ойын шартын түсіндіру.
Сергіту сәті:
Көктемгі суретті балалар әңгімелеп беру.
Жұмбақтың шешуін табу.
Көктем мезгіліне арналған Өлең жаттап келу.
|
Рефлексті коррекциялау |
Қорытындылау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау. Гүл беру |
Қорытынды. |
Білуі керек: Көктем мезгілін
Болуы керек: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Баланың қолынан келуі: Тапсырманы орындауы, есте сақтауы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген